Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Судың қайталасбас зат және тіршілік үшін маңызды екенін оқушыларға ұғындыру.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Созақ ауданы білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Судың қайталасбас зат және тіршілік үшін маңызды екенін оқушыларға ұғындыру
Аяжанова Нұргүл Нұрмаханбетқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Пікір
Зерттеу жұмысы өмір нәрі – су туралы, суға жалпы сипаттама, оның қасиеттері, минералды, шипалы сулар және суды қорғауға арналған.
Автордың алдына қойған зерттеу мақсаты – судың сипаттамасымен басталып, оның маңыздылығы, сусыз тіршіліктің жоқ екендігі бойынша орындаушы судың біздің өмірімізге тигізетін әсерін атап көрсеткен.
Жүргізілген зерттеудің маңыздылығы – зерттеу нәтижелері мектеп оқушыларына сусыз өмір жоқ екендігін түсініп, су. Суға сипаттама тақырыбы бойынша көмекші құрал бола алатындығында.
Зерттеу жұмысы мектеп курсында жаратылыстану, дүниетану пәндерінде оқушыларға арналған. Зерттеуде судың маңызын оқыту процесінде судың жан – жақты процесі ашылған.
Жұмыс мақсаты орындалып, оқу материалдарының тиімділігі дәлелденген.
Бастауыш сынып мұғалімі Н.Аяжанованың су туралы тақырыбындағы жұмысы талапқа сай рәсімделген, орындалған. Сондықтан авторға «Судың қайталасбас зат және тіршілік үшін маңызды екенін оқушыларға ұғындыру» тақырыбындағы жұмысына жоғары баға беруге болады деп есептеймін.
Бастауыш ПӘБ жетекшісі: Ш.Бекқұлиева
Жоспар
І. Кіріспе
1.1. Су – тіршілік көзі
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Суға сипаттама
2.2. Судың қасиеттері
2.3. Минералды және шипалы сулар
2.4. Суды қорғау
ІІІ. Қорытынды
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация.
Зерттеудің мақсаты:
Өмір өзегі – суға жалпы сипаттама бере отырып, судың қасиеттері, маңызы, өмірде қолданылуы, суды қорғау мәселелеріне тоқталу.
Зерттеудің міндеттері:
-
Суға жалпы сипаттама
-
Судың қасиеттері, қолданылуы
-
Судың ластануы
-
Минералды және шипалы сулар
-
Суды қорғау шаралары
Зерттеудің нәтижелері:
Судың ластану көздері және алдын алуға бағытталған ұсыныстар.
Шешім:
Судың жалпы сипаттамасын, қасиеттерін, маңыздылығын, оның ластануын және алдын алу шараларын қатыстыру жұмыстары бойынша шешім.
Аннотация
Цель исследования:
Необходимо заострить внимание на вопросах значимости, рационального использования воды, как источника жизни.
Задачи исследования:
-
Общая характеристика воды.
-
Качества воды, способы использования.
-
Загрязнение воды.
-
Минеральные и лечебные воды.
-
Принимаемые меры по защите воды.
Результаты исследования:
Предложения направленные на профилактику и ликвидацию источников загрязнения воды.
Решение:
Меры, принимаемые по вопросам определения оснавных характеристик воды, ее загрязнения и профлактики.
І. Кіріспе
Ата – анамыз таңертең салқын сумен жуын, ол денсаулыққа пайдалы дейді. Бірақ ол қалай пайдалы екенін ойланбаймыз? Осы туралы оқушыларға ой қозғағым келді.
Сұрақтың жауабын табуда маған ой келді. Неге ерте салқын сумен жуынамыз, неге үлкендер балаларға суды төге берме дейді. Осыларды оқушыларға ұғындырғым келді. Сондықтан зерттегім келді. Жобаны жазу мақсатым – судың қасиеттерімен маңызымен, табиғи сулармен, газдалған, шипалы сулармен танысып, лас суларды тазартуды оқу, меңгеру болды.
Адам өмірінде судың орны бөлек. Сусыз өмір жоқ, су – тіршілік көзі. Адам 1 апта су ішпей жүре алады. Су адамның зейінін ашады. Жер бетінің 3тен 2 бөлігін су алып жатыр.
Суға сипаттама берсек:
Судың дәмі,исі,түсі жоқ сұйық. Су – адамның зейінін ашады. Қасиеті – судың аққыштық қасиеті бар, ол көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды. Заттың 3 күйінде болады. Мысалы: мұз – қатты, су – сұйық, бу – газ.
22.03 – су қорларын сақтау күні.
Химиялық формуласы Н2О.
Пайдаланған су шайынды суға айналады. Ол лас су. Қазіргі кезде лас суды тазартатын қондырғылар бар.
Табиғи сулар ащы, тұщы болып 2-ге бөлінеді.
Адамды аурудан жазады. Сарыағаш суы ем, біз ішіп жүрміз.
Судың адам өміріндегі маңызы зор.
Су тамшылардан құралады.
Облысымыздың ауыз суы лас. Халықты қажетті мөлшерде, сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етіліп тұрады. Судың ластығын білетін жұртшылық алдын алу шараларын жасау керек. Себебі: тазартылмаған судан ішек, асқазан аурулары пайда болады.
Созақ елі суға тапшы аймақ, сондықтан суды қадірлеп, қорғау керек.
Жер гидросферасының жалпы көлемі – 1800 млн км куб. Су экожүесінің құрамы мен құрылымын анықтайтын фактордың бірі.
ІІ. Негізгі бөлім
1.Суға жалпы сипаттама
Сусыз тіршілік жоқ, өйткені су бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын ролі зор. Адамзат тіршілігінде мәні өте зор.
«Сулы жер – нулы жер» дейді халық мақалы.
Су – адамның зейінін ашады.
Суға жалпы сипаттама берсек:
Заттың 3күйіне айнала алады
Формуласы Н2О
Түссіз
Дәмсіз
Мөлдір
Иіссіз
Су
Барлық тірі ағзалардың 75 % - ы судан тұрады. Адам таза сусыз өмір сүре алмайды. Су үнемі таза, ауа мен құрлық арасындағы айналымды жүзеге асырады.
Ата – бабамыз суды қадірлеп, қастерлеп бірнеше мақал – мәтелдер айтқан.
Судың бойына жиналған таза энергия кейбір ауруларға ем болады. Мәселен дене температурасын тұрақтандырады, көзге жанар береді, иммунитетті күшейтеді, қанды сұйылтады.
Суды қайнатуға, ерітуге болады.
Сусыз жер бетінде өсімдік өспейді, тіршіліктің бәрі судың қатысуымен жүреді. Табиғат – бізді қоршаған орта, оның құрамына суда кіреді. Суды үнемі пайдалану, қорғау әрбір адамзаттың борышы.
2. Судың қасиеттері, қолданылуы
Судың қасиеттерін білу де маңызды.
Су көлемін сақтайды да, пішінін сақтамайды.
Судың аққыштық та қасиеті бар.
Суды қолдану. Бұл процесті ойлағанда алдымен су құбыры еске түседі. Себебі, оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді.
Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Суды су құбыры, су қондырғылары арқылы таратып, пайдаланады. Су береке – су ырыс.
Су – адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттіліктен басқа да сұраныстарға ие екендігі мәлім.
Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдар бойы судың қасиеттерін зерттеген. Суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстінгі қабатын төгу керек, себебі ауыр металдар судың бетіне көтеріледі.
Судың адамзат біле бермейтін сан алуан қасиеттері бар.
Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. Су – дене температурасын реттейді, ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.
Судың қасиеттерін біле отырып, дұрыс қолдану керек.
3. Судың ластануы
Судың ластануы қазіргі кезде көбейіп барады. Адамдар суды өнеркәсіп
қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда.
Еліміздегі су ресурстарына шектеудің болмағандығы экономикалық және экологиялық апаттарға әкеліп соқтырады.
Жер жүзінде тіршілік нәрін сіңіріп, тірек болып тұрған судың өмірге қажетті қымбат екендігі мәлім.
Ішуге жарамды сулар жер бетінде азайып бара жатыр.
Кейбір адамдар қоршаған табиғатты танып білуі, оны қорғауы төмен деңгейде, пайдалануды біле тұра қорғауды білмейді.
Лас саудын жұқпалы аурулар тарайтындығын түсіне алмайды.
Елімізде таза ауыз сумен қамтамасыз ету мардымсыз.
Ортаның, судың ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен, біздің өмірімізге кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың айтуына жүгінсек, қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді.
Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету де жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері мен іс – әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да ластай алады.
Табиғи апаттар, су тасқындарынан мыңдаған зардап шегіліп жатыр. Себебі дейді ғалымдар: ортаның энергомәліметтік ластануына судың жауап қайтаруы.
Иә, тіршілктің қайнар көзі судың да сұрауы бар. Олай болса әлемқұндылығы суды ластамау,ысырып етпеу бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.
Табиғатта мінсіз таза су жоқ. Тіптен зертханалық жағдайдың өзінде де оны бөліп алудың сәті түспеген.ресей ғалымдары тек диаметрі d= 2,5 см болатын жоғары таза су бағанын алды. Нәтижесі таңдай қақтырады. Мұндағы молекулаларды ажырату үшін, осы бағанға 900 кг күш қажет екен.
Толғауы тоқсан тіршілікте судың алатын ролі зор. Осы судың ластануына жол бермеу, таза суды көздің қарасындай сақтау әрбір адамның міндеті.
Ластанған суды болдырмау немесе суды сақтап, қастерлеу адамзаттың табиғатты аялаудағы қосқан үлесі.
Күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың ластануына жол бермейік.
4. Минералды және шипалы сулар
Тірі өлі табиғатта жүретін түрлі процестермен құбылыстардың адам тіршілігінде жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор.
Мұздарды, бетпақтарды қоса есептегенде жербетінің 77,5 % – ын су алып жатыр.
Мұхиттар
Теңіз
С у қорларына Өзен
Көл
Жерасты сулары
жатады.
Табиғи сулардың ішуге жарамды және жарамсыз түрлері бар.
«Сарыағаш» газдалған суы ішуге арналға, жарамды. Емдік қасиеті жоғары.
Шипалы сулар Қазақстан елінде көп. Су қоры – халық байлығы. Өкінішке орай жер бетінде тұщы су қоры өте аз. «Сулы жер – нулы жер» дегендей суды ішіп жаратып қан қоймай, оның емдік қасиеттерін білген жөн.
Су туралы мақал – мәтелдер:
Таулы жер – бұлақсыз болмас,
Сулы жер – құрақсыз болмас.
Сусыз өмір – тұзсыз ас,
Су – ырыстың көзі.
т.б.
Судың шипалы қасиеттерін біліп, оны адамзат керегіне пайдалану керек.
Судың емдік қасиеттері жайлы жиі айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емдеудің әдіс – тәсілдері көп. Ағзаға енген су, қанға сіңеді және тазалық ақпаратын жеткізеді.
Адам денесінің 70% - ы судан тұрады.
Су иммунитет жүйесінің негізін салатын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.
Судың шипалы қасиеттерін жиі естиміз.
Мысалы: шипалы емдік қасиетке ие су жақсы нәтиже береді.
Қазақстанда судың қасиетін зерттейтін зертханалар бар. Кәсіби мамандар судың ерекше қасиеттеріне көз жеткізіп, шипалы суларды анықтады.
5. Суды қорғау шаралары
Жалпы табиғатты қорғау дегеніміз ауаны, суды ластамау, өзен – көл суларын бүлдірмеу, қорғап, қамқорлау.
Судың адам өміріндегі маңызын біле отырып, оны үнемдеуге, қорғауға, қажетіне орай пайдалануға болатындығы баршаға мәлім.
Экологиялық апаттан, адамдардың өз қолымен жасалып жатқан зиянкестіктен ластанып бара жатқан суды қорғау адамзат парызы.
Еліміздің Заңында «Әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті» делінген.
Су көздерінің тазалығын сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған мынадай техникалық, санитарлық шараларды іске асыру қажет деп ойлайды.
-
Су пайдалану жүйелерінің маңызын арттыру.
-
Су тартқыш стансаларда су өңдеу технологиясын жаңарту.
-
Суды жер астынан көтеру.
-
Тасып жеткізу.
-
Пайдаланудан соң ағызуды дамыту.
-
Ауыз суды үнемдеуге ықпал ету.
22 наурыз – Дүниежүзілік су қорлары күні.
Суды қорғау – барша елдің, азаматтардың міндеттері, барша парызы.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,