Материалдар / Шығарма "Астана"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шығарма "Астана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарма жазуға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
534
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана: кеше,бүгін, ертең. Жумагалиева Айнагул Курманаевна Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Ембі қалалық № 2 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ «Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға,  тәуелсіз жаңа мемлекет –  Қазақстан Республикасының  астанасына айналады»  Н.Ә.Назарбаев Бұл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сеніммен айтқан сөзі еді. Иә, Астана- егеменді еліміздің, таңғажайып дархан да алып жеріміздің кіндігіне, мемлекетіміздің биік мәртебесіне, жоғары дәрежесіне, бақ- берекесіне, елдік пен ерліктің тұтқасына, дербестігіміздің дара тумасына айналып отырған ірі шаһар.Астана - дүниежүзілік сахнада бейбітшілік пен келісім ордасы,батыс пен шығысты байланыстырып жатқан алтын көпір. Осы бір аңызға айналған ірі шаһардың өткен күніне көз жүгіртейік. Астана кеше қандай еді?... Бұл қаланың тарихы өткенге көз жүгіртсек, патша заманынан сонау 1830 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Батыс-Сібір губернаторы  Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін  қасында 200 адамы бар Федор Кузмич Шубин келіп, қаланың қазіргі орнына қазық қаққан екен. 1830 жылдың 28 мамыр күні басталған қала құрылысы 2 жылға созылып, 1832 жылғы 22 тамызда аяқталған.  Ақмола округінің аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы  сайланған. Қалада түрлі шіркеулер салына бастаған. Ақмола атанып тұрған кезде бой көтерген ғимараттың бірі деп қазіргі орыс драма театрын айтуға болады. Шаңырақ көтерген кезі -1943 жыл. Сол тұстарда театр сахнасында Мұхтар Әуезовтың  «Еңлік - Кебек», Ғабит Мүсіреповтың «Қозы - Көрпеш» пьесалары қойылған. Алайда саяси режим қала басшылары өзін-өзі ақтай алмайды деген желеумен 1948 жылы қазақ тобын жауып тастаған. Ұлттық театр арада 42 жыл өткен соң, яғни 1990 жылы ғана ашылды. 1862 ж 26 қыркүйекте Ақмолаға  округтық     қала  мәртебесі  берілді. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы-ның 1939 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен Қазақ КСРО құрамында Ақмола қаласы орталығы орналастырылған Ақмола облысы құрылады, оның құрамына барлығы 15 аудан кіреді.  1961 жылғы 20 наурызда Ақмола қаласы Целиноград



болып өзгертіледі де,  1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласының тарихи атауы Ақмола қайтадан қалпына келтіріледі.  Міне, тарихи қала - осындай ірі-ірі кезеңдерді, тарихи оқиғаларды басынан кешірген шежірелі қала. Бұл- қаланың кешегі ұмытылмайтын, тарих беттерінде сақталып қалған тарихы. Осындай қаланың күндердің күнінде әлем танитын қала болады дегенге ешкім сенбес те еді. Атақты алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласында: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы болар еді, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деген болатын. Өкінішке орай ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді.  Ол  мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Бұл-Астананың бүгінгі жарқын өмірінің басталғаны еді. Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы толғауын Елбасы: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы  - 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», - дей келіп, - 1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайланғаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашан да сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама Астаналар ылғи өзен жағасына салынған! Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан»- деп өзінің ішкі ойын халыққа жеткізді.Содан бастап, Қазақстанның жаңа астанасы пайда болды. Кешегі батпақты мекенде әлем таныған әсем қала бой көтерді.



Астана деген атқа ие болды. Тез арада бой түзеген қалаға барша әлем таңдана қарады. Астана – Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жүрегіне сыйған тұтас әлемді өз елі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігінің белгісіндей етіп, қасиетті қазақ жеріне, өз даласына қондырып, орнықтыра білген өзіндік бір әлемі! Абыройы асқан Астана! Әлемді сүйсіндіріп таңғалдырған Астана! Дүниеге даңқы жайылған Астана! Қазақ елінің бағын жандырған, мерейін асырған, мәртебесін көтерген Астана!Сол қазақ елінің бүгінгі елордасы – Астана қаласы жайлы сыр толғар көңіл түкпірінде жатқан осы бір үш ауыз сөздің дәл осы бір сәтте жүректен үн қатарын қайтерсіз! Тарихтың аса бір қысқа мерзімінде бой көтеріп, әлемнің әрідегі замандарында, яғни ғасырлардан асып түсер кезеңдерден бері астана болып келе жатқан талай да талай бір әйгілі де әйдік қалалардан өзінің сәні мен салтанатын да, сәулеті мен дәулетін де асырып, адамзаттың бүгінгі өркениеті алдындағы өзінің тарихи миссиясын да адал атқарып, адам баласының жақсылықтар мен татулық, бірлік пен ынтымақтастық және бауырмалдық үмітінің шырағын жағып келе жатқан Астана даңқы әлемге қазақ елінің даңқы болып жайылды. Астана туралы кішкене ой жүгіртіп көрсек... Ақорда! Көк күмбезінің ұшар басында көк байрағы желбіреп Ақорда тұр! Көне тарихтың көмбесінде қалған, талай шапқыншылықтың шаңы мен топырағының астында көміліп, жермен жексен болған талайғы бір ордалардың орнына тігілген арманды Ақорда! Алтын қыран да қауырсын қос қанатымен жер әлемді көтеріп, ұшып келіп Ақордаға қонып тұр! Бұл қазақтың Ақордасының ұшар басындағы алтын қыран сол жер әлемнің үмітін арқалап, ел мен халқымыздың басына қонған бағы ! Үркітіп ала көрмейік, көз жазып қалып жүрмейік сол Қыраннан! «Қазақ елі» монументі! Ата-бабаларымыздың ақталған үміті мен орындалған санғасырлық арманды мақсатындай асқақтап, бүгінгі барлық қазақстандықтардың ақ ниетіндей аспанға бой созып шаншылған шынарындай ақ тұғырдың ұшар басында бар кеңістікке жайған қуатты қанатымен дүниеге әріден көз салып отырған даланың алып Самұрық құсы Елбасының «Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!» деген осы бірауыз сөзін әлемге паш етіп тұр! «Мәңгілік ел» қақпасы! Сол мәңгілік елдікті ақыл-парасатымен де, айбынды ерлігімен де, кемелді шешен сөзімен де ұстап тұра алған халқымыздың қасиетті би-шешендері мен ерлері де, «Тайқазаны» сынды киелі жәдігерлері де,тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сынды бүгінгінің кемеңгерімен де көріктеніп, көмкерілген сол киелі қақпаны Қағба тасындай сезінесің. Еркіндік пен елдіктің мәңгілігінің символына айналған «Бәйтерек!» Бұл «Бәйтерек» барша қазақ жұртын биіктерге шақырып тұрар қуатымен де, өзінің асқақтығымен де, арманды болашағымен де қымбат тұғыр! Әне, былайғы жұрт «Пирамида» атап кеткен Бейбітшілік пен келісім сарайы! Қазақ жерінде тағдырлары табыстырған барлық ұлттар мен ұлыстардың келіскен ынтымағының, күшейген бірлігінің, бүгінгі барлық қазақстандықтардың нығайған достығы мен абыройының биігіндей, бар ниеттері мен көңілдерінің жарастығы, бәрі-бәрі келіп бір арман мен мүдденің һәм мақсаты үшін түйіскен берік те биік салиқалы рухының айнасындай болып көз тарта, сұлулана жарқылдап тұр! Әне, «Хан Шатыры!» Сәулелі күннің ақ нұрына малынып, мына кең де байтақ ұлы даланы небір жаугершілік шапқыншылықтан қорғап қалған батырлардың қасиетті хас тұлпарының алтын тұяғындай болып, мына дүние атаулының да, қазақ жұртының да мәңгілігіне нүкте қойып тұрған қалпымен көңіл қуанышына айналды!Бұның барлығы - бүгінгі Астананың көрікті келбеті.Ал ертеңгі Астана - бұдан да көркем, әдемі,заманауи, ақылды қала.Астана – әлемнің үмітті астанасы!Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала болған Астана-өнер, білім және мәдениеттің, ғылымның ордасына. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды. Астана- кемелді елдің келешегі. Келешегің жарқын болсын, халқымның ақ ордасы, көркейіп, биіктерден көріне бергейсің!



Қолданылған әдебиеттер: 1.Н.Ә.Назарбаев «Еуразия жүрегінде» Алматы : «Атамұра», 2005 ж 2.Ақышев К.А, Хабдуллина М.Қ «Ежелгі Астана: Бозоқ қалашығы» Астана, 2011(260 б) 3. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» Астана , 2007 ж, 372 -бет 4.Астана замандастардың көзімен. Астана , 2004 ж, 256-бет 5.ҚР Ұлттық мұрағаты.10-қор

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!