Шығармашылық жұмыс.Ши тоқу өнері. Шидің тұрмыста қолданылуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық жұмыс.Ши тоқу өнері. Шидің тұрмыста қолданылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылықпен айналысамын деген мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Ши тоқу өнері. Шидің тұрмыста қолданылуы
Қолөнер- асыл мұра.
Халық қолөнері ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан шығармашылықтың
қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп, жаңарып
түрлене келіп, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер.
Қазақтың ұлттық қолөнерінің мағынасы өте үлкен. Әрі дүние жүзінде сирек
кездесетін белгілі қолөнер деуге болады.
Шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікте пайдаланумен қатар,
халық өнерінің мақтаныш етер жетістігі. Ісмерлердің арқасында түрлі мүліктер
бұйымдар жаңа түрге еніп, құлпырып асыл дүниеге айналған. Соның айғағындай болған
мына «Шебердің қолы ортақ», «Шеберді ісімен танисың» т.б. халық мәтелі шебер ісін
дәріптеп тұрғандай.
Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта
Азия халықтарына ( қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы өзбектер,
қарақалпақтар ) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне
тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланып келеді.
Ол үй бұйымы ретінде кереге сыртында қанат шилар ғана тұтылады. Ал өреше, шытпа
шилерді музейлерден ғана көреміз.
Ши – дала шөбі.
Ши- астық тұқымдасына жататын өсімдік. Биіктігі 50-250 см, сабағы көк, тік өседі, түсі
көгілдір, беті тегіс, мықты, түп жағы көптеген ескі жапырақты. Жапырақтары ұзын,
жіңішке ені 3-5 мм, өте қатты. Сыпыртқысының ұзындығы 15-50 см, маусым, шілдеде
гүлдейді. Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік шығысында,
Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде, Қазақстанның дала, шөлейт
аймақтарында, тау беткейлерінде, әдетте суға жақын жерлерге өседі.Ши бунақталып, әр
бунағына қабықша жапырақ жабыса өседі, өңі жылтыр жасыл, басында үкілі шашағы бар
бір жылдық өсімдік. Сабағынан ши тоқылады, гүл шоғыры мен қысқа сабағынан
сыпыртқы жасауға немесе үйді әсемдеуге болады. Ши қыста мал жайылымына жақсы.
Күзде алдын ала өсімдік атаулы өсіп жетілген кезде таңдап ши алынады. Оны белінен
байлап, үйдің босағасына баулап таңып қояды. Ол арада біраз уақыт өткенде кебеді.
Кепкен соң талдап қабығынан тазартып, бас- аяғын тегістеп қырқады. Сонда басындағы
үлпілдегінен, аяғындағы түбіртегінен тазартылады.Ши сонымен тоқу жұмысына дайын.
Ерте кезде тұрғын үйдің негіхгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға
топтплып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын боған. Ерлер жағы ши өсімдігін
түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған.
Шиді күзге қарай дайындаған.
Ши түрі. Шидің тұрмыста қолданылуы.
Ши бұйымы жалпы сырт көрінісіне қарай, композициясы, негізгі түрі жағынан үш
топқа бөлінеді: ақ ши, ораулы ши, шым ши. Қазақ халқы арасында осы түрлерінің
әрқайсысы орын-орнымен, әр түрлі мақсатта қолданылады.
Ақ ши дегеніміз- оралмай тоқылатын шиді айтады. Ақ шиді киіз басуға, сүзгіге, мал
сойғанда еттің астына төсеуге, құрт, ірімшік жаю үшін пайдаланылады.Киіз үйге
төселген киіз ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшінде төсеніш ретінде киіз
астына төсейді.
Өнебойы тұтас емес, әр жерінен аралатып оралған шиді ораулы ши дейді. Мұндай
ораулы шиді сәндік үшін ұстайды.Ораулы шиді киіз үйдің керегесінің сыртынан


Page 2

айналдыра шаң кірмес үшін, суық өткізбес үшін тұтқан, күннің жылы кезінде туырлығын
жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы болған.
Ал, біркелкі оралған өрнекті шым ши деп атайды. Шым шиді киіз үйдің керегесіне,
үлкен үйдің ішін бөлмелеуге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау үшін ұстайды,
сонымен бірге тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де қолданған. Шым ши
кейде «жез ши» деп те аталады (бұл ерте уақытта шиге жез оралған кезден қалған атау
болу керек).
Халық қолөнерінің шеберлері өрнекті шым ши, ораулы ши, ақ шилерді қанат шилер деп
те атайды.

Шиді тоқу технологиясы.
1. Ши шыбықтарын дайындау ( реттеу, іріктеу, кесу, тазалау
жұмыстары)
2. Шиге салынатын өрнек түрлерін анықтау.
3. Бояу түстерін анықтау.
4. Керекті материалдар мен құрал- жабдықтарын дайындау.
5. Шыбын қанат деген бөлігін тоқу.
6. Ши шыбықтарын сурет бойынша белгілеп, жіппен орау.
7 .Оралған шыбықтарды ши тоқу құрамында рет- ретімен тоқу.
8. Шыбын қанат, аяқталуы.
9. Тоқылып болған соң шиді станоктан босатып алып, шетін матамен
көмкеріп тігу.
10. Шашақ тігіп, бау тағу, өңдеу жұмыстары.
Ши тоқу өте күрделі жұмыс. Сондықтан ептілік, шеберлік, төзім және өзің суретші
бола білуің керек. Орап болған шиді уақытша байлаған жіппен бір- бірлеп босатып
станокқа салып тоқиды. Тоқылу әдісі басқа шилермен бірдей келеді. Тоқу барысында
қауіпсіздік ережесін еске түсіріп отыру шарт. Шидің бір талын орап аяқтаған сайын
дәлме- дәл келгенін тексеріп отырамын.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
29.10.2018
621
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі