Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шығармашылық есеп Жангарина Айман Ермекқызы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жангарина Айман Ермекқызының шығармашылық есебі
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші ұлы атамыз Абай Құнанбаев айтқандай, ұстаздық жолын таңдаған адамдар балаларға білім беру мақсатында әрдайым ізденісте болады. Оқушыларға сапалы білім беру үшін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін түрлі әдіс–тәсілдерді пайдаланамын. Мұғалімнің басты міндеті оқушыларға сапалы, заман талабына сай,бәсекеге түсе алатын тұлға қалыптастыру.Сондықтан да әрқашанда дамып алға қарай жылжуымыз керек. Білім саласында да көптеген өзгерістер енгізіп жатыр. Яғни, білімді болашақ мемлекетіміздің алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жеткізу. Қазіргі кезде мектепте жаңа технологияларды қолдану жөнінде жиі айтылып жатыр және мектептерді жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл дегеніміз заман талабына сай алға қарай дамуымыздың бір сатысы. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын артырып қана қоймай компьютерлік сауаттылықтарын дамыту, көру арқылы есте сақтау қабілеті де зерек болады. Бірінші айдың «Бетпе-бет» кезеңінен өзіме көп мәліметтер алдым. Балалардың дұрыс емес жауаптарын «сенікі қате, отыр» дегеннен гөрі, оларға дұрыс жауап беруге бағыт-бағдар беріп жіберсең, ол бала ешқашан өзін ештеңе білмеймін деп ойламайтыны, келесі жолы ойланып жауап беруге тырысатынын білдім. Әрқашан балаларға мадақтау сөздерін айтып, сабақта жағымды атмосферасын қалыптастыра білу керектігін, барлық сыныптарда сергіту сәттері мен тренингтер өткізу керектігін түсіндім. Бағалаудың түрлерін өз басым сабақта қолдана қоймайтынмын, формативті, сумативті бағалауды өткеннен кейін, бағалау, кері байланыс, рефлексияны сабақта қолдану, шын мәнінде сабақтың сапасын көтеретіндігі, балалардың ойымен санасуымыз керектігі терең ой салды. Жоғарыда аталған элементтерді сабағымда қолданатынмын, бірақ осыған мен аса назар аудармайтынмын. Зерттелетін сыныбыма кірмей тұрып, мектеп табалдырығын аттадым. Теорияда бірнеше мәрте талқылағанымыздай, алдымнана кедергілер бірінен соң бірі кездесіп жатты. Әріптестердің, әкімшіліктің бірінші қойған сұрақтары «оқу қиын болды ма?». Әрине жаңаша нәрсенің оңай болуы мүмкін емес, бірақ тәжірибеде көптеген нәтижеге жеткізетін курс екенін айттым. Бәрі маған сәттілік тіледі. Осындай көтеріңкі көңілмен үшінші сыныбыма келдім. Дүйсенбі күні 3-сабақ екен. Оқушыларым қуана қарсы алып, қатты сағынғандарын жарыса айтты. Мен де оларға құр қол келмегенімді айтып қуанттым. Кейін мектепке практикаға келгенде тек зерттейтін сыныбымда ғана емес барлық жұмыс жасайтын сыныптарымда осы модульдердің элементтерін кіріктіріп сабақтарды өткіздім. Шынына келетін болсам, оқушылар маған ерекше жылы жүзбен қарап, менің көңілімді аулай бастады. Ары-бері өткен сайын күлімсіреп, қайта-қайта амандасып, қазақ тілі сабағы қашан болады деп сұрап, әсіресе бастауыш 1-сынып оқушылары. Осыған себеп оқушыларға деген менің көзқарасымның өзгергендігі. Сәлемдесу түрлері.
(МК) Мұғалім «Шеңбер әдісі» ережесімен сәлемдесудің мынадай үлгілерін ұсынады: «Сәлем»,«Сәлеметсіз бе»,«Сәлем, менің атым – ...», «Сәлеметсіз бе, менің атым – ...», «Сәлеметсіздер ме», Қайырлы таң! Қайырлы күн !
Тәжірибені өту үшін таңдап алған 1-сыныппен бағдарламаның жеті модулін қолдана отыра, орта мерзімді жоспарды құра бастадым. Қалай оқу керектігін үйрену; сыни тұрғыдан ойлауды үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; диалог негізінде оқыту және оқу.
Тәжірибе барысында өткізген сабақтарымның бірі «Асханада». «Асханада» және грамматикалық тақырыбым «Көптік жалғау» болды. Сабақтың мақсаты: лексикалық тақырыпты меңгерту, сөздік қорларын молайту, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Сабақтарда жеті модульді қолдандым, оның ішінде басым болған «Диалогтік оқыту», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, осы сабақта мен слайдтарды және интернеттен тапқан ақпараттарды қолдандым.
Сабақтың ұранына осындай сөздерді алдым: «Бір-біріңді қайталамай, толықтырамыз, өзгертіп айтамыз. Әрқайсымыз қатысуға ынталанамыз. Бір-бірімізді тыңдаймыз.Тақырыпқа байланысты еркін сөйлейміз». Тізбектелген сабақтарымның бірінші сабағында «Мен саған .... тілеймін» деген тренингті өткізгенде балалар қиналған болатын, себебі қазақ тілінде тілек айту оларға қиынға соқты. Ал осы тренингті қайталау арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайтып және сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруына жақсы ықпал ететініне көзім жетті. Осы сабақта оқушыларды бір тренингпен жалықтырмас үшін «Сәлемдесу» тренингін өткіздім. Оқушылар көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен амандасты. Тренинг өткізгеннен кейін қазақтың ұлттық дәстүрін дәріптеу мақсатында оқушыларға асықтар таратылып, 2 шағын топтарға бөлдім.
Осы тұста бағалау парақшаларынмен қатар жұлдызшалар таратып, өздерін бағалап отыратындықтарын, қалай бағалайтындары туралы естеріне түсірдім. Балалардан слайдтағы суреттің сабаққа қандай қатысы барын сұрадым. Балалар көптеген ойларын айтып жатты. Тақырыптың тақырыбын орыс тілінде В оқушым дәл тауып айтты да, оны қазақшалап А оқушым айтып, толықтырды. Оларды мақтап, мадақтап, мақұлдадым. Спорт түрлері туралы балалардан сұрап, осы тақырып бойынша бар білімдерін тексеріп алдым. Сөйтіп, балалар қазақша айтудан қысылғанын көріп, орысша айтуларын сұрағанымда, олардан тамаша жауаптар алдым да, әр топқа бірдей мәтін алдарына тараттым. Олар мәтінді үнтаспадан тыңдады, өздері оқи бастады. Сұрақтары көп болмау мақсатында мәтінмен жұмыс алгоритімін таратып қойдым. Орысша жазылғандықтан олар еш қиындықсыз тапсырманы топта орындап кетті. Оқыды, түсініксіз, таныс емес сөздерді түртіп алу арқылы сөздік жұмысын да жүргізді. Осы жерде айта кетерім, сыныпта С оқушысы ауызша қасындағы оқушыдан аудармасын сұрап алып, сөздікке жазу барысында В оқушысының көмектесіп жатқандығын аңғардым. Бұл жерде құрдастық оқыту да болды. Сөздердің аудармасын жазып, аударғаннан кейін мен тақтадан слайдымды шығардым, олар тексерген соң, сынып, жұп, топ, жеке болып сол сөздерді менен кейін қайталап, сөздің жуан, жіңішкелігін анықтады, сөз тіркестерін, сөз тіркестерден сөйлем құрастырды. Бұдан соң жұпта біріне-бірі мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап берді. Енді орыс мектебі болғандықтан қиындықтың бар екені, балалардың қазақ тілінде сөйлей қоймайтынын қоя тұра, жаза да алмайтындары барын айтпау мүмкін емес. Сөздерде, сөйлемдерде қателері барын тексеру барысында байқадым. Жалпы ауызша сұрақтарға дұрыс жауап бергенмен, жазбашаға келгенде біршама қателері әрбіреуінде табылады. Келесі тапсырма тақырыпқа байланысты асханада пайдаланатын суреттерді табу. «Асхана?» деген сұраққа көрнекіліктермен жауап берді. 1-топ жемістер, 2-топ көкөністердің суреттерін көрсетіп, дәлелдейді.Мысалы –Мынау алма. Алма қызыл, дәмді
Осы жерде С оқушыларының жұмысқа белсенді қатысты Өзі де мақтау сөз, сыныптың шапалағын естігенде қатты қуанып, ынталана түсті.Екі топ өздерінің жұмыстарын ортаға шығып көрсетіп, қорғай білді. Ал бірінші топ оладың жұмыстарын бармақ арқылы бағалады. Осылай тапсырмалар бапғаланды.
Келесі тапсырма екі топ жемістер мен көкөністердің атауларын қазақша жазу керек,топтар ортаға шығып өз жұмыстарын қорғайды.Бағалау смайликтер арқылы бағалайды. Бұл жерде А оқушы тобының бағыттаушысы болды. Оны айтуымен топ мүшелері тапсырманы бұлжытпай орындады. Содан соң әр топ оқулықтағы сурет бойынша жұмыс істеді. Бұл тапсырманы 1 және 2 топтар дұрыс орындады. Тапсырманы толық түсінбей қалған топтарды да тыңдап, ескертулерді оқушылар өздері айтты.
Сергіту сәттері жалпы тізбектелген 4 сабағымда да тақырыпқа сай, өте қызықты өтті. Мысалы «Денсаулық – зор байлық» атты сабақта оқушылар алма, апельсин және пиязды көздерін жұмып тұрып, иісі арқылы тапты. Ал бұл сабақта балалармен қосылып әдемі би биледік.
Граматикалық тақырып «Көптік жалғауын» оқушылар алдыңғы сабақтарда жақсы меңгергендіктен көп тоқталмай белсенді тақтадағы кластер арқылы қайталап, оқушылар сөз тіркестері мен сөйлемдер құрап оқыды.
Сабақ соңында балалармен «Дүкен» ойынын ойнадық.Мұғалім сатушы ал оқушылар сатып алушылар болып бөліндік. Балалар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.
-Сен не жейсің?
-Сен не аласың? –деген сұрақтар қойылады ал балалар жауаптарын айтады.
Өз ойларын қазақша жеткізе алды , сабақтан алған әсерлерін, көңілдерін білдірді.
Осындай жұмыс балаларды сыни тұрғыдан ойлануға итермелейді.
Сыни тұрғыдан ойлау – тәжірибенің, бақылаудың, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашаққа әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау модулі қазіргі заманның өрлеуіне қарай Қазақстанның ашық еркін азаматын тәрбиелеп, білім беру үшін өте тиімді. Болашақта да бұл модульдің стратегияларын ары қарай қолданамын. Әрине, бұл мақсатқа жету бір немесе екі күндік жұмыс емес, сондықтан да белгілі нәтижеге жету үшін жан – жақты дайындалып, оқушының ынталандырушылық, әлеуметтік, когнетивтік, эмоционалдық аспектілерін ескере отырып, тәжірибе жинақтап, жан-жақты даму үшін қажырлы еңбек ету арқылы жетуімізге болады.
Диалогтік оқыту барлық кезеңдерде дерлік қолданылды. Бірінші сабақта мұғалім –оқушы болатын болса, екінші, үшінші сабақтарымда оқушы-оқушы болып әрекет етті.
Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын толтырып, қолдарындағы жұлдызшаларын бір-біріне тілек айтып сыйлады. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі балаларды сабаққа ынталандырып, бүгінгі сабаққа қаншалықты қатысып отырғандарын өздері байқады, көтеріңкі көңіл күйлері мен шексіз қуаныштары аңғарылды.
Келешекте өз сабақтарыма 7 модульдің барлығын қамти отыра, сапалы білім беріп, басқа ұлт өкілі балаларының қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, көзқарастарын өзгерткім келеді. Өз бетімен білім алуға, ізденуге ерекше мән беру керектігін түсіндіріп, болашақта өз-өзіне «Мен не үшін оқып жатырмын?», «Мен неліктен үздік оқымаймын?», «Мен неге үй тапсырмасын орындамаймын?», «Осының барлығына не және кім кінәлі?» деген сұрақтарын қойып, өз оқулары туралы ойлануына ықпал ету керек екенімді түсіндім.
Өз тәжірибемде осы жеті модульді қолдана отырып сапалы білім берумен қатар оқушыларды ынталандыру мақсатында өз күшіне деген сенімділік, яғни, мен осыны істей аламын, күрделі мәселелерде шешу жолдарын іздеп табуға, кездескен қиындықтарға табандылық танытуға, белсенділіктерін арттыруға бағыт-бағдар берер едім.
Сабақ соңында балалармен кері байланыс өткіздім. –Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? –Балалар Бағдаршамға смайликтер желімдеп жапсырды.
Тәжірибе жинақтап жоғарыда айтылған өзгерістерді енгізуді жүзеге асыру жолында қажырлы еңбек атқарамын. Бұдан былай әр сабағымда бағдарламаның жеті модулін сабақтарымда ықпалдастыра отырып, оқушылардың білім деңгейлерін көтеріп, пәнге деген қызығушылықтарын артырып бәсекеге қабілетті сай тұлға тәрбиелеймін. Осы алға қойған мақсаттарыма жетемін деп сенемін. Бүгінгі таңның талабына сай оқытудың қыр-сырын, жаңа әдіс-тәсілін пайдалана білу - мұғалімнің өз қанжығасында болмақ.Мен сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым; топтық, жұптық, сюжеттік ойын, сергіту сәті.Балалар сабаққа белсенді қатысты.
2018 оқу жылы