Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шығармашылық жоба. Аспан әлеміндегі саздардың адам ағзасына тигізер көмегі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
АСТРОНОМИЯ бойынша Ғылыми жоба
Тақырыбы: Аспан әлеміндегі саздың адам ағзасына тигізер көмегі
Орындаған: Серикова Аяулым Мақсатқызы
Мамандығы: 3 курс Физика-информатика
Тексерген: Иманжанова Кульбарчин Тлеукановна
Өскемен қаласы
2023 жыл
Мазмұны:
I. Кіріспе
а)Астрономия........................................................................................................
б) Жоба мақсаты....................................................................................................
с)Қолдану нұсқауы................................................................................................
II. Негізгі бөлім
а)Саздардың түрлері...........................................................................................
III. Зерттеу бөлімі
-
Аспан әлеміндегі планеталарға шолу.....................................................
IV. Қорытынды.......................................................................................................
Кіріспе:
Астрономия
Астрономия (көне грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң» ) — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді.
Астрономия - аспан әлемі жөніндегі ен бір қызықты ғылым, ол тек осы күнгіні ғана зерттеп қоймайды, бізді қоршаған мегадүниені зерттейді, сондай-ақ болашақ әлемнің ғылыми суреттемесін жасауга мумкіндік береді. Аспан денелерінін температурасы, химиялык курамы, магниттік ерісі, сондай-ак оларды қозғалыстары жөніндегі мәліметтер туралы астрономия саласы арқылы ұғым қалыптастыра аламыз.Астрономия ежелгі гылымдарльн бірі. Ол адам баласының өмірлік кажеттіліктеріне карай, баска ғылымдардан бәрінен бұрын пайда болган.
Жоба мақсаты: Аспан әлеміндегі саздың көмегі арқылы адамның бет терісін жақсарту. Ең алдымен әр планеталардағы саздарды зеріттеп маска әзірлеу. Бұл маска әсіресе әйілдер мен қыз балаларға үлкен көмегін тигізеді. Бет әлпеттегі әжімдер мен безеулерді жақсы кетіреді.Теріні терең тазартуға және нәзік күтімге арналған тамаша жасанды құрал. Бұл масканы дәріхана , косметика және де көп теген супермаркеттерге сатуға болады.
Қолдану нұсқауы: сазды металл емес ыдысқа салыңыз, жылы су қосыңыз, кремді консистенцияға жеткенше араластырыңыз. Алынған массаны лосьондар, маскалар және орамдар түрінде жағыңыз. Косметикалық мақсатта 5-15 минут бойы қолданыңыз.
Балшық емдік құрал ретінде де таптырмайтын материал болды. Сары балшықты уксуспен араластырып, бұлшық ет созылғанда ем үшін таңғыш ретінде пайдаланған. Бел және буындар ауырғанда ыстық суға керосин құйып, оны балшықпен араластырып, ауырған жерге таңып тастайтын болған. Жан-жануарлардың қасында көп жүретін адамдарда болатын теміреткіні біздің ата-бабаларымыз баланың жылы нәжісімен араластырылған балшықты жағып емдеген.
Аспан әлеміндегі саздардың негізгі 7 түрі бар.
-
Шолпан – Ақ
-
Нептун – Көк
-
Уран – Жасыл
-
Юпитер – Қызғылт сары
-
Марс – Қызыл
-
Меркурий – Сұр
-
Сатурн - Қоңыр
Аспан әлеміндегі планеталарға шолу
Шолпан — күн жүйесіне жақын екінші ғаламшар.
Ол өзінің тығыздығы бойынша екінші орында тұрған планета болып саналады. Бұл Жерге ең жақын, небәрі 38 миллион километр қашықтықта орналасқан.Сұйық күйдегі темір мен никельден тұратын сыртқы ядро планета радиусының 30% құрайды.
“Венера” (КСРО) және “Маринер” (АҚШ) автоматтық планета аралық стансаларында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Шолпан планетасы атмосферасының құрамы 97,3% көмірқышқыл газынан, 2%-дан кем азоттан, 0,1%-дан кем оттектен және 1%-дан кем су буынан тұратындығы анықталды.
Ақ саз. Оның құрамына каолинит минералы кіреді. Ақ балшық жоғары сіңіргіштік қабілетке ие, сондай-ақ оның антисептикалық және бүркеуіш әсері бар.
Оның құрамында кремнезем, цинк және магний көп.
Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетін Есекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.
Құрамында Сутегі
(H2), Гелий, Метан, Сутегі дейтериді
(HD бар.
Көк саз. Балшықтың бұл сұрыбының құрамында кобальт
пен кадмий тұздары көп болғандықтан оның түсі көк. Көк балшық
бұлшықет әлсіздігін жеңілдетуге, буындардың қозғалғыштығын
жақсартуға және зат алмасуды қалыпқа келтіруге
қабілетті.
Ол семіздікті, гипотиреозді, қатерлі ісіктер мен радиацияның әсерінен пайда болған ауруларды кешенді емдеу үшін қолданылады. Сонымен бірге, көк саз косметологияда қолданылады. Ол терінің зат алмасуын жақсы белсендіреді, жергілікті қан айналымын жақсарта отырып, өлі жасушаларды майдан босатып, тазартады, сондай-ақ қабынуды кетіреді.
Уран — Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан.
Уран - күн жүйесіндегі ең төмен температураға ие планета, одан да алыстағы Нептуннан асып түседі. Атмосфераның бір қабатында -224 °С температура байқалды.
Құрамында Сутегі (Н2) 15±3% Гелий 2,3% Метан 0,009% (0,007-0,015%) Сутегі дейтериді бар.
Жасыл саз. Құрамындағы мыс пен темір оксиді балшықтың бұл түріне жасыл түс береді. Бұдан басқа, жасыл балшықтың құрамында мырыш, фосфор, кобальт, магний, кальций, алтын және күміс бар. Жасыл балшық косметологияда майлы теріні терең тазалау құралы ретінде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, ісікті жақсы кетіріп, май бөлінуді төмендетеді және терідегі ұсақ тесіктерді тарылтып, әжімдерді тегістеп, терідегі қан айналым мен зат алмасуды жақсартады.
Юпитер
– Күн жүйесіндегі ең үлкен
ғаламшар. Юпитердің массасы, Күн жүйесіндегі барлық планеталардың
жалпы массасынан – 2,47 есе көп. Оның көлемі туралы айтатын болсақ,
Юпитердің ішіне Жер сияқты 1300 ғаламшар сыйып кетеді. Оның күшті
гравитациялық өрісі, комета және астероидтарды өзіне тартып алып,
Жерді қақтығыстан құтқарады.
Ол сутегі және гелийден
тұрады.
Қызғылт Сары балшық. Саздың бұл түрінің құрамында натрий, күкірт және үш валентті темір бар. Балшықтың сары сұрыбы остеохондроз, асқазан-ішек жолдары аурулары мен инсульт, мигренді емдеуде қолданылады. Косметологияда оны қабынуды басып және теріні сергітетін, зат алмасу жүйесіндегі заттарды тері арқылы шығаратын құрал ретінде кеңінен қолданады. Сары балшық целлюлитпен күресуге көмектесетіндіктен, косметологияда да қолданылады.
Марс (Қызылжұлдыз) — Күн
жүйесінің Күннен бастап санағандағы
4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа
диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,93
г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2, орташа
температурасы -60 °С. Құрамы Көмірқышқыл газ 95,32 %,Азот 2,7 %,
Аргон-40 1,6 %,Оттегі 0,145 %,Көміртек монооксиді 0,08 %
Су буы бар.
Қызыл балшық. Мыс, калий және темірдің алюминий-кремний қосылыстары сазға қызыл түс береді. Бұл түрдің сіңіргіш қасиеті төмен болғанымен, бірақ құрамында темірдің болуына байланысты темір жетіспеушілікке пайдалы.
Сонымен қатар, қызыл саз гипотония, жүрек-тамыр аурулары және тамырдың варикозды созылуында қолданылады. Аллергиялық бөртпелерге де жақсы көмектеседі.
Меркурий — Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета. Ол Жерден 18 есе жеңіл, ал диаметрі Жердікінің бестен екісіне әзер жетеді. Меркурий бетінің ауданы 74,8 млн км^2, экватор ұзындығы 15 329 км. Меркурийдің өлшемін жақсырақ елестету үшін, оны Аймен салыстырайық — бұл планета біздің табиғи серігімізден небәрі 30%-ке ғана үлкен. Құрамында 31.7% Калий,24.9% Натрий, 9.5% Атомдық Оттегі, 7.0% Аргон, 5.9% Гелий, 5.6% Молекулярлық Оттегі, 5.2% Азот, 3.6% Көмірқышқыл газ, 3.4% Су, 3.2% Сутегі бар.
Сұр балшық. Бұл саздың құрамында көміртегі мен темірдің болуына байланысты түсі сұр болады. Бұлардың құрамы неғұрлым төмен болса, түсі соғұрлым ашық. Яғни, балшықтың құрамында темір мен көміртегі аз болса, оның түсі сұр болады. Сұр сазды қабыну аурулары кезінде, дене температурасы көтерілгенде, тахикардия, дерматит кезінде қолданады. Ал косметологияда құрғақ және солып қалған теріні сергітіп, ылғалдандыратын құрал ретінде қолданылады.
Сатурн (қаз. Қоңырқай) — Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар. Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегінің және 7 пайызы гелийден тұрады. метанның, су буының, аммиактың және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады.
Қоңыр
саз. Қара балшық секілді қоңыр балшықтың
құрамында да көміртегі мен темір бар, бірақ басқа пропорцияда.
Бірақ, екеуінің де пайдалануға арналған нұсқаулары бірдей.
Табиғи сазбен емдеу массаж, гидротерапия, ароматерапия, күн және
әуе ванналары, сондай-ақ табанға рефлекторлық әсер етумен
біріктіріледі.
Қорытынды:
Қортындылай келе, Саз емдік құрал ретінде кеңінен қолдануға болады. Соның ішінде тыныс алу жүйесінің аурулары, атап айтқанда бронхит, бронх демікпесі, гайморит, фронтит, тіпті баспаны да емдеуде пайдаланылады. Балшық қимыл-тірек аппараты ауруларында – радикулит, неврит, невралгия, артрит, сондай-ақ дене көгеріп, буындар шыққанда да қолданылады. Ал асқазан-ішек жолдарының аурулары сыртқа және ішке қолдану арқылы емделеді.
Бірақ, сазбен емдеу қаншалықты зиянсыз болғанымен, оның өзінің қарама-қайшылық көрсеткіштері бар. Сондықтан балшықты қалай пайдалану керектігі бойынша көрсетілген барлық ұсыныстарды, сондай-ақ рәсімдерді орындау кезінде және әсіресе ішке пайдалану кезінде міндетті түрде дұрыс мөлшерді сақтау керек.