Материалдар / СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТҮЙСІНУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТҮЙСІНУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
260
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТҮЙСІНУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ

МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


 

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отанның» XV Съезіндегі «саяси көшбасшылықтың түбегейлі мәселесі – біздің сыбайлас жемқорлықпен ымыраға келмейтін стратегиямыз» деген тұжырымы қоғамның қазіргі үмітіне толық сай келіп отыр. 

Сыбайлас жемқорлық (латын  тілінен corrumpere - «бұзықтылыққа жетелеу») түсінігі - әдетте лауазымды тұлғаның өзінің өкілеттік құзыретін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын заңнама мен моральды белгілерге қарама-қайшы келетін өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин. Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінін шығады. Бағалы сыйлық адамды басқалардың арасынан ерекшелендіріп тұрды және оның өтінішінің орындалуына көмек болды. Сондықтан алғышқы қауымдық құрылыс кезеңінде тайпа көсемдеріне төлем төлеу қалыпты жағдай болды. Кейіннен мемлекеттік аппараттың күрделіленуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі барысында басшылардың ойы бойынша тек белгіленген қызметақыға шүкіршілік етуге міндетті мемлекеттік шенеуіктер пайда болды. Олар өз кірістерін жалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін пайдалануға тырысты.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес республикамыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрды. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде. «Нұр Отан» 2008 жылы қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі партиялық бағдарламаны белсенді жүзеге асыруда. Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық инфрақұрылымын құрудың, тұлғаларды лауазымына қарамастан жауапқа тартудың, жемқорлыққа қатысты түйткілді мәселелерді ашық талқылаудың негізгі міндеттері өз шешімін тапты. 

Жемқорлыққа қарсы іс–қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес аясында оның өңірлердегі филиалдарының арқасында барлық деңгейдегі депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың қатысуымен жемқорлық дерті дендеген салалардың қоғамдық бақылаумен қамтылу өрісі айтарлықтай кеңейе түсті. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру баршамыздың міндетіміз. Ал сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайды қарау өткір қоғамдық мәселе болып табылады. Жемқорлық – қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көреді. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас, қоғамда тамыр жайған сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай әлсіретеді. Сонымен бірге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс. Сондықтан бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар. 

Осынау құндылықтар өмірлерінде нақты бағдар болатын қазақстандықтар ұрпағын тәрбиелеу қажет. Сондықтан да нақ осы тәрбие мен білім үдерісі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруының негізі болып табылады. Бұл жердегі негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу үлгісі «Заң», «Әділдік», «Теңқұқықтық» сияқты іргелі түсініктердің төңірегінде қалыптасуы тиіс. Жемқорлыққа қарсы тұрарлық тәлім білім берудің барлық деңгейінде қалыптастырылуы қажет. Осы үлгіні қалыптастыру үшін педагогика, психология, юриспруденция, саясаттану, экономика, мәдениеттану, сондай-ақ, әлеуметтану саласындағы үздік мамандарды тарту қажет. Тек таза және адал еңбек қана өскелең ұрпақ үшін табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшеміне айналуы тиіс.

Өскелең ұрпақ тәрбиесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда түбегейлі маңызды рөл атқарады. Тек ерте жастан бастап мінез-құлықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптау осы әлеуметтік кесапатты жоюға мүмкіндік береді. Сондықтан жастар ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті насихаттауда ерекше орын алатын болады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

 Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауларын басшылыққа ала отырып жасалған бұл құжат еліміз­дің тұрақты дамуына қызмет етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып баршамыз бірле­се күрескенде ғана оған қарсы тұра аламыз және бұл үшін жүйелі жұмыс жасау талап етіледі. Өйткені, сыбайлас жемқорлықты жою – біздің халқымыз бен мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы. адамдар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін, алдымен соған қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет. Алдымен жемқорлықтың орасан зор салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, ағарту шараларын қолға алу азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, олардың өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектеседі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!