Ұйымдастыру кезеңі (7
мин)
Сабақ басы (13
мин)
|
Ұйымдастыру
сәті.
Мұғалім оқушылармен
амандасады.Сыныпты
түгелдейді.
«Жақсы сөз-жарым
ырыс»тренинг.
Мұғалім:
Әлбетте,
энергия – біздің өмір сүруіміздің кепілі. Ал энергияға
жауапкершілікпен қарау өз өмірімізге жауапкершілікпен қарағанмен
бірдей. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назабаев: «Ең алдымен, біз
жақында энергияны үнемдеу өмір салтына көшеміз. Сондықтан,
компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары мен еліміздің барлық
азаматтары осы тенденцияны ескеріп, энергияны үнемдеу
жолдарын ойластыру керек. Энергияны үнемдеудің нәтижесі
әлемдік деңгейде энергияның жұмсалуын төмендету мен оның
дамуы мен тұрақтылығына алып келеді», – деген болатын. Мамандардың
айтуынша біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі
бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның
үштен екісін ысыраппен пайдаланып
отырмыз.
Энергияны үнемдеу проблемасы – суды үнемдеумен тығыз
байланысты, өйткені суды тұтынуды азайту түпкілікті өнім – таза
суды алу және оны тұтынушыға жеткізуге қажетті энергия ресурстарын
азайтуға әкеледі.
1-тапсырма.
1. Үнемдеу сөзін қалай
түсінесіз?
2.
Үнемдеуді неден бастайсыз?
3.
Үнемдеу сізге не береді?
Мұғалім: Суды үнемдеуді тұрмыста қолданбас бұрын оны
тиімді есептеуді жолға қою қажет. Суды үнемдеудің ең тиімді тәсілі
крандардың ақаусыздығы. Өйткені сіріңке талынан сәл қалың су ағыны
арқылы тәулігіне 300 литрге дейін су ағуы мүмкін. Егер осылай бір
ай бойы жалғасса қанша судың шығын боларын ойлап көрдіңіз бе?!
Қарапайым ереже ретінде душ қабылдау арқылы сіз ванна қабылдаумен
салыстырғанда суды тұтынуды екі есеге азайта аласыз. Душ қабылдау
кезінде судың тұрақты ағыны міндетті емес. Кір жуу машинасында
мүмкіндігінше суды берудің қажетті деңгейін белгілей отырып
пайдаланыңыз. Ыдыстарды жуу кезінде кранды үнемі ашық қалдырмаңыз.
Толықтай ашық краннан сіз ойлағаннан көп су ағатынын есте ұстаңыз,
яғни минутына – 15 литр. Бұл жағдайда тек қалтаңызды ғана емес, осы
ысырап болып жатқан судың обалын да ескеріңіз. Өйткені
аталарымыз «судың да сұрауы бар» деп тегін айтпағаны
ақиқат.
2-тапсырма.
Ведио ролик
көру.
Сілтемелер:
https://youtu.be/yQLsRxdxQVQ
https://youtu.be/UxQu6z8x1qU?si=ZPWVwNIbzhX_Uu0u
Мұғалім:
Азық-түлікті үнемдеудің келесі қадамы базар,
дүкен немесе супермаркетке барғанда мынадай қарапайым ережелерді
ұстану:
Қажет азық-түліктің тізімін жазып, сол тізім
бойынша ғана сауда жасау. Яғни тізімде жоқ тауар жеңілдікпен тұрса
да, оны алмауға дағдылану.
Азық-түлік алатын орынды дұрыс
таңдау. Азық-түлікке кететін ақшаны үнемдеу үшін адамдар
көбіне көтерме сауда орындарында сауда жасайды. Бірақ бұл әдістің
кемшілігі көтерме сауда орындары көбіне қала сыртына жақын жерде
немесе өнеркәсіптік аймақта орналасады. Егер сізде көлік болса,
онда жету қиын емес. Ал егер көлігіңіз болмаса, бағасы тиімді
супермаркетті таңдағаныңыз
дұрыс.
Жақындармен
бірігу. Кейбір көтерме сауда орталықтары тауарларды
бөлшек саудада сатпайды. Ондай кезде тауарларды туыстармен,
достармен бірігіп алған
тиімді.
Қолма-қол ақшамен
төлеу. Банк карталарымен төлеген кезде қанша ақша
жұмсағаныңызды байқамай қалсаңыз, жоспарсыз сауда жасап қойсаңыз,
дүкенге өзіңізбен бірге қолма-қол ақшаның шектеулі мөлшерін алып
шыққаныңыз дұрыс.
Сондай-ақ ең қымбат тауарлар сатып алушының
көзінің деңгейіндегі сөреге қойылатынын және артық шығындардың
шамамен 20%-і дүкенге қарыныңыз аш күйде барғаннан жасалатынын
ескеріңіз.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,
мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
Оқушылар бір-біріне жақсы сөздер мен тілектер
айтады.
Оқушылар берілген ребусты шешіп,бүгінгі
сабақтың тақырыбын
ашады.
1. Үнемдеу сөзі отбасымызда бала кезімізден
қалыптасты. Атам мен әжем
үнемі айтып отыратын. Нанның қиқымын теріп алып, нанды үнемдеуге
үйретті. Сонан соң қарапайым тұрмысқа қажетті заттарды ұқыпты
пайдалану керектігін құлағымызға құйып
отыратын.
2.
Үнемдеу деген белгілі затты өз мөлшерінде пайдаланып,
ысырапшылдыққа әкелмеу деген сөз. Сондықтан, қазір жұмыс істеп,
несібемізді тауып жүргендіктен барлығын да үнемдеуге тырысамын.
Алдымда көп жоспар бар. Сондықтан, босқа төгіп-шашпай, артылғанын
жинауға дағдыланып келемін.
3.
Үнемдеу алдағы жоспарымның жүзеге асуына мүмкіндік береді деген
ойдамын. Ата-анама да көмектесіп, қолымнан келсе бауырларыма да
қамқор болғым келеді.
Оқушылар ведио роликті көріп,пікірлерін
ортаға салады.
|
Слайд
|
Ортасы
(20
мин)
|
3-тапсырма
Топтық мақал-мәтел жарысын
ұйымдастырамын.
Судың да сұрауы
бар.
Қайнаған қара
суда қасиет бар.
Сыйласқанның
суын іш.
Сыйлап берсе
суын іш.
Жылай - жылай
арық қазсаң, Күле - күле су
ішерсің.
Жақсы - суы
тәтті көлмен тең, Жаман - желі
қатты шөлмен тең.
Тау мен тасты
су бұзады, Азаматты сөз
бұзады.
Оқушылар арасында топтық бағалау
жүргезеді.
|
Нан бар жерде ән
бар
Дәнді шашпа,
нанды баспа.
Нан— тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің
батасы.
Нан —
асалы,
Ана — адамның
асалы.
Нан астығын жинаймын,
Елге астық
сыйлаймын.
Ас атасы -
нан.
Таңғы асты
тастама.
Дастарқанның
басында дұшпан да
дос.
Атың барда –
жер таны желіп жүріп, Асың барда – ел
таны беріп
жүріп.
|
Слайд
Дәптер
Қалам
|