Материалдар / Шығармашылық эссе.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығармашылық эссе.

Материал туралы қысқаша түсінік
материал балабақша тәрбиешілеріне керек болады. Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру оның ішінде Туған жер бөлімі тақырыбындағы шығармашылық эссе.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2018
737
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түпқараған ауданы

МКҚК «Ер Төстік» балабақшасы




Шығармашылық эссе

«Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру»













Дайындаған:

МКҚК «Ер Төстік» балабақшасының

тәрбиешісі Г.Сауытбаева







Аташ елді мекені

2017-2018 оқу жылы



«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»


Н.Ә.Назарбаев


Мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын үлкен ықыласпен асықпай оқып шықтым.Елбасының бұл мақаласы –халықтың, қазақтың үлкен, ұлы мәселесі деп білемін. Бұл мақала санасы сергек, болашақты ойлайтын азаматтардың барлығына өте түсінікті деп ойлаймын. Сондықтан, Елбасы айтқандай, рухани мәселелер ең бірінші орында тұруы тиіс.

Мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа алып,оның ішіндегі тәрбие және білім беру кіші бағдарламасы бойынша еліміздің болашағы- балалалар болғандықтан, сол жеткіншектерді жеке тұлға болып қалыптасуы үшін өзімдік үлесімді қоссам деймін.

Елбасының мақаласы төрт салаға бөлінеді. Соның ішінде мен туған жер бөліміне көбірек тоқталдым. Себебі, Елбасымыздың мақаласында туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс делінген.

Мен осы «Ер Төстік» балабақшасында тәрбиешілік қызметте жүріп, шығармашылық жұмысым, яғни «Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту» атты жұмысымды шыңдай, жетілдіру мақсатында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы мені одан әрі жігерлендіре түскендей болды. Өзім ортаңғы топ тәрбиешісі болғандықтан, балалардың ең алдымен ұсақ қол моторикасын дамытудан бастадым десем болады. Себебі, төменгі топтан көтерілген кішкентай бүлдіршіндер қасықты, қарындашты дұрыс ұстай алмайтын, түймесін түймелей алмайтын, бауын байлай алмайтын, балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» іс - шара жоспарын жасақтадым. Атап айтсам, «Туған жерімді сүйемін» атты ашық оқу қызметін өткіздім. Бұл оқу қызметте «Рухани жаңғыру» эмблемасын ұжымдық жұмыс жасау арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыттым. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бөлімі бойынша балаларға туған өлкеміздің керемет, әдемі жерлерімен таныстырып, Форт Шевченко қаласына саяхатқа шықтық. Саяхаттан оралған соң, балалар бір бірімен өз әсерлерімен бөлісіп, буклеттер жасауға кірістік. Буклетте ауылымыздың таулары, ескерткіші, музей, әсем ғимараттар бейнеленген. Күнделікті оқу қызметімде балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар түрлерімен ойнаттым. Атап айтсам, «Туған өлкем», «Жеміс ағашы», «Кірпіге көмектесейік» т.б.

Жұмысымның нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалардың қызығушылықтары артқандығын,қимыл-қозғалыстарының артқандығын және баланың танымдық деңгейі артқандығын байқадым. Бұдан әрі де ұсақ қол моторикасын дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздестіру жұмысын жалғастырамын.

Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.



















Бекітемін:

«Ер Төстік» балабақшасының

әдіскері_______А.Тулекбаева





«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары


Іс-шара атауы

Болатын уақыты

Жауапты

1

«Туған жерді сүйемін»

Ашық оқу қызметі

Қыркүйек

Г.Сауытбаева

2

Туған өлкенің табиғатымен таныстыру

Буклеттер жасау

Қазан

Г.Сауытбаева

3

«Рухани жаңғыру» бұрышымен таныстыру

Қараша

Г.Сауытбаева

4

«Тәуелсіздік-ата бабам аңсаған»

ертеңгілік

Желтоқсан

Г.Сауытбаева

5

«Табиғатты аялайық»

Ашық оқу қызметі

Қаңтар

Г.Сауытбаева

6

«Менің Отаным-Қазақстан»

Ашық оқу қызметі

Ақпан

Г.Сауытбаева

7

«Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы»

Наурыз

Г.Сауытбаева

8

«Қарттарым асыл қазынам»

Кездесу кеші

Сәуір

Г.Сауытбаева

9

«Рухани жаңғыру» көрмесін толықтыру

Мамыр

Г.Сауытбаева









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!