Материалдар / Шығыс Қазақстан облысының туризм саласының жағдайы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығыс Қазақстан облысының туризм саласының жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығыс Қазақстан облысының туризм саласының жағдайына баға берілген өлкетану сабақтарына қолданған тиімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коммуналдық мемлекеттік мекеме

«Кеңсай» орта мектебі











Тақырыбы: Шығыс Қазақстандағы туризм саласы мен сервисінің дамуы: қазіргі жағдайы және болашағы











Жұмыстың бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»

Жұмысты орындаған: Темірхан Әлләзина

Жетекшісі: Құсманова Назым Жанболатқызы















Зайсан қаласы

2021-2022 оқу жылы



Мазмұны


Тақырыбы: Шығыс Қазақстандағы туризм саласы мен сервисінің дамуы: қазіргі жағдайы және болашағы


1

Кіріспе


2

Негізгі бөлім


3

Қорытынды


4

Қолданылған әдебиеттер тізімі


5

Қосымша




































Тақырыптың өзектілігі:

Туризмнің қарқындауы, әсіресе халықаралық туризмнің дамуы, шетелдік валютаның көбеюіне әрі бюджеттің толықтырылуына, жұмыссыздықтың қысқаруына, жұмыс орындары нарығының кеңеюіне, халықтың кірісі мен өмір сүру деңгейінің жоғарлауына, яғни Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына мүмкіндік жасайды. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз болып қаланды. Туризмнің тез және тұрақты болып өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: жалпы туризм жайында біршама кітап, зерттеу мақалалары, авторефераттар, статистикалық жинақтар, ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағында жазылса, ал Шығыс Қазақстандағы туризм жаңадан дамып келе жатқан сала болғандықтан отандық ғалымдардың еңбектері, оқу құралдары, монографиялары аз, көбінесе мақалалар, авторефераттар, статистикалық жинақтар арқылы зерттелген. Зерттелген еңбектерді географиялық, экономикалық деп топтастыруға болады.

Зерттеу жұмысының негізі: зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің, Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаментінің ресми мәліметтері, туристік фирмалардың есептік мәліметтері, отандық ғалымдардың туризм бойынша еңбектері, туризм мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік - құқықтық құжаттар қарастырылды.

Жұмысты жазу барысында талдау, салыстыру, топтастыру, эксперттік, пікір сұрау, экономикалық-математикалық әдістер қолданылды.

Аталған тақырыпта жүргізілген жұмыстың жаңалығы: Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің даму ерекшелігін анықтап, туризмнің даму жағдайына баға беру.

Зерттеу жұмысымның тәжірибелік маңызы: зерттеу жұмысының материалдары жоғарғы оқу орнында студенттер, мектеп оқушылары семинар, реферат, курс жұмысын жазу барысында пайдаланады.Сыныптан тыс қоршаған орта және экологиялық мәселерге байланысты тапсырмалар орындауда қолдана алады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.










Кіріспе



Туризм - қазіргі әлемде құқығы жағынан жүзжылдықтың экономикалық феномені, кез келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал ететін әлемдік экономикасының ең ірі, әрі тез қарқынмен дамып келе жатқан салалардың бірі болып есептеледі. Дүние жүзі туризмді халық шаруашылығының жетекші саласы ретінде танып, оның өміріндегі әлеуметтік, экономикалық, оқу – тәрбиелік, мәдени, танымдық, емдік - сауықтыру, спорттық және демалыс қажеттілігін күнделікті тәжірибеде мойындап отыр.

Туризм - даму көрсеткіштері әртүрлі кез-келген мемлекеттің экономикасының, мәдениетінің дамуында ерекше орынға ие күрделі әрі көпжақты құбылыс болып табылады. Дүниежүзіндегі жалпы ішкі өнімнің 10%-ы, сонымен қатар қызмет көрсетудің 30%-ы, дүниежүзілік ақша салудың 7%- дық үлесі осы туризм саласына келеді [1].

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристтік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазастанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады [2].

Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды. Елдiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi. Туризм елдiң тұтас аудандарының экономикасына белсендi әсер етедi. Туризм саласындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылуы және жұмыс істеуi жол көлiгiн, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетудi дамытумен тығыз байланысты.

Дүниежүзілік туризмнің, қазіргі жағдайына көз жүгіртер болсақ белгілі бір территорияны туристік мақсатта пайдалану үшін басты фактор ретінде табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар қарастырылады. Рекреациялық әрекет жасанды ресурстарсыз - ақ жұмыс істей берсе де, табиғи ресурстарсыз ешқандай жұмыс атқара алмайды, себебі адам ағзасындағы көптеген физиологиялық процестер функционалды түрде айналадағы қоршаған ортамен және оның элементтерімен тікелей байланысты.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде туризмнің есебінен жаңа жұмыс орындары құрылады, халықтың жоғары өмір сүру деңгейі сақталады, мемлекеттің төлем балансын жақсарту үшін алғышарттар жасалады. Туризм мәдени әлеуеттің сақталуына және дамуына әсер етеді, түрлі елдер мен халықтардың арасындағы қатынастарды үйлестіруге әкеледі, мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны сақтау және сауықтыру ісіне белсенді араласуға жұмылдырады.




Туризмнің даму деңгейі бірнеше факторлаға соның ішінде табиғи ресурстарға тікелей байланысты. Табиғи орта жеті элементтердің жиынтығы болып табылады. Бұл жеті элементтер мынадай: белгілі бір кеңістікте орын тапқан үшін 3 биотикалық (өсімдік, жануарлар, топырақ) және 4 абиотикалық элементтер (геологиялық құрылым, жер бедерінің құрылымы, сулар, климат). Географиялық ортаның осындай барлық элементтері туристік-рекреациялық ресурстар бола алады. Бірақ олар туристердің қызығушылығын туғызғанда ғана туристік – рекреациялық ресурстарға айналады. Мысалға, геологиялық құрылым немесе топырақ туристерді қызықтыра ала ма деген сұрақ қоюға болады. Су ресурстары (теңіздер, өзендер, көлдер,бөгендер), жер бедерінің (таулар, қыраттар), климаттың (температура, күн сәулесі, қар, мұз), өсімдік пен жануарлар әлемінің туризмге әсер ететіндігі сөзсіз. Туристерді белгілі бір жерге (аудан, жергілікті жер, маршрут) туристік-рекреацялық ресурстардың жиынтығы (географиялық ортаның бірнеше элементтерінің үйлесуі) тартады [3].

Облысымыздың табиғи орта жеті элементтердің жиынтығына тоқталсақ, облыс аумағы 283,3 мың километрге жай ысылып, жоғарғы Ертіс алабында ораналасқан, Оңтүстікте Қытаймен және Алматы облысымен, солтүстік-шығыста - Ресеймен, батыста - Қарағанды және Павлодар облыстарымен шектеседі.

Шығыс Қазақстан облысы географиялық және табиғи жағдайлары бойынша Еуразия құрлығының айрықша аймағы болып табылады. Құрлықтың ауқымды бөлігінің дәл орталығында орналасқан аймаққа ұзақ тарихи үрдісте қалыптасқан өзгеше табиғи жағдайлар мен ерекшеліктер тән. Географиялық жағдай, өлке бетінің күрделі ландшафты - морфологиялық құрылымы, түрлі топырақ-климаттық жағдайлардың ауқымды диапазоны биотүрлердің көркемдігі мен байлығы айрықша табиғи жағдай қалыптастырды.

Осы жоғарыда айтылған жәйттер бұл аймаққа деген демалушылар мен саяхатшылардың, натуралистердің қызығушылықтарын арттыра түсуде.

Егер осыншама байлықтың басында жұмыртқадан жүн қырыққан қытай кәсіпкерлері тұрса не істер еді? Теңіз деңгейінен бір жарым мың шақырым биіктікте жатқан Марқакөлдің жазы шыбынсыз, көркіне көз тоймас. Шекараның арғы жағында, Қытайдың бізбен тұстас тұсында Марқакөліне ұқсас Қанас деген көл бар. Бірақ, біздің көлден аумағы он есе кем. Қытайлықтар осы көлдің кереметтей туризм орны ретінде пайдаланып, миллиондаған юань пайда түсіріп отыр. Сол кішкене ғана көлдің басында тұрған бір үй иесіне күндегі біздің ақашамен 60 мың теңге пайда әкеледі екен. Осыны көріп, еріксізден «Апырым-ау, мұның қасында біздің Марқакөлдің мүмкіндігі шексіз ғой!» деген ой келеді.

Иә, бізде бір жағынан іскерлік, пысықтық жетіспейді. Бір жағынан жол, осы замаға сай мейрамхана салу керек. Қазіргі ілгері кеткен елдердің тұрғындары адам аяғы баспаған елсіз жер, тау мен тайгаға келгісі келеді. Өздерінің көздерінен бұл-бұл ұшқан тіршілікті көздерімен көргісі келеді. Міне, осындай «жабайы» маршрутта ұйымдастыру қажет.


Негізгі бөлім


Ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы, Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекарлас), ынтымақтастық, ұлан - ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алауандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекарлас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы облыстағы туризмді дамытудың күшті жақтары болып табылады.

Халықаралық туристiк рынок бүгiнгi күнi миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестiкте орасан зор механизмдi бiлдiредi, сондықтан, бiрiншi кезекте мiндет Қазақстанға ғана тән ерекшелiгi бар және сұраныс болатын туристiк өнiмдi (бұдан әрi - турөнiм) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерiнде қазақстандық турөнiмнiң жарқын болашағы бар екенi көрiнетiн болады.

Мәдени туризм ең әйгілі және бұқаралы туризм түрі болып келеді. Әлемде мәдени туризм бөлек бағытпен ерекшеленген және Қазақстанда жыл сайын үлкен даму қарқынын алуда. Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет. Қазақстанның мәдени құндылықтарының әр алуандығы – 25 мыңнан аса қозғалмайтын тарихи, археологиялық, сәулетті және монументальді ескерткіштер, экспозицияларда және 89 мемлекеттік мұражай қорларында 2 миллион 56 мыңға жуық мәдени құндылықтар, 66 миллион 840 мың том кітаптар, сирек қолжазбалар мен басылымдар 3495 мемлекеттік кітапханаларда сақталуда. Соның ішінде мәдени құдылықтардың үлесін қарастырсақ, облыста мемлекет қорғауындағы 670 жылжымайтын ескерткiштер, олардың 173-i тарихи, 127-i сәулет, 234-i археологиялық, 136-сы монументалды өнер ескерткiштерi бар.

Шығыс Қазақстанда қызығушылық танытатын туристердің нысаналы тобы: жабайы, адам қолы тимеген табиғатты және таңғажайып ландшафтты ұнатушылар, зерттелмеген туристік бағыттарды ұнатушылар, алғашқы ашушы болуға ниетті білімқұмар туристер; экологиялық туризм жақсы әлеуетке ие. Өлкеміздегі мәдени-танымдық туризм шамалы даму деңдейінде. Себебі мәдени-танымдық туризмді тиімді дамытуға жарнамалық-ақпараттық материалдың болмауы, нашар инфрақұрылым, соның ішінде туризм объектілерінің жанындағы орналастыру орындарының аздығы, журу жолдарының төмен сапасы сияқты көптеген факторларға тәуелді болуын ескерсек, оның төмен бәсекеге қабілеттілігі байқалады.

Шетел туристерін бізге қалай тартуға болады? Саяхаттау үшін елді таңдаған кезде туристерді әдетте табиғи ландшафттар, географиялық ерекшеліктер, мәдени мұра, дамыған инфрақұрылым мен қауіпсіздік қызықтырады және де Шығыс Қазақстанның көне және бірегей тарихымен танысуға ынта білдіретіні сөзсіз.




Шығыс Қазақстан облысы немесе Алтай таулы өңірі - бірегей және қайталанбас табиғат сұлулығымен, алуан түрлі флора және фаунасымен танымал, Шығыс Қазақстанның Швейцариясымен теңестірілген, «Чуйскі Альпісі» атанған інжу маржаны болып табылады.

Ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы, Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекарлас), ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алауандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекарлас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы облыстағы туризмді дамытудың күшті жақтары болып табылады [14].

Соңғы уақыттарда Орта Азияға, оның ішінде Алтайға деген туристер қызығушылығы артуда. Әсіресе шетелдерден Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Италия, АҚШ сияқты елдерден келушілер көп. 4 кестеде келтірілген облысымыздың қонақүй әлеуетін қарастыратын болсақ, 2008-2011 жж. аралығында орналастыру объектілері 12% өскен. 90 жылдары қонақүйлердің 50% жабылған болса, 2009-2012 жж. қонақүйлердің жаңадан ашылуы байқалады, яғни бұл біршама баяу болсада инфрақұрылыстың жүріп жатқандығын дәлелдейді .


Кесте 1

Қонақ үйлермен мен басқада орналастыру объектілері

жұмысының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2009

2010

2011

2012

Нөмірлер саны, барлығы, бірлік

3178

3223

3346

3646

Соның ішінде «люкс» дәрежлі

217

244

254

263


Туристік фирмалар санына талдау жасайтын болсақ 2 кестеде келтірілген, 2010 - 2012 жж. туристік фирмалар саны небәрі 2 бірлікке ғана көбейген, туристік фирмалар саны біраз ғана көбейгендігі жақсы, себебі неғұрлым бәсекелестік көп болса, соғұрлым қызмет ету сапасы төмен болады.



Кесте 2

Туристік фирмалар саны (бірлікпен)

Қала атауы

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

Өскемен

26

30

28

Семей

13

14

16

Аягөз ауданы

1

1

1

Зайсан ауданы

1

1

2

Зырян ауданы

1

1

1

Барлығы

42

47

48

Ескертпе кесте статистикалық мәліметтер негізінде жасалған


Шығыс Қазақстан облысында қонақ үйлер мен басқа да орналастыру объектілерін санаттары бойынша бөлінеді. Кестеден көріп отырғанымыздай, санаты жоқ обектілер 2011 жылы 60 жетсе, ал 2012 жылы 66 жетті. Бес жұлдызды қонақ үйлер жоқ, төрт, үш, екі жұлдызды қонақ үйлердің саны аз.


Кесте 3

Қонақүйлер мен басқа да орналастыру объектілерін санаттары

бойынша бөлу (бірлікпен)


Санат атауы

2011

2012

5 (жұлдызды)

-

-

4 (жұлдызды)

2

3

3 (жұлдызды)

4

2



2 (жұлдызды)

2

2

1 (жұлдызды)

2

2

Санаты жоқ

60

66

Барлығы

70

75

Ескертпе кесте статистикалық мәліметтер негізінде жасалған


Туристік фирмалар түрлер бойынша 2015 ж. орындалған жұмыстар мен қызмет көрсетулер көлемі 1 суретте келтірілген.


Сурет 1 Түрлері бойынша 2012 ж. орындалған жұмыстар мен қызмет

көрсетулер көлемі


Суретте көрсетілгендей туристік фирмалар көрсеткен қызмет көлемі ішінде экскурсиялық қызметтердің үлесі жоғары, яғни облысымызда экскурсиялық нысандар мен қызмет ету алдыңғы қатарда екенін көрсетеді. Облысымыздағы туристік қызметті сараптау үшін 2012 жылғы мәліметтерді қарастырайық. Өткен жылы шығу және келу туризміне қарағанда ішкі туризмінде қызмет ету көлемі жоғары болған. Облысқа келген туристердің 72%-ға жуығы ТМД елдерінің тұрғындары, олардың 99,7 % Ресей Федерациясынан келген. Облысқа келген алыс шетел азаматтары 28,5 %, оның ішінде 43,9 % - Қытай, 13,4 % -Германия, 12,7 % -Канада, 11,4 - Франция, 3,8 %-АҚШ, 3,2 % - Түркия, 2,6% - Чехия, Литва және Швейцария, 1,3 % - Испания мен Ұлыбритания, 0,6% Португалия мен Швеция азаматтары. Шығу туризмі өткен жылмен салыстырғанда 2432 адамға кеміген.

Туристердің сапар мақсаттарына қ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!