Говор – жергiлiктi диалектiлердiң шағын аймақты
қамтитын бӛлiгi. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екi-үш облыс
кӛлемiндегi жердi қамтыса, говор – бiр облыс немесе екi-үш аудан
кӛлемiндегi жердi ғана қамтуы мүмкiн. Оның қанша аймаққа таралуы
говорлардың қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға
байланысты. Негiзгi тiлдiк белгiлерi бiрыңғай говорлар ғана диалект
ұғымын тудырады. Бiр диалектiнiң iшiне оның басқа диалектiлерден
айырмасын кӛрсететiн негiзгi ерекшелiктерiн және ӛздерiне ғана тән
неғұрлым ұсақ ерекшелiктерiн сақтай отырып, бiрнеше говор енуi
мүмкiн. Жергiлiктi ерекшелiктердiң таралу шегiне қарай кейбiр
тiлдерде говорлар подговорға бӛлiнедi. Негiзгi диалектiлiк
ерекшелiктерi бiрыңғай болып келген говорлардың жиынтығы наречие
деп те аталады. Жоғарыда аталған диалект, говор, наречие деген
терминдер бiрiне-бiрi оншалықты алыс кеткен ұғымдар емес. Бәрiне де
жергiлiктi тiл ерекшелiктерi негiз болады.
Шығыс
сөйленістер тобы.
. Әдеби тілден және басқа сөйленістер
тобынан ерекшеленетін аймақтың
бірі қазақ тілінің шығыс сөйленістер тобы. Бұл өңір қазақтары тілін
көп жылдар бойы Ж.Болатов тексеріп, 1970 жылы докторлық диссертация
қорғады. Автордың топшылауынша шығыс сөйленістер тобы Баян-Өлгей,
Шыңжаң, Қошағаш, Өскемен, Аягөз тәрізді бес сөйленіске
бөлінеді.
1. Аягөз сөйленісі. Бұл сөйленіс Шығыс Қазақстан
облысының Аягөз, Шұбартау, Абай, Ақсуат, Көкпекті, Мақаншы және
Зайсан, Тарбағатай аудандары, яғни Ертістің сол жағына орналасқан
тұрғындар тілін қамтиды.
2. Баян-Өлгей
сөйленісі
Шығыс сөйленістер тобын зерттеуші Ж.Болатов
Монғолияның Баян-Өлгий, Хобда аймақтарында тұратын қазақтар тілін
қазақ тілінің шығыс сөйленісіне
жатқызады.
3. Қошағаш
сөйленісі
Қошағаш сөйленісі Ресейге қарайтын Таулы Алтай
автономиялық облысында тұратын қазақтар тілін қамтиды. Мұндағы
тұрғындар орыс, алтай халықтарымен аралас, қоныстас тұрады. Бұлар
христиан дінін қабылдап алған қазақтар.
Размещено на реф.рф
Тіл жағынан орыс, алтай тілдерінің әсерінің молдығымен
сипатталады.
4. Шыңжан сөйленісі. Бұл сөйленіс 50-жылдардың
басында Қытай Халық Республикасынан келген қазақтар тілін
қамтиды.
5. Өскемен сөйленісі. Ж.Болатовтың топшылауынша
Өскемен сөйленісі Шығыс Қазақстанның Үлкеннарын, Марқакөл, Күршім,
Катонқарағай аудандарын, яғни Ертістің шығыс жағындағы тұрғындар
тілін қамтиды.
Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі говорлар
туралы.Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі диалектілік
ерекшеліктерді говорлық сипатта деп қарап, оның екі түрін
көрсетеді: ауыспалы говор және жергілікті
говор.
1) Ауыспалы говор. Оған «басқа тілден жергілікті
халықтың бір бөлегіне ауысып, басқаларына тарамаған тіл
ерекшелігін» жатқызады.
Автор қазақ тілінде ауыспалы говорлар бар
екендігін дұрыс көрсеткенмен, олардың пайда болуын бір жақты
түсіндіреді.
Біріншіден, тілдегі говорлардың, оның ішінде
ауыспалы говорлардың пайда болуында басқа тіл элементтері
бірден-бір басты белгі бола алмайды. Олар көбінесе жеке сөз түрінде
кездесіп, говордың өзіндік ерекшелігін лексика саласында ғана
білдіре алады. Қай говордың болсын негізгі ерекшеліктері жергілікті
жердің өзінде қалыптасады және олар тек лексикадан тұрмайды,
белгілі мөлшерде дыбыстық, грамматикалық құрылысты да
қамтиды.
Екіншіден, ауыспалы говор басқа тілдің әсері
тиген жерде ғана пайда болады деу дұрыс емес. Ауыспалы говор бір
тілдің өз ішінде де пайда бола
алады.
2. Жергілікті говор. Автор жергілікті говорды
жасайтын арна ретінде бұрынғы ру, тайпа тілдерінің қалдығы мен
белгілі территорияда ғана қолданылатын дублетті сөздерді көрсетеді.
Алғашқысы бұрынғы «тайпа диалектісінің қалдығымен», кейінгісі
«жергілікті экономикалық жағдаймен» байланыстырылады. Оған түрліше
географиялық, жан-жануар, өсімдік атаулары мен кәсіптік сөздердің
әдеби тілге енбейтін дублеттері жататыны
айтылған.
Қазақ
тілінің солтүстік – шығыс
диалектісі. Сәрсен Аманжолов қазақ тілінің
солтүстік – шығыс диалектісіне бұрынғы керей, найман, арғын,
қоңырат, және қыпшақ тайпаларының тілін жатқызады. Бұл тайпалар
ерте замандардан бастап – ақ Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай өзендері
бойын; Алтай, Тарбағатай алқабын, Арқа жерін мекен
еткен.
Сәрсен
Аманжолов қазақ тілінің диалектілері мен қазіргі әдеби тілін
фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жағынан жан – жақты
салыстыра келіп, басқа диалектілерге қарағанда, солтүстік – шығыс
диалектісінің қазіргі әдеби тілге әлдеқайда жақын екендігін атап
көрсетеді. Алайда солтүстік – шығыс диалектісінде қазір де сақталып
қалған, әдеби тілге енбейтін жергілікті тілдік ерекшеліктері
кездесетінін де ескертеді.
Бұл аймақ соңғы
кездерде ғана зерттеліп келеді. кейінгі кезде жиналған материалдар
аталған аудандарда да жергілікті ерекшеліктердің белгілі мөлшерде
кездесетінін, таралу сипаты әр түрлі болғандықтан, өз ішінен шағын
говорларға бөлінетіндігін
көрсетеді.
Мәселен, Шығыс
Қазақстан облысы мен Семей өңірінің солтүстік – шығыс аудандарында
мына сияқты тіл ерекшеліктері
кездеседі:
а) Дыбыстық
ерекшеліктер. Ш мен Ч алмасуы: шақпақ – чақпақ,
шүберек – чүберек, көпшілік – көпчілік, қамшы – қамчы, шикі – чикі,
әнші - әнчи.
Л мен Д
алмасуы; бірлі жарым – бірді жарым, зорлық – зорлық, ұрлық –
ұрдық.
А мен Ә
алмасуы; мазмұн – мәзмұн, қаперімде - кәперімде, ғана –
гәна.
Е мен Ә
алмасуы: себеп – сәбәп, лезде – ләзде, кесе – кәсе
т.с.с.
ә)
Лексикалық ерекшеліктер: айылдап келу – ауылшылап қыдырып келу,
ақзу ақзон- ақ шыт, ақ мұрт- етіктің ішкі ұлтаны, әскере -өте, аса,
борми- бұршақ, жүгері, дүбіраяқ- ерте туған төл, жамбыл-үлкен
қорған, жарандық – саты, қалқан, жоян-зор. Жұмшыл – ұйымшыл,
күләпәрә-әсем бөрік, кілет- қойма, құлдау- өзен
т.б.
Үймешөп, мая,
отау.
Тамызық, тамыздық,
тұмырдық.
Кілет, ас үй,
сарай