Материалдар / Судың сапасының ағзаға әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Судың сапасының ағзаға әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Су қаншалықты адам өмірине қажет екенін бала бойына сіңіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2020
703
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні: 16.09.2019ж

Сыныбы: 9 а



Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер

Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген. 
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және 
әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

Ноосфераның пайда болуы мен дамуы[өңдеу]

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

19301940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойысанасығылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.









Күні: 16.03.2019ж

Сыныбы: 10а

Тақырыбы: Ағзадағы су теңгерімі.Судың сапасының ағзаға әсері.

Су факторларына байланысты барлық ауруларды екі үлкен топқа бөлуге болады:

- судың биологиялық құрамына байланысты аурулар тобына;

- судың химиялық құрамына байланысты аурулар тобына.

Судың биологиялық ластануы адамдарда жұқпалы және паразиттік аурулар туғызатындықтан, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігі айтылды.

Судың химиялық құрамына байланысты ауруларды да (жұқпалы емес ауруларды) екі топқа бөледі:

- судың табиғи химиялық құрамына байланысты ауруларға;

- судың антропогендік химиялық ластануымен байланысты ауруларға.

Микроэлементтердің (йод, бром, фтор, селен, стронций, молибден, кобальт және басқалардың) биологиялық белсенділігі жоғары болғандықтан, олар адам ағзасында көптеген физиологиялық және зат алмасу үрдістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды, минералдық заттардың алмасу үрдістеріне қатысады және түрлі биохимиялық реакциялардың катализаторы ретінде ағзадағы жалпы зат алмасуына әсер етеді.

Бірақ, ағзадағы микроэлементтердің мөлшері олардың қоршаған орта нысандарының құрамында (оның ішінде суда да) болуына тікелей байланысты болғандықтан, кез келген микроэлементтің суда немесе басқа орталарда жеткіліксіздігі, не артық мөлшерде болуы, адам ағзасының әртүрлі функцияларының бұзылуына немесе аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Микроэлементтер жер қыртысында біркелкі тарлмағандықтан, белгілі бір аудандардағы су, топырақ және өсімдіктер құрамында олардың мөлшері жеткіліксіз немесе артық болады. Бұндай аудандар биогеохимиялық провинциялар деп аталады, олар табиғи және антропогендік болуы мүмкін, ал осы аудандардағы тұрғындар арасында микроэлементтердің жеткіліксіз немесе артық болуы себебінен пайда болған аурулар геохимиялық эндемиялар деп аталады. Бұндай аурулардың көбі су факторымен байланысты .

Ауыз судың сапасы жөніндегіНұсқаулықтың 4-ші басылымын дайындау барысында (2003 ж.) БДДҰ сарапшыларының Римдегі мәжілісінде судың химиялық құрамымен байланысты, оның ішінде, суда анықталған заттардың адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне әсері жөніндегі, көптеген мәселелер қарастырылды. Ең жақсы зерттелген геохимиялық эндемияларға фтордың жетіспеушілігімен немесе артық болуымен және йод, стронций, кобальттің жетіспеушілігімен байланысты геохимиялық эндемиялар жатады.

БДДҰ сарапшылары, фторды ауыз суымен қолайлы мөлшерде қабылдау - тіс саулығының маңызды факторы деген қортынды жасаған. Сонымен бірге, фторды артық мөлшерде қабылдау тіс флюорозына, ал одан да жоғары мөлшері қаңқаның флюорозына әкеп соғатыны айтылды. Флюороз (fluorosis) – ауыз суда фтордың жоғары мөлшерде болуынан, фтордан улануға байланысты ауру. Флюороздың алғашқы белгілерінің бірі – тістің зақымдануы (тіс эмалінің гипоплазиясы). Флюороздың пайда болуының дәл механизмі әлі де соңына дейін толық зерттелмеген. Мамандардың пікірінше, зақымдаушы фактор амелобластарға уытты әсер етіп, эмальдің дұрыс қалыптаспауына себеп болады.

Фтор – ағзада физиологиялық роль атқаратын, маңызды элемент болып саналады. Фтор адамның барлық мүщелерінің құрамына кіреді, бірақ, негізінен, сүйек пен тісте көбірек кездеседі. Ересек адам бір тәулігіне азық-түлік өнімдерімен бірге орта есеппен 0,5-1,1 мг, ал сумен бірге 2,2-2,5 мг/л фтор қабылдайды. Азық-түлік құрамындағы фтор, судағы еріген фторидтерге қарағанда, нашар сіңіріледі. Ауыз суда фтор неғұрлым көп болса, флюороз- жиі, ал кариес – сирек кездеседі.

Флюорозбен, негізінен, туғаннан немесе 3-4 жастан бері эндемиялық аймақта тұратын балалардың тұрақты тістері (сүт тістері - сирек) көп зақымданады. Фтордың мөлшері қалыпты деңгейден сәл ғана жоғары болғанда, баланың азу тістері, ал өте жоғары болғанда, барлық тістері зақымданады.

Ағзаға түскен фтордың көп бөлігі бүйрек пен тер бездері арқылы шығарылатыны, ал аз бөлігі ағзада ұсталынып қалатыны анықталды. Бұнымен қатар, эндемиялық аудандардағы тұрғындардың көпшілігінің тістерінде едәуір өзгерістер болған жағдайда, кейбір адамдарда тістерінің жеңіл зақымданулары болады, мұндай аудандарда, тіпті тістері түгелдей сау балалар да кездеседі. Бұл демек, суда фтордың концентрациясы бірдей болғанымен, олардың түсуіне ағза әр түрлі реакция беруі мүмкін деген сөз.

Мемлекеттік стандарттарға сәйкес, фтордың су көздеріндегі шектік рұқсат етілген концентрациясы - 1,5 мг/л. Айта кету керек, бұндай концентрациясында да тіс флюорозы кездесуі сирек емес. Фтордың судағы концентрациясы 1,0-1,5 мг/л болғанда, флюороз тұрғындардың 30%-да дамиды, 1,5-2,0 мг/л - 30-40%-да, 2,0-3,0 мг/л болғанда, эндемиялық ауданның 80-90% тұрғындарында байқалады. Ұзақ ауқыт бойы құрамында фтордың мөлшері жоғары ауыз суды қабылдау үлкен адамдардың қалыптасып болған тістерінің эмалінің түсін өзгерте алмайды. Судағы фтордың концентрациясы 6 мг/л асқанда ғана үлкен адамдардың қалыптасып болған тістерінде өзгерістер тудыру мүмкін. Айта кету керек, климаты ыстық аудандарда, ауыз суда фтордың мөлшері орташа (0,5-0,7 мг/л) болғанның өзінде, тістің айқын флюорозы байқалуы мүмкін. Бұл ыстық климат жағдайында ағзаның суды көп қабылдауына байланысты. ТМД елдерінің территориясында флюороз ауруының ошағы барлық дерлік республикаларда бар, бірақ бұл аурудың клиникалық белгілері әсіресе, Украина, РФ, Әзірбайжан, Молдавия, Қазақстанның территорияларында көбірек анықталды.

Клиникалық бақылаулардың нәтижесінде, ауыз судағы фтордың қолайлы мөлшері 1 мг/л болатыны белгілі болды, бұндай концентрацияда флюороз сирек кездеседі (немесе оның жеңіл түрі байқалады) және тісжегі дамуын тоқтатын эффект анық байқалады. Тіс флюорозы көріністерінің ауырлығына байланысты олардың штрих түріндегі, дақты, бор тәрізді дақ, эрозиялы және деструктивті түрлерін ажыратады. Бірінші үш түрі тіс тіндерін бүлінуінсіз жүреді, ал эрозиялы және деструктивті түрлері тіс тіндерінің бүлінулерімен жүреді

Ауыз су құрамында йод жетіспейтін биогеохимиялық провинциялар да бар. Йодтың жетіспеушілігі, қалқанша бездің ұлғайымен, бой өсуі, ақыл-ой және дене дамуының тежелуімен білінетін, зоб ауруының пайда болуына әкеп соғады. Таулы жерлердің суларында (Қазақстанның оңтүстік аудандары), қара топырақты емес, шымды-ақшыл сұрғылт түсті, және батпақты топырақтарда (Полесье, Солтүстік Кавказ, т.б.) йодтың мөлшері аз болады. Қалқанша бездің қалыпты жұмыс істеуі үшін, ағза тәулігіне 100-200 мкг йод түсіп отыруы керек, ол ауыз суы мен тағамдық азықтарды қабылдаумен қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортада йодтың мөлшері жеткіліксіз жағдайда тамақ өнімдерге (ас тұзын, нанды) йод қосу әдісі қолданылады.

Шығыс Сібірдің, Чита және Амур облыстарының кейбір аудандарының табиғи суларында кальций аз, бірақ стронций көп. Бұндай суларды ұзақ уақыт ішуге пайдаланғанда, сүйектену үрдістері бұзылады (стронций кальцийді ығыстырып шығарады), ауыр кемтарлықтардың себептері болатын, сүйектердің сынғыштығы және деформациясы пайда болады. Бұл ауру уров ауруы деп аталады (ең алғаш рет Уров өзенінің ағысы бойындағы аудандарда анықталғандықтан). Уров ауруының эндемиялары Солтүстік Корея, Солтүстік Қытай, Швецияда да байқалған.

Микроэлементтерден басқа, адам ағзасына суда болатын түрлі минералдық тұздардың артық немесе аз мөлшері де әсер етеді.

Минералдылығы өте жоғары су ағза тіндерінің гидрофильдік қасиетінің жоғарылауына, диурездің төмендеуіне, ағзада судың ұсталынып қалуына ықпал етеді. БДДҰ сарапшыларының пікірінше, минералды заттардың ағзаға жалпы түсуіне қосатын үлесін есепке алу үшін, табиғи суларда олардың тек кейбіреулері ғана жеткілікті мөлшерде болады. Кермек суды қабылдаған жағдайда, екі элемент - магний және мүмкін кальций адам ағзасына судан елеулі мөлшерде түседі. Бұл қорытынды 50-жылдық кезеңді қамтыған, 80 эпидемиологиялық зерттеулердің негізінде жасалған. Жүргізілген зерттеулер, негізінен экологиялық сипатта болғанымен және әртүрлі деңгейде жүргізілгенімен, сарапшылар, кермек су қабылдау мен жүрек-қан тамырлары ауруларының жиілігі арасындағы байланыс туралы болжамды дұрыс деп мойындады, ал судағы аса маңызды пайдалы құрам бөлігі деп магнийді есептеу керек екенін көрсетті. Бұл шешім бақылау және клиникалық зерттеулер нәтижесінде толық дәлелденді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда минералды заттары аз суды қабылдау, сұйықтың бөлінуін күшеюіне әкеп соғатын, гомеостаздың механизміне және ағзадағы су мен минералды заттардың алмасуына зиянды әсер ететіні дәлелденген. Бұл жасуша ішілік және жасуша сыртындағы иондардың биологиялық сұйықтардан бөлінуімен және олардың теріс балансымен байланысты. Бұнымен бірге, ағзадағы судың жалпы мөлшері және су алмасудың реттелуіне қатысатын кейбір гормондардың функционалдық белсенділігі өзгереді.

БДДҰ сарапшыларының адам ағзасына жүргізген тәжірибелерінің (1980) нәтижесі осыған ұқсас көріністі анықтады, бұл минералдану дәрежесі 100 мг/л дейін судың су мен минералды заттар алмасуына әсерінің негізгі механизмін сипаттауға мүмкіндік берді:

1. диурездің (қалыпты деңгеймен салыстырғанда, 20%-ға); ағзадағы сұйықтың және сарысудағы натрийдің концентрациясының жоғарылауы

2. сарысудағы калийдің концентрациясының төмендеуі;

3. ағзадан натрий, калий, хлоридтер, кальций мен магний бөлінуінің жоғарылауы.

Ресей ғалымдарының зерттеулері, құрамында минералды заттары аз суды пайдаланатын тұрғындардың түрлі ауруларға шалдығу қаупі жоғары болатынын көрсетті. Бұл гипертензия (артериялық қысымның жоғары болуы) мен коронарлық қан тамырларындағы өзгерістер, асқазан мен он екі елі ішектің жарасы, созылмалы гастрит, зоб, жү

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!