Материалдар / Шығармашылық жұмыс: "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру"

Шығармашылық жұмыс: "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жұмыс: "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру" балабақша тәрбиешілеріге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2024
346
4 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







«Salim-bi» балабақшасы.








Шығармашылық жұмыс

«Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру»






Тәрбиеші: Г.Хажиханова











Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру.

Бала тұлғасының интелектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңестігінің басты міндеттері болып табылады.Қиял-біздің өміріміздің бір қыры.Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса,ғажайып өнер туындылары, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. «Бала тәрбиесі – бұл ата-аналардың ерекше азаматтық борышы» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай бала тәрбиесі қашанда маңызды міндеттердің бірі болып табылады.Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген.Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан.
Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін, қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз.Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам.Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді.Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын»-деген екен.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол.

Ертегілер құрамы жағынан әр алуан, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді.Ертегі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаға жеткізе білу керек.Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйрету, балаларды қызықтырып ой-қиялын дамыту оны баяндауға жетелеу, сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту, ертегі кейіпкерлерін талдау барысында жағымды мен жағымсыздықты ажыратып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету үшін мен алдыма мынандай міндет, мақсат қойдым: қоршаған әлемді таныстыру,заттармен құбылыстарды ажырату. Ертегілер қоршаған әлемді дүниенің тұтас күшін танумен бірге сан алуан күйде ондағы заттар мен кұбылыстардан хабардар етеді. Мұндай шығармалар ересектермен балалардың бірлескен әрекеттерінің мазмұнын байыта түседі яғни мен балаларға ертегі оқығанда таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде жетелеумен қатар,кітаптағы мазмұнды баяндай отырамын,сонда ертегі балаларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырып, ойын, қиялын ,тілін дамытады. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.

Ертегі терапиясы арқылы балаға мынадай қасиеттерді сіңіруге болады:

          Баланың шығармашылығы дамиды;

          Ойлау қабілеті дамиды;

          Баланың бойында тапқырлық дамиды;

          Өз ойын жеткізе білу;

          Рөлге ене білу;

          Сөйлеу мәдениеті және т.б. қасиеттері дамиды.

Қазіргі таңдағы көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, ертегі емдік мақсаттағы қолданылатын терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр.Ертегі терапиясын қолдану арқылы дәрігерлер диагнозды баланың ешқашанда дауыстап айта алмайтын көңіл-күй жағдайларымен айқындайды. Ақ халатты абзал жандар баладан «ұядан құлаған балапанға қалай көмектескеніміз дұрыс?» деп жөн сұрайды және барлық емделушілер бір ауыздан «шешесін шақырсын немесе әкесі келіп оны құтқарсын»- деп жауап беріпті. Бұл тұста дәрігерлер баланың жауабынан оның өміріндегі қиындықтарынан ата-анасы қол ұшын бермесе « ешқашан құтыла алмаймын-ау»- деген жасырын үрейлі белгіні аңғарады. Егер мұндай құтқарушылары келмеген жағдайда «балапан ұшуды білмегендіктен өледі», «сол жерде жатып аштық пен суықтан өледі, оны мысық жеп кетуі мүмкін» деген үрейге толы жауаптар қайтарған баланың ары қарайғы өмірінің тұманды екені, оның үлкен психологиялық депрессияның алдында тұрғаны аңғарылған.

Ертегімен жұмыс жасау барысында мынадай әдістерді қолданған жөн:

1. Ертегіні талдау. Мақсаты – әрбір оқиғаны, әрбір кейіпкерді, әрбір бейнеленген сюжетті түсіне отырып шыққан қорытындыны ұғыну. Баладан көбінесе өз ойын сұрап отырған жөн.

2. Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдіс баланың елестете алу қабілетін, қиялын дамытады. Балаға бұл ертегіні қатысқан немесе қатыспаған кейіпкердің атынан баяндап беруді ұсынуға болады.

3. Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру. Ертегінің мазмұны немесе оқиғаның шиеленісуі, аяқталуы ұнамаған кезде қолданылатын әдіс. Ертегіні қайта жазып немесе кейіпкерлерін өзгертіп бала өзінің бойындағы өзгерістерді көрсетіп, шешімін таппай жүрген жағдайларды шешіп, өз ішіндегі толғаныстардан босай алады.

4. Қуыршақтар арқылы ертегіні сахналау. Бұл баланың қимыл – қозғалыстарын неғұрлым шынайы етіп, қуыршақтың мінез – құлқын да шынайы сомдай алуына көмектеседі. Қуыршақтармен жұмыс жасау арқылы бала өз бойындағы өзгерістер мен эмоцияларды жағдайларға байланысты көрсете алмайтын жақтарын көрсетуге мүмкіндік алады.

5. Ертегіні құрастыру. Кез – келген қиял – ғажайып ертегілерде мазмұнның даму заңдылықтары бар. Басты кейіпкер бір отбасында дүниеге келіп, қиындықтарға тап болып, ол кедергілерді жеңеді және үйіне оралады. Сонымен, ертегі барысында кейіпкердің өмірі ғана сипатталмай, жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі айтылады. Қорыта келе педагог-тәрбиеші ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білуі қажет. Ертегіге негізделген ғажайып ойындар адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтайды.

Ертегі адамзаттың барлық даму мүмкіндігін ашады. Мәселені «ертегімен» шешу тәсілін меңгере отырып, бала, жеткіншек, ересек оны шынайы жағдайға алмастырады. Бірақ, қазіргі балаларға ертегіні жай оқу, оның кейіпкерлерін бояу, сюжеті жайлы әңгімелесу аздық етеді. Үшінші мыңжылдықтың баласымен міндетті түрде ертегіні мағыналап, бірге іздеп, жасырын мәндері мен өмірлік сабақтарын бірігіп іздестіру қажет. Бұл жағдайда ертегілер баланы ешқашан шынайылықтан алшақтатпайды.

Керісінше, шынайы өмірде жетекші болуына көмектеседі.

Сондықтан, біз ертегі терапиясын ғажайып оқиғалар мен шынайы өмірдегі мінезқұлықтың, ертегі мәндерін шынайылыққа алмастыру үрдісінің арасындағы білім беру байланысы ретінде анықтаймыз. Ертегіні айтып немесе көрсетіп қана қоймай, оны оқу қызметін басқа салаларымен мәселен көркем әдебиет пен сурет салу оқу қызметін байланыстырып өткізуге болады. Балалар «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша ұнаған кейіпкерлердің суретін өз қиялымен қағазға түсіреді.Бала ертегіні тыңдау аркылы, ондағы жағымсыз кейіпкерлерді әртүрлі әдіс –тәсілдер арқылы жағымды етіп көрсетуге тырысады. Осы технология арқылы баланың қиялы дамып, сөздік қоры көбейіп , жаңа сөздер, сөйлемдер ойлап табады. Ал келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде осы суреттер арқылы дидактикалық ойындар ұйымдастырамын. Мысалы:«Қай ертегіден », «Қай кейіпкерге ұқсағың келеді?», «Менің сүйікті кейіпкерім» т.б. «Мүсіндеу» білім беру саласында саусақ қимылдарын жаттықтырып қана қоймай, жаңа кейіпкерлер, яғни, балалар өз қиялымен осы заманға сай кейіпкерлерді ойлап тауып, мүсіндеулерін сұраймын. Мысалы: сиқырлы құс, өрмекші адам т.б. Сол сияқты ертегіні сахналау , кейіпкерлендіруді түрлі сәбилер тобында театр арқылы жүргізіп отырамын. «Қоян мен түлкі», «Қолғап», «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен әтеш», «Маша мен аю» т .б. ертегілерін сахналағанда балалар кейіпкерлердің мінез - құлқын,іс – әрекетін жасауға тырысады. Осы әрекеттер арқылы олардың ертегіге деген қызығушылығы артып, ойлау қабілетті дамып, өздеріне шығармашылыққа жол ашады.Бала ертегіні тыңдап,түсінгеннен кейін қайталап айту барысында үнтаспаға жазып,оны өздеріне тыңдатамын. Балалардын ойлау, жаңа сөз игеру бейімділігі жетіліп, грамматикалық дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді. Сол сияқты ертегіні суреттер бойынша айтқызудың балалардың ақыл ой, қиялының дамуына әсері мол.Суретті көрсету арқылы ертегіні дәлме-дәл жеткізе алады. Есте сақтау қабілеттерін дамыту үстінде көптеген ертегілерге байланысты ойындар ойнатамын. Мысалы: «Ертегіні баста», «Ертегіні аяқта» , «Ертегіні есіңе түсір» т.б. Ертегіні тек балаларға үйретіп қана қоймай, балалардың ата-анасына да мағлұмат береміз. Ата-аналарға сауалнама, ертегі суретттері, мазмұны таратылып, ертегі бойынша түрлі кейіпкерлерді дайындау тапсырылып, дөңгелек үстел, ойындар ұйымдастырылады.Тапқырлық пен төзімділікке тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап, естіп өскен бала мейірімді,үлкенді сыйлайтын өз елін, Отанын қорғайтын азамат болып өседі.

Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады. Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ