Түркістан облысы, Сайрам
ауданы
№77 Тұран жалпы орта
мектебі
Ташнияз
Ахмедов,
тәрбие ісі
жөніндегі
директор
орынбасары
Шығыс
ғұламасы –
әл-Фараби
«Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие беру керек,
тәрбиесіз берілген білім –
адамзаттың қас жауы»
Әл-Фараби
2020 - 2021 оқу жылында
еліміздің жалпы білім беретін ұйымдарында ҚР Білім және ғылым
министрлігі тарапынан бекітілген «Құндылықтарға негізделген білім
беру» жобасы аясында оқытудың құндылықты - бағдарлық тәсілін енгізу
тәрбие жұмысының ерекшелігі болып табылады. Бұл орында әл-Фараби
атамыздың өмірі мен өнерін ел алдында, әсіресе балашақ ұрпақ
алдында насихаттауды, мақсат еттім.
Әлемнің екінші ұстазы саналған
әбу Насыр әл-Фараби атамыз 870-950 жылдары өмір сүріп, ғылым және
біліммен айнанлысқан. Ұлы даланың ұлы тұлғасы
870 жыл Сырдария бойындағы
Отырар қаласында дүниеге келген. Шын есімі Мұхаммед ибн Ұзлағ
Тархани. Бала кезінде өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары
саналған Бұхара, Самарқан, Мерф, Бағдат, Харран, Рей, Каир, Алеппа,
Шап қалаларында үнемі білімін жетілдіріп тұрды. Жасөспірім шағында
керуенмен ілесіп, әлемді кезеді.
Әл-Фараби атамыз сауатын түркі
тілінде ашып, араб, парсы, түркі тілдерін меңгерген.
Философия және логика, саясат
және этика, музыка және астрономия ғылымымен айналысып, 150-ге жуық
философиялық және ғылыми шығармашылық мұра қалдырған. Ғылыми
еңбектерінің бірі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы
трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат”
деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне
аударылған.
Шығыс ғұламасы философия
саласы бойынша грек ойшылы
Аристотельдің «Категориялар»,
«Метафизика»,
«Герменевтика»,
«Риторика»,
«Поэтика»
бірінші және екінші
«Аналитика», «Топикасы» атты еңбектерін зерделеді. Аристотельдің
әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да
«Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы»,
«Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету»,
«Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері»
атты сындарлы философиялық еңбектер жазған. Ұлы ойшіл өз
еңбектерінде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары жөнінде
озық пікірлер, пайымдаулар айтады.
«Риторика», «Поэзия өнері»,
«Бақытқа жол сілтеу туралы» трактаттарында этикалық - эстетикалық
мәселелерге көңіл бөліп, білім дәрежелерін саралап, оның негізін
дәлелдеп берді.
Музыка туралы жазған кітабында
музыка өнерінің жіктелуін айқындап береді.
«Логика» және «Диалектика»
атты шығармасында әлемнің ішкі байланысын, дамуы деңгейін
дәлелдеді.
Әл-Фараби атамыз дүние
ілімдерін терең меңгеріп, танымдық, жаратылыстану және ақыл-парасат
бағытындағы білімдерді саралады. Ол «Ғылымдар тізбегі», «Бесінші
трактат», «Медицина каноны», «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар
ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі», «Жануарлар ағзалары»,
«Темперамент туралы», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу»,
«Вакуум туралы», «Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе»,
«Болжамдағы геометрияға кіріспе», «Астрологиялық болжамдарда не
дұрыс, не теріс», «Ғылымдардың шығуы», «Евклидтің бірінші және
бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме»,
«Фусул ал-мадани», «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы
трактат» атты ғылымның барлық саласына арнап кітап жазып
қалдырған.
Әл-Фараби атамызды ұлы тұлға
ретінде құрметтеу, бізге қалдырған мураларын ардақтап балашақ
ұрпаққа толығынша жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Ұлы ойшылдың 1100
жылдығына орай ЮНЕСКО шығарған шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда
халықаралық конференция өткізілді. ҚР ҒМ Ғылым Академиясының
философия институтында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі
жұмыс істейді. Фарабитану бөлімінде ғұламаның 20-дан астам
трактаттары жарық көрген. ҚазМУ-де фарабитану орталығы құрылған.
Орталықта әбу Насыр әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау
жұмыстары жүргізілуде. Сонымен, аудан, алаң, клуб, кітапханалар
әл-Фараби атымен аталады. Ұлы тұлға тұралы деректі фильмдер
түсірілген. Қайраткер азамат мен азаматшаларды ынталандыру
мақсатында әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтар табыс етіледі.
Зияткер әулетті қолдап-қуаттау жөнінде мемлекеттік грант жобалары
іске қосылған.
Қазіргі таңда ұлы ғуламаның
1150 жылдық мерейтойын ізгі ниетпен, жоғары деңгейде қарсы алғалы
отырмыз. Әл-Фараби атамыздың басып
өткен өмір жолы әлем елдеріне үглі, жазып қалдырған мұралары қоғам
дамуына өнеге, ал болашық ұрпақтың қазақстандық ұлтжанды, төзімді,
рухани - адамгершілігі мол, өмірдің барлық саласында белсенді,
отансүйгіштік қабілеттерін қалыптастыруда зор маңызға ие. Біз,
халқымыздың арасынан шыққан «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» мен
мақтанамыз!