Суицидтің алдын алу
шаралары.
Бүкіл дүние жузі көтерген мәселе өз-өзіне қол
жумсау әсіресе жас өспірімдер кәмелетке толмағандар
арасында.
өзіне-өзі қол жұмсау-философиялық (өмірдің мәнін
жоғалту),психологиялық(психологиялық теріс
бейімделу,фрустрация),әлеуметтік(әлеуметтік жағынан өз орнын
таппау,қанағаттанбау сезімі,әлеуметтік мәртебесін жоғалту және
т.б), медициналық (күрделі ауру,психикасының бұзылуы),
адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын
өте күрделі, көп қырлы феномен.Ал енді халықаралық анықтама
қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицид
оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне,осы дерек-дәйектердің өзі соңғы
уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің түпкір-түпкірінде жаңбырдан
кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса
керек.
Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек
жайғаны мәлім. Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере
алмау,айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық
қалыптаспағандығы, міне,осы және т.б себептерден өскелең ұрпақ
арасында суицид мәселесі артып отыр.
Суицидтің алдын алу үшін
ата-аналар,мұғалімдер,психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер,
салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар,бұқаралық ақпарат
құралдары бірлесе жұмыс атқару керек.Яғни ең алдымен алдын алу
жұмыстары жасалу қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы
тақырыпта дәрістер,әңгімелесулер ,сұхбаттасула,кеңес
беру,сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені
дұрыс.Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан
кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады,сонымен қатар
психикалық ауырулармен,көңіл күй бұзылыстарымен,әсіресе
депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып
келеді.
Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде
анықталған:тұтастай алғанда көп жағдайларды жасөспірімдер
ата-аналарының,мұғалімдердің назарын өз мәселерлеріне аудару
мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай
келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы,парықсыздық,арсыздық және
қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе
тұйық,жаны жараланғыш,жалғыздық сезімнен,өзінің керексіздігінен
стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын
өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық
көмек,мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді
аман алып қалған болар еді...
Суицид (өзін өзі өлтіру)-бұл қашып кетумен
теңелетін жай,проблеманы шешуден қашу,біздің өміріміздің
әралуандығын құрайтын жаза және абыройсыздық,қорлау және
үмітсіздік,түңілуден,қазадан, көңілі қалғандықтан,өзіне өзі құрметі
жоғалғандықтан қашуды білдіреді. Сондай ауыртпалықтар оларды
эмоциялық және дене күйзелісіне ұшыратады,сондықтан да олар өлім
осы күйзелістен құтқарады деп ойлайды.
Суицидтік қауіпті топ.
*Жастар: өз ара қарым-қатынас түрі бұзылғандар,
«жалғыздыққа» ұшырағандар,күш көрсетуді әдет қылған девианттық
немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі
қолданатындар;
*Өзін тым қатты сынауға
алатындар;
*Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды
басынан өткізген жандар;
*Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен
жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер
«Үздік» синдром;
*Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт
айналуынан күйзелген жандар;
*Өзін өлтіру жайлы әңгімелер (мысалы,«мен оданда
өзімді өлтіремін»);
*Осы тақырыпқа дауыстап
қиялдану;
* «Менің ешкімге керегім жоқ»,«бәрібір мені ешкім
сағынбайды» деген тақырыптармен мазаны алуы;
*Өнер немесе әдебиеттегі өлім мотивтеріне ден
қоюы;
*Өзіне ең қымбат деген заттарды таратып
беруі;
Ата-аналарға кенес!
Өмірде бәрін мінсіз ету мүмкін
емес.
Өзіңіз қабілеттілігіңіз мол жұмыстарды ғана
мінсіз орындаңыз,ал қалғаны-адал ниетпен,сапалы түрде
істеңіз.
Басқаларға да өз қалпын сақтауды рұқсат
етіңіз.
Өз сүйікті адамыңызды апа, іні, құрбыңызды
түзетемін деп қиналмай-ақ әр кімнің өз даралығына құқығы
бар.
Барлығынан артық,жақсы болу әрдайым мүмкін
емес.
Бір нәрсе қолыңыздан келмей қалса, онда тұрған не
бар.
Өз қамалыңыздан шығыңыз!
Көп адамдар оларды басқалар бағаламайды деп
ойлайды,бірақ өздері сол уақытта ішінен жабылып,ешкімге ашылмай
жүретініне назар аудармайды.
Кейде қателіктерге де жол берілуі керек. Сіз де
тірі жансыз, жаңыла аласыз және бір рет жол бергеннен жаман
болмайсыз.
Басқалар үшін жақсылықты аямаңыз. Біреу қиындыққа
ұшырап қалса оған көмектесіп көріңіз. Барлығы бірден бола қоймайды!
Жүйкесі шаршаған адамдар қандай да болмасын істі күрделі деп
санап,оны бітіру үшін көп күш жұмсайды.Кішігірім мәселелерге назар
аудармай, ең маңыздысынан бастаңыз. Ал ұсақ-түйекке жеткен кезде
олар сізге соншалықты жеңіл көрінеді.Суицидке бет алған адамға:
«Ойлан,сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі»,-деп
айтқанша,оның ойына мүмуін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы
ойлануды сұраңыз. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін
сөздерін,мейлі ол уайым,қайғы,кінә,қорқыныш немесе ашу-ыза болсын,
тыңдай білсеңіз,оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай
ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген
қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы
қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.
Бүкіл дүниежүзі көтерген мәселе өз-өзіне қол
жұмсау. Әсіресе,жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар арсасында.
Бұндай жағдайда бір ғана адамның бақылауымен ештене шықпауы мүмкін
,бұл мәселеде қоғам болып ат салысуымыз керек.Оның әртүрлі
себептері болуы мүмкін.Бұл үшін педагог-психолог мамандарды көбейту
керек. Мысалы, біздің мектепте 1659 бала бар,бірақ тек 2
педагог-психолог маманы ғана. Егер педагог-психолог мамндарын
көбейтіп, әр бағыт бойынша бөлсе, балаларды қадағалау жеңілірек
болар еді. Өз-өзіне қол жұмсау бойынша әртүрлі семинарлар
жүргізіледі, бірақ педагог-психолог мамандарға арнайы әдістемелік
құрал осы кезге дейін болған жоқ.
Енді тек бір үміт күтіп отырғанымыз – Біріккен
Ұлттар Үйымы Балалар қоры мен ҚР Үкіметі қолға алып отырған
бірлескен бағдарламалар. Бұл Қызылорда обылысында жүзеге асып жақсы
нәтиже көрсетті. Енді Маңғыстау облысында өтпек.
Біріккен ұлттар Ұйымы Балалар қоры мен Қазақстан
Үкіметі Қызылорда Маңғыстау обылыстарындағы бірлескен
бағдарламаларды жүзеге асыру. Бұл БҰҰ-ның көтерген мәселесі
болғандықтан,Қазақстан бойынша зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде
Қызылорда қаласында жасөспірімдер бойынша өз-өзіне қол жұмсау
бірінші орында тұрған. Одан кейін Маңғыстау облысы тұр. Бұл
бағдарлама Қызылорда қаласында өтіп, нәтижелі болып, енді
Маңғыстауда 25-27 тамызда үш күндік семинар болады. Оған санаулы
педагог-психологтар қатысады. Осы семинар арқылы
педагог-психологтар мектептегі мұғалімдерден бастап,күзетшіге дейін
арнайы оқытады. Бұрын мектепте тек психологтар балаларға жауапты
болса,енді балаларға мектептегі барлық қызметкерлер жауапты
болмақ.
Қай жағынан қарасақ та бұл – қате шешім өткінші
стресс. Дін жағынан қарасақ та, Алланың берген өміріне мүлік сияқты
қарауға болмайды.Алла тағала дене бітімді қандай әдемі, тап-таза
етіп жаратс