Материалдар / Сыйластық бастауы 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыйластық бастауы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні бойынша 8 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары. Тақырыбы: "Сыйластық бастауы"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2022
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМКК





Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Сыйластық бастаулары»

























Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Мектебі: «№8 – көркем эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп – кешені»

Күні: 03.12.2021 №: 13

Машықкер: Тұрарбекова Наурызай

Сыныбы: 8 «в» Оқушылар саны: 17

Тақырыбы: «Сыйластық бастаулары»

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Сыйластық, қамқорлық, сыпайылық.


Мақсаты:

Оқушыларға «сыйластық», «ізгі қарым-қатынас», «парыз», ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу Міндеттері:

  • оқушыларға өмірдегі үйлесімділіктің негізі сыйластық туралы ұғындыру;

  • оқушыларды кез келген сәтте қамқорлыққа баулу;

  • оқушыларды сыпайылық, бауырластық қасиеттеріне тәрбиелеу.


Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. жағымды көңіл-күй орнату

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

«Қимылды танысу» Оқушылар есімдерін айтып белгілі бір қимыл көрсетеді.

Оқушыларды топқа бөлу. Қобдишадан суреттер алу арқылы топқа бөлу.

1 -топ: «Отбасы» тобы 2-топ:«Достық» тобы 3-топ: «Мектеп» тобы





Енді бүгінгі мақсатымыз жүзеге асу үшін 5т ережесін еске түсіру керек:

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Бабалар аманаты» оқу

«Ыстық орындық» орындық әдісі

Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Сұрақтар:

  1. Дос деген кім?

  2. Достықты сақтайтын қасиеттер?

  3. Сенің адал досың кім?

  4. Амал дос деген кім?


https://youtu.be/gBFSDVKS-HY















































Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын суреттер алады.











«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

3. Ой қозғау. Жаңа тақырыпты ашу. Жақсы сөздер алаңы. - Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді, көңіл күйін көтереді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Барлығымыз жақсы сөздер айтып бір-біріміздің көңіл күйімізді көтерейік. -Кәне, кім қандай жақсы сөздер біледі? -Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді екен. Ендеше, бүгінгі біздің жаңа сабағымыз «Сыйластық бастаулары» деп аталады.


4.Сабақтың дәйексөзі.

«Сыйласаң сыйымды боларсың.»

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. «Сыйластық» ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой үйдіңіз?



Видеоролик көрсету: «Ата-ана қадірі»


7. Оқулықпен жұмыс.

Бақыт қайда барасың?

Асанұлы Қабан (Қабылиса) жырау

-Бақыт қайда барасың? -Бақыт қайда барасың?

-Ата-анасын сыйлаған, -Балбыраған бесікте,

Ұйымшылдық ойлаған, Қайыры бар есікте,

Тату жанға барамын. Балалы үйге барамын.

-Бақыт қайда барасың? -Бақыт қайда барасың?

-Өсірген жақсы баласын, -Келін мен қызы ибалы,

Сыйлаған ата-анасын, Ата-анасын сыйлаған,

Көргенді ұлға барамын. Сондай үйге барамын.

-Бақыт қайда барасың? -Бақыт қайда барасың?

-Балбұл жанған көрікті, -Туысымен татулы,

Ұл мен қызы серікті, Жаман сөз жоқ шатулы,

Берекелі ұлға барамын. Ынтымақты үйге барамын.

-Бақыт қайда барасың? -Бақыт қайда барасың?

-Еш адамды күндемес, -Соғысқа құмар ойы жоқ,

Өсек отын үрлемес, Ұлан-асыр тойы көп,

Әдепті үйге барамын. Бейбіт елге барамын.

-Бақыт қайда барасың?

-Ұлы, қызы есейген,

Ауызбірлігі күшейген,

Келінді үйге барамын.


Сұрақтар:

  1. Өлең жолдарында не туралы айтылған?

  2. «Сыйластық» ұғымын қалай түсінесіңдер?

  3. Адам бақытты болып туа ма, әлде қалыптаса ма?

  4. Сендер қазіргі сәттеріңде өздеріңді бақытты сезінесіңдер ме? Мысал келтір.


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Жақсы сөздер . Ассоциация құру Тақтада тұрған плакатқа «Сыйластық» деген сөзге тірек сызба құрайды.

Осы жақсы сөздерді пайдаланып, әр топ көрініс сахналайды.

1-топ: Отбасы. бойынша өлеңнің мәтінінен алынған үзіндімен танысып «бақыт», «сыйластық»ұғымдарына өз анықтамаларын жазады.

Бақыт қайда барасың?

Ата-анасын сыйлаған,

Ұйымшылдық ойлаған,

Тату жанға барамын.


Бақыт қайда барасың?

Өсірген жақсы баласын,

Сыйлаған ата-анасын,

Көргенді ұлға барамын.


2-топ: Достық. Сыныптағы оқушылар ақылы жарысқа баратын болды, сыныптағы бір оқушының баратын баратын қаражаты болмады, сыныптағы достарының сол оқушыға тосынсый ұйымдастыруынан үзінді.

3-топ. Мектеп. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.


Сабақты қорытындылау. Синквейн әдісі
«Сыйластық» , «Әдептілік», «Достық» сөздері бойынша бес жолды өлең жазу ( жеке тапсырма)
1. Зат есім 
2. Екі сын есім 
3. Үш етістік 
4. Төрт сөзден сөйлем 
5. Синоним, ассоциация 


«Қарлы кесек» әдісі



















https://youtu.be/-NxF5BJRLD4



Оқулық
































Плакат, маркер












8. Топпен ән айту. Жан досым

Іздегенде табылатын қасыңнан Көңілі бар қызғалдақтай ашылған Көріспесек сағыныштан жүдейтін Кім бар жақын бала күнгі досыңнан

Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсын мерейің Әрқашан жеңісіңді көрейін Сырымыз да бітпесін Жырымыз да бітпесін Жырымыз да бітпесін

Қос бұтағы секілденіп ағаштың Қатар тұрып гүлімізді сан аштық Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық Адассақ та бірге жүріп адастық

 Қайырмасы:

Өмір өзі арқамызға жүк салып Бәрімізді қияларға жұмсады

Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде Қатар жанған екі шамға ұқсадық

https://youtu.be/7cKNRSTCn1w

10.Үй тапсырмасы Оқулықтан 58-бет «Сөз анасы сәлем» оқып келу.


11. «Аялы алақан» әдісі

Мұғалім: әр топқа 6 қолдың іздері береді. —Сіздерге берілген қолдың іздеріне алақанға «Менің досым» деп жазып, саусақтарына өзінің адал досыңыздың бойындағы сіз бағалайтын 5 қасиетін жазып тақтадағы «аялы алақан» деген плакатка жабыстырыңыздар.

Плакат, қол іздері қиылған түрлі-түсті қағаздар

12.Сабақтың қорытынды сәті.

- Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!