Материалдар / Шығармашылық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1955
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қай халықта қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс – тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығые талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл – Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата – ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді. Оқу мен тәрбие – бір – бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Жаңа заианның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: « Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Иә, Мағжан аталары айтқандай даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат – мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір – бірімен қарым – қатынасы, көңіл күй ерекшеліктері, жүріс – тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі – өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан – жақты жетіледі.

Заман талабына сай шағын оралықтардағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілетін дамыту болып саналады.

Шағын орталықта қазақ тіліндегі топтарға сөздік қорын молайту және орыс тілін үйрету жұмыстары әрбір балаға бір не өзге еркіндік беру арқылы оның жеке тұлғалық қабілетін көздейтін әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруға болады.

Күнделікті әр сабақта бұл әдісті тиімді пайдалану тәрбиешінің шығармашылық шыңдалуымен қатар, балалардан күтілетін нәтиженің жоғары болуына көмектесетіні көрінеді.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Дұрыс тәрбиенің асылы баланың тәні мен жанына керек деп танылған, істерді істеу. Баланың тәні сау, есі дұрыс, зейіні алғыр болып өсуіне керек істерді бала табиғатының тілеуімен, бала табиғатының әуенімен істеу-сол дұрыс тәрбиелеу», -дегендейбұл жинақта баланың сөздік қорын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту үшін ойлауына, жеке қызығушылығың болуына, дұрыс қажетті деген материалды табуға, сол білімін қажет уақытында пайдалана білуіне көңіл бөлінді.

Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген. Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу баршаның ісіне айналған. Отбасының да, мектеп, балабақшаның да, шағын орталықтың да мақсат- мүддесі біреу.-заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бала тәрбиесінде балабақшаның да, шағын орталықтың да алатын орын ерекше деуге болады. Бәрі де бір үйдің еркесі, шағын орталықта баланы ең алдымен тәртіпке салып, дамып жетілуі жолында тәрбиешілер қызмет атқарады. Тәрбиенің тал бесігі шағын орталық табалдырығынан басталады. Ізгілік пен парасаттылықты, талғылымды тәрбие мен біліктілікті бала бойына қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті жүрегіне ұялататын тәрьи ошағының бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуда шағын орталықтың өзіндікорны мен үлесі бар.

«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң бала тәрбиеле»деген дана сөздің өзінен –бала келешегінің дамуына үлкен мән бергенін аңғарамыз.

Сондықтан , тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды қарастыру әрбір тәрбиешінің тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Баланың үйде отырмай шағын орталыққа барғаны жөн. Өйткені бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді,мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады.

Мен «Баланың сөздік қорын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту» әдістемелік тақырыбымен жұмыстанып келемін.

«Сөз, сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» демекші қазіргі таңда балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. С онымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеу де бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында аз сөйлеуге тырысада. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді.Сондықтанда ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі граматикалық жағынан жетілмеген болып келеді. Қазақ тілінің кейбір дыбыстарын бұрмалап айтып, жұрнақ, жалғауларды сөздерде дұрыс қолданбайды.

Осы ауқымды мәселеге байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамитикалық жағын қалыптастыру негізінде сабақтарымда түрлі тапсырмалар, ойын түрлерін жиі қолданамын.

Мен Кабдрахимова Асел Талапқызы 1986 жылы 20 – қаңтарда Жаңақала ауданы Айдархан ауылында дүниеге келдім. 1993 – 2003 жылдарда Жас негізгі жалпы білім беретін мектебін бітіргеннен кейін 2003 – 2006 жылдары Орал педагогикалық колледжіне түсіп, « Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын алдым. 2006 жылы Жас негізгі жалпы білім беретін мектебінде «Аға тәлімгер» болып жұмысқа орналастым. Жұмыс жасай жүріп 2009 – 2012 жылдарда Батыс Қазақстан инженерлік - гуманитарлық университетінде « мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бакалавры» мамандығын алдым. 2007 жылы мектеп жанынан шағын орталық ашылып, сол шағын орталықта аға тәрбиеші болып жұмыс жасап келемін. Жұмыс өтілім – жеті жыл. «Жас ұстаз -2009» байқауына қатысып «Білімді ұстаз» бағамына ие болып мақтау қағазымен марапатталдым. 2012 жылы Батыс Қазақстан обылыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері курсынан өтіп, өз білімімді көтеріп сертификат алдым. 2013 жылы «Жаңа білім –Жаңа ғасыр» Республикалық конкурс бағдарламасы негізінде Батыс Қазақстан обылысы, Казталов ауданында өткізілген «Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және Ұстаз беделін арттыру» тақырыбындағы онлайын көрсетілім арқылы қткізілген ғылыми әдістемелік семинарға қатысып , семинарға қатысушы сертификатын алдым. Жыл сайынғы балалар саны тоқталып өтсем:

2007- 2008 оқу жылында 20 бала тәрбеленеді.

2008-2009 оқу жылында 18 бала тәрбиеленді.

2009-2010 оқу жылында 22 бала тәрбиеленді.

2010-2011 оқу жылында 26 бала тәрбиеленді.

2011-2012 оқу жылында 18 бала тәрбиеленді.

2012-2013 оқу жылында 34 бала тәрбиеленді.

2013-2014 оқу жылында 33 бала тәрбиеленді.

Бұл күнде 33 бала тәрбиеленіп жатыр. Шағын орталықта екі тәрбиеші біреуі – аға тәрбиеші, екіншісі көмекшісі тәрбиеші жұмыстанып келеді. Шағын орталық ішкі оқу және ойын шкафтарымен және киім шкафтарымен, техникалық құралдарымен (телевизор,DVD, видик) жабдықталған. Оқу жылының басынан бастап әр баланы дағдыландыру мақсатында киім шкафтарына фотолары, сүлгілері мен гаршоктарына бірдей суреттер жапсырылды. Берілген техникалық құралдарды өз мүмкіндіктеріне қарай пайдаланамыз. Балалар қоғамдық негізде тамақтанады. Балалар таңертеңгілік жаттығу жасауға дағдыланған. Ата – аналармен тығыз байланыста отырып, әр мереке сайын шаралар өткізіледі. Ата – аналарға жиналыс өткізіліп баяндамалар, әр түрлі ойындар, сауалнамалар өтіп тұрады. Ата-аналарға мынадай бағытта «Бала дамуының психологиялық ерекшеліктері», «Баланы еркелетудің де жөні бар», «Тәрбие отбасынан басталады», «Ұрпақ тәрбиесіндегі ана тілі», «Баланы жаман әдеттен сақтау», «Отбасының адамгершілік құндылықтары», «Ойда жүрер он қағида», «Ата-ана сөзі – тәрбие көзі», «Отбасы тәрбиесінің тиіптері», «Бала тәрбиесіндегі мадақтаумен жазалау», «Адамгершіліктің негізі қандай?»баяндамалар оқылды. Өтілген шараларға балалар да ата-аналарда белсене қатысады.

Шағын орталықтың мақсаты: «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және қолдарын жаттықтыру, түстерді ажырата білуге үйрету». Осы бағытта балаларға түрлі сабақтар өткізіліп отырады.

Өзекті тақырыбым: Баланың сөздік қорын қалыптастыру,ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтарымда мынадай әдіс – тәсілдерді жиі қолданамын түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойындар, сергітулер, би – әндер тағы да басқаларын пайдаланамын.

Тіл дамыту сабағынан: «Үй жануарлары» тақырыбында сабақ өткіздім. Бұл сабақтың мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал – мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ – жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Бұл сабақта балалар үй жануарларын, олардың төлдерін айра білді, қамқорлықпен қарау, адам өміріне мазызды екенін меңгерді.

Көркем әдебиет сабағынан ертегі сабақ «Түлкі мен әтеш» тақырыбына сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің іс – әрекетін сезіну және одан әсер алу. Түлкі мен әтештің әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық қабілеттерін арттыру. Сабақтың жетістігі «Түлкімен әтешті» ертегісін өз беттерінше сахалауды, сөздерді нақты айтуды, кейіпкерлердің бейнелерін ойша сипаттауды меңгерді.

Қарапайым математикадан «Түсіне қарай орналастыр» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Балалардың қарапайым математикаға қызығушылығын арттыру, түстерді ажырата білуге үйрету. Мақсатқа жетуге ұмтылдыру, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту. Сабақтың нәтижесінде әрбір бала түстерді ажыратып, түсіне байланысты орналастырды.

Қаңтар айында Қарапайым математикадан ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы: «Пішінін ата». Сабақтың мақсаты: Өткен тақырып бойынша пішіндер,көлем, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамыту. Жұмбақ шешу, пішіндерден бейнелер құрастыру арқылы тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың нәтижесінде әрбір бала геометриялық пішіндермен мен түстерді ажыратып, ұжымжық жұмыс жасауды, қарым-қатынас жасауды, өз ойларын жеткізіп, сұрақтарға жауап бере білді.

Қоршаған ортаны тану сабағында «Менің отбасы» тақырыбында сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты: отбасы мүшелерінің аттарын атау, тума – туыс, жақындарының есімдерін айыру, оларды сыйлау, жалпы отбасы түсінік қалыптастыру. Бұл сабақта балалар өз ойларын ашық айтып отбасы туралы шағын әңгіме құрастырды. Балалар бір-біріне жүректің суретін жалғастырып отбасына деген өз сүйіспеншіліктерін айтты.

Жапсыру сабағынан: «Әдемі гүлдер» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Балалардың дүние танымын кеңейту, саусақ, қол макторикасын дамыту, әдемілікке тәрбиелеу. Бұл сабақта балалардың қызығушылықтары жоғары деңгейде болды. Әдемі етіп жасауға талпынды.

Көркем әдебиет сабағынан: Ертегі сабақ «Жеті лақ» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің іс – әрекетін сезіну және одан әсер алу. Лақтардың ішкі күйі мен іс – әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін ояту. Сабақтың жетістігі «Жеті лақ» ертегісін өз беттерінше сахалауды, сөздерді нақты айтуды, кейіпкерлердің бейнелерін ойша сипаттауды, лақтардың қимылын салуды меңгерді.

Балаларға 8наурыз –аналар, әжелер, апайлар, қыздар мерекесі екенін ұғындыру, олардың еңбектерінің зор екенін түсіндіру, балабақша мен ата-аналар қатынасын нығайту. Балалардың анаға деген адамгершілік қасиеттерін, сөз мәнерін, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында аналарға «Менің анам осындай» тақырыбында сайыс өтті. Сайыстың қортытындысында аналарымыз мынадай атақтармен марапатталды.

«Білгір ана», «Бұлбұл ана», «Мейірбан ана», «Шебер ана» сонымен қатар кішкентай қыздарға «Балабақша аруы- 2013» сайысы өткізілді. Сайысқа 6 бүлдіршін ару қатынасты. Сайыстың қорытындысында бүлдіршін аруларымыз Маркс Аяулым Темірбекқызы «Биші қыз», Мұхит Сайда Темірбекқызы «Шебер қыз», Набиолла Айнара Шүкңрғалиқызы «Өнерлі қыз», Қуан Ақнұр Әзілханқызы «Нәзік қыз», Құбай Ақкербез «Көрікті қыз» бағамдарымен марапатталса Сұлтан Алина Берікқызы «Балабақша аруы-2013»бағамына ие болды.

Балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Тәуелсіздік мерекесіне арналып өткізілген «Ұрпаққа мақтан, ерлігің дастан, Тәуелсіз Қазақстан», «Тәуелсіздік - тірегім», «Отан – оттан да ыстық» тақырыптарда өткен мерекелік шаралармен бірге халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттері- ата – салт пен ұлттық ұлы дәстүрлерімізді жас ұрпақтың бойына сіңіру жұмыстары да бақшамызда үздіксі жүргізіліп келеді. Әсіресе «Наурыз» мерекелеріндегі «Тұсау кесер», «Бесікке салу», «Ат қою» рәсімдері «Ұлттық бұйымдар» көрмесі балалар мен қоса ата – аналардың да салт – дәстүрге деген қызығушылықтарын арттырады.

Осыдан бес жыл бұрын алдымман өткен кішентай бүлдіршіндерім, қазіргі таңда мектеп қабырғасында оқып жүр. Олардың жетістіктері де бар. Атап айтсам Нағымғалиева Айару «Айгөлек-2011» байқауына қатынасып дипломмен марапатталды, ал биылғы оқу жылында Аудандық олимпиадаға қатынасып «Әдебиеттік оқу пәнінен» 2-орын алып келді. Ал былтырғы оқу жылында дәл осы пәннен Сапиуллина Аяжанда 2-орын алып келсе Қубайев Әлішер мектепішілік және ауданда өткен ән байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүрсе, Әлішердің қарындасы бүгінгі таңда өз алдымда тәрбиеленіп жатқан Құбай Ақкербездің өнері ауылға және аудан обылысқа танымал. Биылғы оқу жылында өткен «Алтын ұя» обылыстық байқауда аудан бойынша 1-орын алып, обылыста «Көрермендер көзайымы» атануда осы Ақкербездің қосқан үлесі зор. Осындай жетістіктерге мен де кішкентай болса да үлес қостым деп ойлаймын. Олардың әліде талай асуларды бағындыратына сенемін. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі, сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты,жаны таза, отансүйгіш, еңбекқор, рухани – адамгершілігі мол, жас ұрпақты тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз.









Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Жас ауылы









«Балдәурен» шағын орталығының

аға тәрбиешісі

Кабдрахимова Аселдің

шығармашылық есебі


















2014 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!