Материалдар / Шығармашылық жұмыс.Тарих сабағында білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шығармашылық жұмыс.Тарих сабағында білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Аудандық пед оқуда қорғалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2018
5307
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданыШұбарсу ауылы, «Атамекен» жалпы орта мектебі.Тарих пәнінің мұғалімі: Бегимова Сандугаш Елубаевна.

Сабақта мұғалімнің өзінің не істеп, не білетіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не істеп, не білетіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады. Марк Тулий Цицерон

Тарих сабағында білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру

ХХІ ғасыр адамның шығармашылығы дәуірлеген ғасыр екені баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «ХХІғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кадрлар қорын жинақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім беру мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамыту осыған орай оқытудың жаңа технологияларн енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ұстаздар алдындағы басты міндет. Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі оқытудың қысқа мерзімінде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғары деңгейде игеретін және практиада бекті алатын әдістерді қолдануды талап етеді. «Шәкірт-нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынай өмірде дара тұлға етіп көрсету. Жаңа инновациялық технологиялар мен жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар төмендегідей машықтарға үйренеді:Мысалы:
  • оқушылар тақырыпты кеңірек ашуларына мүмкіндік алады;
  • бірінің идеясын бірі тыңдауына, қабылдауына жағдай туады;
  • оқушылар өз ойларын дәлелдеуге тырысады;
  • мұғалімдер оқушылардың білімінің деңгейін анықтауына мүмкіндік
туады;
  • сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
  • ойын жеткізуге дағдыланады;
  • өз ойын айта отырып өзінің есте сақтау қабілетін жақсарта алады;
  • сұхбат барысында белгілі бір тақырып төңірегінде ғана ой толғауына
мүмкіндігі туады;
  • тілдік қорын толықтыра алады;
  • көркем әдебиет оқу қажеттігін түсінеді;
Тарих сабағында білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын белсенділігін арттыру мақсатында төмендегі әдіс-тәсілдерге тоқталып өтемін.«Топтық тергеу»

Сыныптағы оқушылардың барлығы және шағын топ құрамында қатысқандықтан команда жауапкершілігіне үйретеді, сонымен қатар материалды жан-жақты ойлау тұрғысынан қарастыруға және түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ материал көлемінде қалып қоймай, кеңірек ізденіс жасауға және қол жеткізуге болатын ресурстарды пайдалану дағдысын дамытады.1 қадам: Үйге берілетін тапсырма болса қайталау ретінде, егер жаңа сабақ болса алдын-ала тапсырмаларды ізденіс ретінде қажетті материалдарды жинақтау керек.2 қадам. Сыныпты алты адамнан тұратын топтарға бөліп, мәтінмен таныстырамын.Баяндап беруші: (оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы оқиғаның мазмұнын дайындау);Зерттеуші: (оның міндеті мәтінге байланысты басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау);Сұрақтар құрастырушы: (негізгі оқиғаларды қамтитын сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды);Сілтемелер табушы: (оның міндеті әңгіменің тақырыбын руханилығын ашатын немесе құптайтын кез-келген сілтемелерді, белгілі және аздап белгілі афоризмдер және мәтелдер табу);Бейнелеуші-суретші: (оның міндеті оқиғаны ауызша суреттеу);Дәнекер: (оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру);

«Тұлғаны танып біл» оқыта үйрету ойыны. Сынып ұлы ағартушылардың суреттерімен 3-топқа бөлінеді. Жаңа сабақ осы тұлағалар есімімен байланысты болғандықтан әр топ оқушылары өздеріне берілген тұлғалар жайында мәлімет береді.«Алты қалпақ әдісі»Оқушылар өздеріне берілген мәтінді белгілі бір уақыт ішінде топ болып оқып, талдайды.Жаңа сабаққа байланысты қалпақтардың түсіне қарай түрлі тапсырмалар беріледі. Әр қалпақтың ұпайы тапсырманың деңгейіне қарай белгіленген.






















Ақ қалпақ-Қасым ханның шығу тегі туралы...Қызыл қалпақ-Қасым ханның орнында болсаң Қазақ хандығын қалай басқарар едің?Сары қалпақ-Қасым ханның ел басқару саясатын қалай бағалайсың?Жасыл қалпақ-Қасым хан туралы қандай деректер немесе зерттеулерді білесің? Көк қалпақ-әуенді тыңдап әннің аты мен авторын ата ?Қара қалпақ-мәтіндегі термин сөздерді тауып, мағынасын ашып айтып бер?

«Ғажайып жетілік»Тақтада жеті қаланың суреті беріледі, қалалардың арттарында жасырылған сұрақтарға жауап береді.
1.Сауран

7.Самарқанд



4.Сарайшық
2.Ташкент

5.Жетісу өңірі
3.Тегеран

6.Сайрам


«Мағынаны тану»
  • Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі. Мысалы:
1-топ:Ы.Алтынсаринның «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің астарындағы мағынасын ашып, постерге түсіреді.2-топ: Абылай ханның арманы орындалды ма?3-топ: Ой толғау: «Тәуелсіздік тақырыбына өлең шығарды».4-топ: Шығармашылық тапсырма: Тәуелсіздік тақырыбына эмлбема жасайды.

«Кім? Қайда? Қашан?» ойыны .

Кім?
  • Индустрияландыру жылдарында Қазақстанды кім басқарды?
  • Республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шыққан кім?
  • Түрксіб құрыдысына құрылған ынтымақтастық комитетінің төрағасы?
Қайда?
  • Индустрияландыруды бастау туралы шешім қайда қабылданды:
  • Түрксіб темір жолы Алматыдан қайда созылуға тиіс еді?
  • С. Сәдуақасов Қазақстаннан дайын шұғаны темір жол арқылы қайда шығаруға ұсыныс жасады?
Қашан?
  • Индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге қашан жеткізді?
  • Қашан халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің 24 пайызын жұмысшылар құрады?
  • Индустрияландыру қашан басталды?




«Сахналық қойылым»

Әр топ оқушылары өздеріне берілген мәнмәтінді оқып, топ ішінде талдайды.Топтағы оқушылар өздеріне берілген мәнмәтін бойынша сахналық қойылым көрсетеді.1-топ: «Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздері»,2-топ: «Адамзат баласының шығуы»,3-топ: «Алғашқы адамдардың кәсібі»,4-топ: «Қазақстан климаты»

«Кубизм» әдісі:

Оқушылар кубиктің 6 қырындағы сұрақтарға жауап береді.
  • Сақ кезеңі мәдениетінің көрнекті өкілі б.з.б ҮІғ өмір сүрген ойшылы кім? (Анахарсис)
  • Шілікті қорымынан не табылды? (13 қола жебе және қорамсақ)
  • Қай ғалым Алтын киімді адамды сақ ханзадасына жатқызды? (Қ.Ақышев)
  • 41 обадан тұратын құрбандыққа шылынған 13 жирен жылқы қаңқасы табылған қандай қорым? (Берел қорымы)
  • Күміс тостағандағы жазу қанша таңбадан тұрады? (26)
  • Сырдария жағасында А.Македонский бұйрығымен салынған қала қалай аталады? (Александрия Эсхата)
«Бейнелі жады» оқыта үйрету ойыны:

Шарты: әр топтың тапқырлығын, ойларының бірегейлігін, білімін бағалау. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша мылқау сахналық қойылым дайындайды. Өзге топтар қандай тақырыпта қойылым қойылғанын табады.1-топ: Үйсіндердің саяси құрылымы:2-топ: Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері.3-топ:Үйсіндердің шаруашылығы мен өнері.

.«Жедел жәрдем» ойыныБұл ойынның шарты топ басшыларына сұрақ қойылады, онің білмей қалған сұрағына топта 1 оқушы жедел көмекке келеді.

Қорытынды:3.3 Сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдаланғаннан кейінгі нәтижем:Оқушылар;
  • ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді;
  • сыныпта орнаған ыңғайлы жағымды орта психологиялық тұрғыдан оқушыларға ұнамды болды;;
  • ойлау процесін меңгерді (талдау, жинақтау, салыстыру);
  • шығармашылық пен жұмыс жасауға қабілеті артты;
  • өзгенің пікірін тыңдауға, сыйлауға үйренді;
  • оқушылар жаңа сабақты жоспарлау, дайындау үдерісіне қызығушылықпен қатысты;
  • топтық жұмыстардағы пікірталасқа барлық оқушы теңдей қатысты;
  • оқушылар өзін-өзі бағалаудағы дағдыларын дамытты;
Пайдаланған әдебиеттер:
  • С.Мирсеитова Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды 2011.
  • М.М.Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы 2002.
  • М.Қ.Қозыбаев Қазақстан тарихы. 10-сынып. Алматы. Рауан 1997.
  • Қазақстан тарихы. Әдістемелік нұсқау. 9-сынып. Алматы «Мектеп» 2009.
  • А.Әлімов. С.Мирсеитова Мектеп және жоғары оқу орындары: ой қозғағыштар, ізденістер, табыстар. Алматы 2005.
  • Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал. 2012 № 2,4.
  • Сандибаева Назира Абдикадировна Мектептегі оқу эксперименті арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Алматы 2010.
  • Күлбарам Сәдуақасқызы Оқу процесін нәтижеге бағыттау жағдайында оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу. Астана 2006.
  • Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей.
  • Freeman. J., 1998 Edukating the Veru Able /Ерекше қабілеттерді дамыту/ The
  • Stationeru Offce, LondonEyre. D and Love. H., (2002). Curriculum Provision for the Gifted and Talented in the Sekondary Schol. (Орта мектептегі дарынды және талантты оқушыларды оқыту) David Fulton.
































































Ордабасы ауданы, «Атамекен» жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі С. Бегимованың «Оқу үрдісінде сыни ойлауға үйрету арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту» тақырыбындағы баяндамасына





ПІКІР

Бегимова Сандуғаштың баяндамасында шығармашылық тақырыбы мен мақсаты өз пәніне сай нақты берілген, өткен сабақтары барысында шығармашылық тақырыбы жақсы ашылған. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние сабақ барысында жекелеген оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақстару мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі басты назарға алынған. Атап айтқанда: 8-сыныптағы «ХҮІІІ ғ Қазақстан мәдениеті», «Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі», «Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі», 9-сыныптағы «Индустрияландыру және оның барысы», «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және ТМД-ның құрылуы» тақырыптарындағы сабақтарында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсілдерді басшылыққа алған. Сабақ жоспары оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылған. Сыни тұрғыдан ойлаудың нәтижесінде оқушылардың:
  • сабақ барысында белсенділік танытқандығын;
  • оқушылардың жаңа білімді игеруде жауапкершілігі арта түскендігін;
  • топпен жұмыс жасауды үйренгендігін;
  • шығармашылық пен жұмыс істеу қабілеті артқандығын;
  • ой-пікірін еркін білдіре алатындығын;
  • туындаған идеялар мен ақпараттарды топтастыра алатындығын;
  • сыни тұрғыдан ойлауға икемділігін көруге болады.






Аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері: Сағынбек. А





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!