Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шығармашылық жұмыс: Баяндама "Оқу үрдісінде сыни ойлауға үйрету арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту."
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқу үрдісінде сыни ойлауға үйрету арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Кіріспе
1.1 Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту туралы түсінік.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген.
Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтырымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.» деп атап көрсетілген.
Бүгінгі мұғалімге педагогтік шеберлік қажет. Орыс педагогы К.Д. Ушинский “Ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса сабақ тартымды, тиімді болары сөзсіз” десе
Қ.Р Білім туралы заңының 8 бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық,ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу” деп атап көрсеткен.
Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдер енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.
Барнс оқытудың тиімділігі мұғалімді тыңдағанда ғана емес, тиісінше вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында сапалы болатынын алға тартады. Қазірдің өзінде сыныптағы балалардың өзара сұхбаты танымдық қабілеттерін аша түсетіндіктерін айқын көрсетуде. Мысалы:
-
оқушылар тақырыпты кеңірек ашуларына мүмкіндік алады;
-
бірінің идеясын бірі тыңдауына, қабылдауына жағдай туады;
-
оқушылар өз ойларын дәлелдеуге тырысады;
-
мұғалімдер оқушылардың білімінің деңгейін анықтауына мүмкіндік
туады;
-
сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
-
ойын жеткізуге дағдыланады;
-
өз ойын айта отырып өзінің есте сақтау қабілетін жақсарта алады;
-
сұхбат барысында белгілі бір тақырып төңірегінде ғана ой толғауына
мүмкіндігі туады;
-
тілдік қорын толықтыра алады;
көркем әдебиет оқу қажеттігін түсінеді;
Аз ғана уақыт ішінде өткен тәжірибелік жұмыстар барысындағы осы өзгерістердің өзі бұл жобаның білім беру ісіндегі маңыздылығын көрсетеді деп сеніммен айта аламын.
Қорыта айтқанда, оқытудағы диалог арқылы сыни ойлаудың маңыздылығы арқасында оқушы «Көре, көре көсем, сөйлей, сөйлей шешен болады».
ІІ.Негізгі бөлім
2.2 Тарих пәнінен білімді меңгертудегі іс-тәжірибем:
Шығармашылық тақырыбым:
Оқу үрдісінде сыни ойлауға үйрету арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Мақсатым:
Оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Топтық тергеу
11 «А» сынып Қазақстан тарихы
Сыныптағы оқушылардың барлығыижәне шағын топ құрамында қатысқандықтан команда жауапкершілігіне үйретеді, сонымен қатар материалды жан-жақты ойлау тұрғысынан қарастыруға және түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ материал көлемінде қалып қоймай, кеңірек ізденіс жасауға және қол жеткізуге болатын ресурстарды пайдалану дағдысын дамытады.
1 қадам: Үйге берілетін тапсырма болса қайталау ретінде, егер жаңа сабақ болса алдын-ала тапсырмаларды ізденіс ретінде қажетті материалдарды жинақтау керек.
2 қадам. Сыныпты алты адамнан тұратын топтарға бөліп, мәтінмен таныстырамын.
Баяндап беруші: (оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы оқиғаның мазмұнын дайындау);
Зерттеуші: (оның міндеті мәтінге байланысты басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау);
Сұрақтар құрастырушы: (негізгі оқиғаларды қамтитын сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды);
Сілтемелер табушы: (оның міндеті әңгіменің тақырыбын руханилығын ашатын немесе құптайтын кез-келген сілтемелерді, белгілі және аздап белгілі афоризмдер және мәтелдер табу);
Бейнелеуші-суретші: (оның міндеті оқиғаны ауызша суреттеу);
Дәнекер: (оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру);
«Тұлғаны танып біл» оқыта үйрету ойыны.
8 «А» сынып Қазақстан тарихы
Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бейнені табу үшін, алты бөлікті ұяшықта ұпаймен берілген сұрақтар жасырылған.
10 ұпай
|
20 ұпай |
30 ұпай |
40 ұпай |
50 ұпай |
60 ұпай |
Абылайдың кеңесшісі болған қазақ мемлекетінің саяси тарихындағы белгілі оқиғаларды баяндайды. (Бұхар жырау) |
Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат қалдырған. (Үмбетей жырау) |
ХІХ ғ 80 ж өлке тарихының белгілі зерттеушісі В.В.Веселовский Жоңғария картасын алғаш рет жазбаларында жариялады? (Орыс географиясы қоғамында) |
Орта жүздегі ұлы тұлғалар, қазақтың ұлы ханы Абылайдың керемет қасыиеттерін жырлаған. (Тәттіқара ақын) |
Елін, жерін қорғап аты аңызға айналған сардарлар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларды жырлаған. (Ақтамберді жырау) |
Суырып салма ақын. Шығармашылығының ең басты жетістігі «Қоз Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының қазірге дейін сақталуы дерлік. (Жанақ ақын) |
«Мағынаны тану»
9 «А» сынып Қазақстан тарихы.
-
Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі. Мысалы:
1-топ:Ы.Алтынсаринның «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің астарындағы мағынасын ашып, постерге түсіреді.
2-топ: Абылай ханның арманы орындалды ма?
3-топ: Ой толғау: «Тәуелсіздік тақырыбына өлең шығарды».
4-топ: Шығармашылық тапсырма: Тәуелсіздік тақырыбына эмлбема жасайды.
2)Сынып стикерлердің түсіне қарай 3 топқа бөлінеді. Әр топ өздеріне берілген логикалық тапсырмалардың астарында қандай саясат жатқанын ашып, қорғайды.
1-топ: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын. И.Сталин»
2-топ: С.Сәдуақасов: «Голощекин жолдастың,-деді ол жүн жуатын орнынан әрі бармай, дұрысырақ айтқанда, барғысы келмей отырғаны неліктен, ал шұға фабрикаларын ұйымдастыру өзінен-өзі керек болып отыр ғой. Жуылған жүнді, сол жүннен жасалатын «мәскеулік» шұғані әрілі-берілі екі рет тасығанша, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден тасып әкету темір жолға да оңайға түспей ме?»
3-топ: Қазақ АКСР өнеркәсібін техникалық және экономикалық қамқорлыққа алу жөніндегі штат жобасында: «Дүние жүзіндегі тұңғыш пролетарлық мемлекеттің қалың жұмысшылар бұқарасы шығармашылық күштерінің қуатты серпіні бұрынғы патша өкіметі кезінде мейлінше аяусыз отарлық, құлдық нысаны болып келген алыс шет аймақтарды қамтып, жұмысшы табының бірлігін іс жүзінде дәлелдеуге тиіс ... Шығыста кеңестік Социалистік Республикалар Одағының қуатты индустриялы тірегі құрылуға тиіс, ал сарқылмас табиғи және кен байлықтары бар Қазақстан осындай тірек бола алады және болуға тиіс» делінген, штаб қандай қамқорлықты жүзеге асырды.
-
7 «А» сынып Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: «ХІҮ-ХҮ ғ Қазақстанның сәулет өнері»
Сынып оқушылары суретті мозайкалар арқылы 4-топқа бөлінеді.
-
«Жошы хан» тобы.
-
«Алаша хан» тобы.
-
«Қ.Иассауи» тобы.
-
«Арыстан баб» тобы
1-тапсырма: топ оқушылары өз аттарындағы кесенелер тарихы постерге түсіреді және қорғайды.
2-тапсырма:«Кесене тұрғызу»
Әр топқа сұрақтар жазылған кірпішке ұқсас кесенелер қиындылары беріледі, оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, кесенені тұрғызады және қай кесене екенін табады.
Сұрақтар:
-
Айша бибі кесенесі қай ғасырларға жатады?
-
Айша бибі кесенесі қай жерде?
-
ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы қандай сәулет өнерінің ескерткіштері сақталған?
-
Ұлытау төңірегінде, Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендерінің құяр жерінде орналасқан кесене?
-
Сырдария өзенінің жағасында (қазіргі Қызылорда облысы, Төменарық жол торабынан солтүстікке қарай-5 км, Сығанақтан оңтүстікке қарай-8 км) тұрғызылған әулетті күмбез?
-
Ескерткішке қатысты Ж.Басығарин, Е.Қасымов, И.Кастаный, В.Бартольд еңбектерінде тарихи мәліметтер сақталған. Мұнда Әбілхайыр ханның сүйегі жатыр. Бұл қай кесене?
-
Көккесене кімге арнап тұрғызылған?
-
Қ.А.Иассауи қай жылы дүниеге келген?
-
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Қ.А.Иассауи кесенесінің оңтүстік-шығыс жағында 60 метр жерде орналасқан кесене?
-
Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында, Жезқазғанның солтүстік шығысынан 55 км қашықтықта орналасқан кесене?
-
Тектұрмас кесенесі қай жерде?
12.Шамансұр (Дәуітбек) кесенесі қай жерде?
«Кім? Қайда? Қашан?» ойыны .
9 «А» сынып Қазақстан тарихы.
Кім?
-
Индустрияландыру жылдарында Қазақстанды кім басқарды?
-
Республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шыққан кім?
-
Түрксіб құрыдысына құрылған ынтымақтастық комитетінің төрағасы?
Қайда?
-
Индустрияландыруды бастау туралы шешім қайда қабылданды:
-
Түрксіб темір жолы Алматыдан қайда созылуға тиіс еді?
-
С. Сәдуақасов Қазақстаннан дайын шұғаны темір жол арқылы қайда шығаруға ұсыныс жасады?
Қашан?
-
Индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге қашан жеткізді?
-
Қашан халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің 24 пайызын жұмысшылар құрады?
-
Индустрияландыру қашан басталды?
«Сахналық қойылым»
6 «А» сынып Қазақстан тарихы.
Әр топ оқушылары өздеріне берілген мәнмәтінді оқып, топ ішінде талдайды.
Топтағы оқушылар өздеріне берілген мәнмәтін бойынша сахналық қойылым көрсетеді.
1-топ: «Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздері»,
2-топ: «Адамзат баласының шығуы»,
3-топ: «Алғашқы адамдардың кәсібі»,
4-топ: «Қазақстан климаты»
Эдвард де Бононың «6 ойлау шляпасы»
11 «А» сынып Қазақстан тарихы
Әр топқа түрлі-түсті шляпалар таратылады, шляпалардың түсіне қарай тапсырмалар беріледі.
Сынып оқушылары стикерлердің түсіне қарай 6 топқа бөлінеді.
Оқушылар берілген тапсырманы топ ішінде белгіленген уақытта орындайды.
Ақ (бұлттар) – көтеріліске қатысты даталар, негізгі шайқастарды тауып, картадан көрсетеді;
Қызыл (от) – Менің түйген ойым... (ой толғау);
Қара (тұман) – көтеріліс басшыларына арнау жазады;
Сары (күн) – Қозғалыс басшыларына фотогалерея жасайды;
Жасыл (дала) – қозғалыс жайлы жазылған шығармаларды жинақтайды;
Көк (аспан) – тақырыптағы термин сөздерді теріп, мағынасын ашады;
«Кубизм» әдісі:
Оқушылар кубиктің 6 қырындағы сұрақтарға жауап береді.
-
Сақ кезеңі мәдениетінің көрнекті өкілі б.з.б ҮІғ өмір сүрген ойшылы кім? (Анахарсис)
-
Шілікті қорымынан не табылды? (13 қола жебе және қорамсақ)
-
Қай ғалым Алтын киімді адамды сақ ханзадасына жатқызды? (Қ.Ақышев)
-
41 обадан тұратын құрбандыққа шылынған 13 жирен жылқы қаңқасы табылған қандай қорым? (Берел қорымы)
-
Күміс тостағандағы жазу қанша таңбадан тұрады? (26)
-
Сырдария жағасында А.Македонский бұйрығымен салынған қала қалай аталады? (Александрия Эсхата)
«Бейнелі жады» оқыта үйрету ойыны:
Шарты: әр топтың тапқырлығын, ойларының бірегейлігін, білімін бағалау. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша мылқау сахналық қойылым дайындайды. Өзге топтар қандай тақырыпта қойылым қойылғанын табады.
1-топ: Үйсіндердің саяси құрылымы:
2-топ: Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері.
3-топ:Үйсіндердің шаруашылығы мен өнері.
Қорытынды:
3.3 Сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдаланғаннан кейінгі нәтижем:
Оқушылар;
-
ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді;
-
сыныпта орнаған ыңғайлы жағымды орта психологиялық тұрғыдан оқушыларға ұнамды болды;;
-
ойлау процесін меңгерді (талдау, жинақтау, салыстыру);
-
шығармашылық пен жұмыс жасауға қабілеті артты;
-
өзгенің пікірін тыңдауға, сыйлауға үйренді;
-
оқушылар жаңа сабақты жоспарлау, дайындау үдерісіне қызығушылықпен қатысты;
-
топтық жұмыстардағы пікірталасқа барлық оқушы теңдей қатысты;
-
оқушылар өзін-өзі бағалаудағы дағдыларын дамытты;
Пайдаланған әдебиеттер:
-
С.Мирсеитова Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды 2011.
-
М.М.Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы 2002.
-
М.Қ.Қозыбаев Қазақстан тарихы. 10-сынып. Алматы. Рауан 1997.
-
Қазақстан тарихы. Әдістемелік нұсқау. 9-сынып. Алматы «Мектеп» 2009.
-
А.Әлімов. С.Мирсеитова Мектеп және жоғары оқу орындары: ой қозғағыштар, ізденістер, табыстар. Алматы 2005.
-
Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал. 2012 № 2,4.
-
Сандибаева Назира Абдикадировна Мектептегі оқу эксперименті арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Алматы 2010.
-
Күлбарам Сәдуақасқызы Оқу процесін нәтижеге бағыттау жағдайында оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу. Астана 2006.
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей.
-
Freeman. J., 1998 Edukating the Veru Able /Ерекше қабілеттерді дамыту/ The
-
Stationeru Offce, LondonEyre. D and Love. H., (2002). Curriculum Provision for the Gifted and Talented in the Sekondary Schol. (Орта мектептегі дарынды және талантты оқушыларды оқыту) David Fulton.