Материалдар / «Шығармашылық» білім беру саласын жүзеге асырудағы ғылыми-педагогикалық амалдар. Ойын, мүсіндеу, сурет салу арқылы шығармашылқты е
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Шығармашылық» білім беру саласын жүзеге асырудағы ғылыми-педагогикалық амалдар. Ойын, мүсіндеу, сурет салу арқылы шығармашылқты е

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шығармашылық» білім беру саласын жүзеге асырудағы ғылыми-педагогикалық амалдар. Ойын, мүсіндеу, сурет салу арқылы шығармашылқты ерте дамыту әдістері: М. Гмошинская, Т. Дронова және С. Якобсон
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2022
322
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы

«Боранқұл» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК



Shape1



Жоба тақырыбы:

«Шығармашылық» білім беру саласын жүзеге асырудағы ғылыми-педагогикалық амалдар. Ойын, мүсіндеу, сурет салу арқылы шығармашылқты ерте дамыту әдістері: М. Гмошинская, Т. Дронова және С. Якобсон









Жобаны дайындаған тәрбиеші: Космуратова Гульзада












Жоспар:

І. Кіріспе:

«Шығармашылық» білім беру саласындағы маңыздылығы.

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетін қарастыратын, мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасын дамыту.

2. Әдіс-тәсілдері.

ІІІ. Қорытынды:

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық құзіреттілігін дамытудың нәтижелері.



















КІРІСПЕ

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды иемденуі сәбилік кезеңнен басталады. Тәрбиешінің бұл бағыттағы жұмысының ғылыми негізде құрылуының және талапты бірте бірте, жүйелі күрделендіру, әр түрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принципін сақтап, өнердің әр түрлі қазіргі кездегі даму деңгейін ескеретін белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор. Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл ‑ ой және эстетикалық іс ‑ әрекеттерінің, адамгершілік ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарланғанын көрсетті. Бұл сәби кезден – ақ байқала бастады. Сондықтан балабақшаның баланың адамгершілік әлпетін қалыптастырудағы ролі мен мәні артып келеді. Баланың ақыл – ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта даму жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл – ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл – ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Ойлау әрекетін дамыту сөйлеусіз мүмкін емес. Бала тілді меңгере отырып заттар, олардың қасиеттері, белгілері туралы білімдерін игере бастайды. Мектепке дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытады. Мектеп жасына дейінгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық жас топтарында өткізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық сабақтардан тыс та, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануда баланың шығармашылығын қолдап отырады. Іс ‑ әрекеттің түрлеріне үңілсек сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру – балалардың шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі. Балалардың шығармашылығын ұйымдастырудың ерекше өзіндік мәні бар. Адамдардың жаңа әлеміне, олардың қарым – қатынасының ерекшеліктеріне қызығушылық қарым – қатынастық жаңа басым түрін анықтайды. Мектепке дейінгі жастағы балаларда айналасындағылардың сөйлеуін және бақылай отырып, бағалаушылық сипаты пайда болады. Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудамыз.

М.В. Гмошинскаяның «Памперстегі суретшілер» әдістемесі. Бұл жерде әдістеме жоқ: бірге сурет салу шарттары мен тәсілдері көшіріледі. Сонымен, бірінші сабақтарда балаларға 1-2 бояу көрсетіледі (сары, қызғылт сары, жасыл), «бұлар бояулар және оларды жеуге болмайтыны» түсіндіріледі. Міндетті түрде олардың түстері аталады, содан кейін, бір бет қағаз беріледі және сәбиден «өз ізін қалдыру» сұралады.Аналары мен сәбилері бірге ватман немесе тұсқағаздарға алақандары немесе саусақтарымен сурет салады( оңмен де, солмен де).

Шығармашылық» білім беру саласын жүзеге асырудағы ғылыми-педагогикалық амалдары

Мақсаты: Эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетін қарастыратын, мектеп жасына дейінгі баланың тұлғасын дамыту.

Міндеттері:

  • Бейнелеу өнеріне, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға қызығушылықтарын қалыптастыру;

  • Қағазбен, қарындашпен, қылқаламмен, бояулармен, сазбалшықпен таныстыру;

  • Желімсіз жапсыру техникасын жетілдіру;

  • Бейнелерді қағаз парағына толық орналастыруды, пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеуге үйрету;

  • Суретшілердің суреттерімен таныстыру;

  • Материалға ұқыпты қарап, дұрыс қолдана білуге үйрету;

  • Балаларды музыкалық шығармашылыққа, жақсыны сезінуге тәрбиелеу.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мектепке дейінгі баланы дамыту мен тәрбиелеу үшін бейнелеу әрекетінің

үлкен мағынасы бар.

1. Ақыл-ой тәрбиесі Талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, тәрбиеші балалар үшін жайлы орта жасақталады.

2. Адамгершілік тәрбие Балаларды жақсылыққа адалдыққа деген сүйіспеншіліке тәрбиелеу бастаған істі аяқтау, мақсатқа жету нақты жұмыс жасау, досына көмек бере отырып қиындықтарды жеңу.

3.Еңбек тәрбиесі Қайшымен жұмыс істей алу, қылқалам мен желімді пайдалану үшін физикалық күшті шығындау, еңбек дағдыларын талап етеді.

4.Эстетикалық тәрбие Түсті сезіну – әдемі түс қоспаларын қабылдаудан эстетикалық сезім пайда болады. Осыдан кейін балаларда көркемдік талғамы дамиды.

Сурет салу

Заттық сурет салу

Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық

қабылдауды дамыту. Бояулармен, қарындаштармен, борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру.
Біліктерін қалыптастыру:

- әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.
Дағдыларды қалыптастыру:

- көкөністер мен жемістерді, ыдыстар, ойыншықтар, жануарларды бейнелеу;

- дөңгелек пішінді заттарды салу;

- техникалық дағдылар мен біліктерді игеру.

Мазмұнды сурет салу

Эмоциялы-эстетикалық талғам дағдыларына баулу: қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа

халықтардың ойыншықтарына.

Қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру.
Сәндік сурет салу

Дағдыларды қалыптастыру:

- қазақ халқының және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында эстетикалық қабылдауды дамыту.
- элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, жазықтықа оюларды орналастыру;

- қазақ оюларының кейбір элементтерін салу;
- элементтердің реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты сақтау.
Күтілетін нәтижелер:

- үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып, сурет салады;
-көкөністер-жемістердің, ыдыстардың, ойыншықтардың, жануарлардың пішіндерінің суреттерін салады;

- қазақ оюының бөліктері туралы ұғымдары бар;
- сурет салудың техникалық дағдыларына ие: қылқаламның ұшымен салу, жақпаларды ырғақты түрде, штрихтарды пішіні бойынша жағу, қылқаламмен жалпақ, жіңішке сызықтарды, қылқаламның басымен және артқы ұшымен

нүктелерді жүргізу;

- жұмысының нәтижесіне қуанады, өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалай алады.

Балабақшадағы мүсіндеу – бейнелеу әрекетінің бір түрі, ол үдеріс барысында балалар қоршаған ортаның заттарын бейнелейді, жұмсақ материалдардан иілгіш бейне құрастырады (саз, ермексаз және т.б.)

Мүсіндеу: - Балаларда байқағыштық, сипап сезу сезімін дамытады; - Толық бейнелі түсінік қалыптастырады; - Көру жадын, қолдың кіші моторикасын нығайтады; -Қиял мен шығармашылық қабілеттерін дамытады; - Балалардың жас ерекшеліктеріне жауап береді, әрекет арқылы олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Заттық мүсіндеу

Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру:

- түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу;
- түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, үлгісі мен елестетуі бойынша көлемін;
- пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды;
- адам пішінін;
- заттарды толық пішіні алынғанға дейін немесе жайылған пішінінің жиектері иілгенге дейін сығымдау.

Мазмұнды мүсіндеу

Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.

Сәндік мүсіндеу

-Балаларды тұрмыстық заттар мен бейнелі ойыншықтарды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.

-Халықтық ойыншықтары туралы білімдерін кеңейту, халық шығармашылығының желісі бойынша бейнелер жасау. Балаларды халық шеберлерінің еңбектерімен таныстыру, халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеуге үйрету.

-Кескішті қолдануды таныстыру. Кескіштің көмегімен жасалған бұйымды безендіруге тырысуын ынталандыру. Ұқыпты мүсіндеу әдістерін бекіту.

Күтілетін нәтижелер:

- түрлі пішіндегі және көлемдегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мүсіндейді;

- түрлі тәсілдерді қолданып, пропорцияларды сақтайды;
- адамның пішінін (дене бөліктерін: бас, кеуде, қолдары, аяқтары) мүсіндей алады;
- халық шығармашылығының желісі бойынша тұрмыстық заттар мен ойыншықтардың бейнелерін мүсіндеуге қызығушылық танытады;
- халық шеберлерінің еңбектері туралы түсініктерге ие;
- кескішті қолдана алады, кескішпен түрлі безендірулер жасай алады.
Жапсыру - бұл әр түрлі кез келген материалдан қиылған немесе сай фонға жабыстырылған әр түрлі пішіндер, фигуралардан көркем бейне құрастыру тәсілі. Жапсырмалауда әр түрлі материалдар қолданылады: тері, киіз, мәуіт, былғары (мех), ағаш қабығы, мата, сабан, қағаз. 

Заттық жапсыруда балалар қағаздан қию және фонға әр түрлі заттық бейнелерді желімдеу білігін меңгереді.

Сюжеттік-тақырып жапсырмалау тақырып немесе сюжетке сай бір-бірімен байланыстыәр түрлі заттарды қиып және жабыстыру білігінің болуы қажет. (“балапан жем шоқыды”, “балықтар аквариум ішінде жүзіп жүр”).

Сәндік   жапсыру - ою әрекетінің түрі, симметрия ырғағының заңдылығына сай, ашық түстерді үйлестіре отыра сәндік элементтерін ою және оларды бір-бірімен сәйкестендіру білігін меңгереді (геометриялық , өсімдік пішіндері, құс, жануар, адам пішіндері). Заттарды стиль, сәндеуге үйренеді, оалрдың құрылымын жалпылайды, бейнелерге жаңа рең қосады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сурет салу – барлық балалар жақсы көретін, әрі пайдалы ісі. Қарындаш, қылқаламмен парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. Қарда, құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға болады. Алақанмен, мақталы таяқшалармен, көкөністер бастырмаларымен және т.б. әдістермен, яғни бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары арқылы сурет салу өте пайдалы, әрі қызықты. Балаға әр түрлі пішіндерді тік сызықпен салуға, суреттің үзік сызық бойымен жүргізу, үлгімен сурет салу, суреттің аяқталмаған екінші бөлігін салу − шығармашылық қабілетті, есте сақтау қабілетін, түсті қабылдауды дамытады.

Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады.

Қазіргі дамыған технологиялар арқасында, ермексаздың жетілдірілген түрі хендгам шықты. Ермексаздан айырмашылығы, қолға, үстелге жағылмайды, пішінді сақтамайды. Ұсақ саусақ моторикасының дамытады, агрессияны басады, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады, қолдың бұлшықеттерін бекітеді. Өте пайдалы құрал.

Қағазбен жұмыс. Жай қағаз үлкен мүмкіндіктерге ие. Қағазды кішкентай бөлшектерге жыртып, бөлшектерден сурет салуға болады. Қағазды умаждап, допқа айналдыруға болады, қағазды қырқуға болады. Оригами өнерінің пайдасы ұшаң теңіз.

Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту педагог-тәрбиеші үшін ең маңызды міндет  десек онда, баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға көмектесу қажет етеді.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!