Шығармашылық есеп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық есеп мұғалімдерге ҚМЖ жазу барысында өте қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

  Шығармашылық есеп


  Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісіндегі жағдайын , нәтижесін сондай–ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты.

Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектепте сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

«Еліміздің  2030 жылы барысқа айналдыратын күш –мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар»-деп елбасымыз бекер айтқан жоқ. Ал жас ұрпақты жан-жақты , терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің  тиімді әдіс- тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Біліктілік – бұл білімдегі , тәжірибедегі , берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

               Мен,   Аманбаева Арай Серікқызы   Алғашқы еңбек жолымды 2017-2018 жылы осы «Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығында тарих пәнінің мұғалімі болып бастадым. Аз ғана уақыт осы мектепте жұмыс істегеніммен, осы мектептен көп нәрсені үйрендім деп ауыз толтырып айта аламын, Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің  білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады.  Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын, сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын және оза оқыту технологияларын  жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі   қолданып келемін.

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Менің өткен сабақтарым 8- сыныпта «Заңды білу- заман талабы», «Ақмола тарихы» және сыныптан тыс «Жасөспірім және ғаламтор». 9-11-сыныптармен бірге «Қоғамдық сананың жаңғыруы», «Біздің таңдауымыз заңды мемлекет» атты дөңгелек үстел өткізіліп оқушылар «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына қабылданды. 8-9 сыныптар арасында «Мәңгілік ел- мәңгілік тарих» атты интелектуалдық жарыс ұйымдастырылып, нәтижесінде 9 «а» сынып оқушысы Даулетхан Асель бас жүлдеге ие болса, қалған оқушылар тағы да басқа номинациялар бойынша марапатталды. Жаңартылған білім беруде мұғалімдермен іс- тәжірибе алмасу мақсатында 5-7 сыныптарға «Халықаралық байланыстарды дамытудағы Ұлы Жібек жолының рөлі», «Ұлы географиялық ашылулар нәтижесінде әлемде қандай өзгерістер орын алды» атты ізденіс сабақтарым өз дәрежесінде өтті.

Сонымен қатар аудандық пәндік олимпиададан 9-сынып оқушылары: Джумақан Аружан мен Наурузов Илхам жүлделі 3-орын алып, марапатталды. 

Алдағы уақытта оқушыларымды аудандық, облыстық олимпиадаларға қатыстыруға мақсат етудемін.  Әрине ол үшін шығармашылығы басым сабақ пен ізденіс керек.

    Ұрпақ тәрбиесі ұлттың болашағы. Ендеше сол ұрпақ үшін ұстаз қауымына артылатын жүк оңай емес, сондай қиын істі атқарып жүрген әріптестерім алдағы күндеде де құрметке бөлене берсін. Жақсы оқушы, жақсы азамат тәрбиелеу заман талабы. Бұл міндетті орындауда өз басым бар күш жігерімді аямай еңбек етемін, өзімнің сөзімді  мына жыр жолдарымен аяқтағым келеді:                 

Ұстазға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын беделі – ел таңдауы, халық сыйы.

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп.



Аманбаева Арай Серікқызы





t





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
557
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі