Материалдар / «Сыйластық неден басталады?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сыйластық неден басталады?»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2018
2354
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сыйластық неден басталады?» 
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату. 
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; 
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, 
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу; 
Көрнекі құралдар: Мақал- мәтелдер,сыйластық туралы слайд,бейнеролик.
Барысы: 
Шаттық шеңбері 
Амансың ба Алтын Күн! 
Амансың ба Асыл жыр! 
Амансың ба көк аспан! 
Амансың ба жан досым! 
Жылуыма жылу қос! 
Міне менің қолым! 
- Қыздар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін.Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластыққа байланысты «Сыйластық неден басталады?деп аталады. 

«Сыйластық деген не?» бейнероликпен тақырыпты ашу.
Ал ,қыздар осы сыйластыққа арналған тақпақтарымызды айтып шығайық. 
Кім үлкенді сыйласа, 
Кім үлкенді тыңдаса. 
Сыйлы болмақ, өзі де, 
Үлкен болған кезінде. 
2-оқушы: 
Әдептілік дегенің, 
Әрқашанда керегің. 
Әсемпаздық дегенің, 
Әуре сарсаң әлегің. 
3-оқушы: 
Сыйлап сәлем беремін, 
Көршілерді көргенде. 
Ізетті деп білемін, 
Үйге қонақ келгенде. 
Әдепсіз деп сөкпесін, 
Анама айтып өкпесін. 
4-оқушы: 
Бала дана болады, 
Даналықты көп көрсе, 
Бала көктей солады. 
5-оқушы: 
Сыйла үлкен кісіні, 
Қамқорлыққа ал кішіні. 
Сақта көше тәртібін, 
Бағдаршамның ал тілін. 
Әдепті қыл бұл ісіңді, 
Тазалап жүр тісіңді. 

Әңгімелесу
Оқушыларды құрмет пен сыйды ажырата білуге үйрету үшін «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды!» тақырыбында әзірленген шағын үзінді тыңдалады.
қушы:- Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адам да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
Ата-ананы сыйлау – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
7-оқушы:Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
- Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы
- Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
- Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
Жүргізуші: Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас, туыстарыңды сыйлап жүріңдер.
Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана - жарық дүниеге әкелуші.
8-оқушы:Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі. 
Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі. 
Жүргізуші: Бүгін қыздар сыйластыққа байланысты тәрбие сағатымызда біз «Ғажайып алаң» атты ойын ойнаймыз. Оған ойыншылар 3 кезеңге қатысады. Мен бүгінгі тақырып бойынша тапсыраманы оқимын сендер жауап бересіңдер.Әр жауапқа бір ұпайдан беріледі.
І- кезең сұрағы. 
Сыйлап үлкен ағаны, 
Сәлем берген баланы 
Кім дейміз?

Жасырылған сөз (әдепті) 
Әдепті екен бұл дейміз! 
«Жалғастыр» 
«Не істеуге болмайды?» Жүргізуші: басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек. 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) 
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) 
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.) 
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) 
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) 
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) 
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі) 
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) 
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..) 
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) 
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) 
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) 
ІІ- кезең сұрағы. 
-Сендерге берілетін тапсырма мынадай: 
Кітап, дәптер, қаламы, 
Кір шалмаған баланы 
Кім дейміз? Жасырылған сөз(Ұқыпты) 
Ұқыпты екен бұл дейміз! 
Ситуацияны шешу. 
1.Көше бойымен таяққа сүйенген ата келе жатады. Басын көтеріп жол 
бағдарлауға шамасы келмеи келе жатыр.Сен оған қарсы кездестің. Недейсіз? 
Не істейсіз? 
Оқушылардың жауабы. 
2.Сіз автобуста отырсыз бір әже кірді. Әрине тұрып орын бересіз.Әже қуанып қандай алғыс айтады. 
ІІІ- кезең сұрағы. 
Тапсырмаларың мынадай: 
Таудай биік талабы, 
Жақсы оқитын баланы 
Кім дейміз? Жасырылған сөз (үлгілі) 
Үлгілі екен бұл дейміз. 
Жақсы ,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік 
Апаң сенің базардан 
Алма сатып әкелді! 
Ең үлкенін, жақсысын 
Саған таңдап әкелді! 
Не деп барып жеу керек? (рахмет) 
Балалар жүр көшеде 
Естіледі айғай-шу. 
Сенде шықтың, көршіңді 
Қойып кеттің байқамай. 
Не деу керек? (кешіріңіз) 
Осы келген бетіңде 
Допты қудық, жарыстық. 
Көшенің сол шетіңде, 
Кезікті бір танысың. 
Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсіз бе) 
Үй артыңда қоқысты, 
Жатқан көптеп үйіліп. 
Тазалайды қарт кісі 
Белі зорға иіліп, 
Не дегенің жөн еді?( көмегім тимес пе екен?) 
Қорытынды: 
Жүргізуші:
1. Балалар, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білейік. 
2. Қоғамдағы ең жақсы адам- әдепті адам, әдепті адамдар- қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі.

Әдептілік қағидалары
Қай жерде жүрсек те бәріміз сыйлы болғымыз келеді. Бірақ біреудің Сізді сыйлауына материалдық  табыстар негіз болса, біреуге кішіпейілдігіңіз, өзгелерге талантыңыз маңызды болуы мүмкін. Ал, шын мәнінде сыйлы болу үшін адам нені білуі керек? Төмендегі қағидалар әр адамның өзіне лайық бедел-абыройға ие болуына көмектеседі деп ойлаймыз:
9-оқушы:1. Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алдымен басқаларды шын жүрегіңмен  сыйлауың керек. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден басталады. Бұл әр адамға бірдей мөлшерде назар аударып, қолдау көрсете білуді білдіреді. Ал, өзгені сыйлау өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді әлсіздік деп қабылдап, абыройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан гөрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Және бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір арақашықтықта ұстағаның жөн.
10-оқушы:2. Өзіңнің көңіл-күйіңді бір қалыпты көтеріңкі деңгейде ұстауға тырыс. Басыңа түскен жағдайдан жақсысын көруге үйреніп, соған сүйенуге тырыс. Сонда жаныңдағылар саған тамсанып, сенің жеке тұлғаңды сыйлай түседі.
11-оқушы:3. Достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа адал болуды үйрен. Тек өзің қалаған адамдарға ғана емес, барлығына бір шындықты айтатын турашыл мінез қалыптастыруға тырыс. Адал адам – сенімді адам және ол қасиеті аян болса, шала таныс адамдар да  Сізді жауапты, шынайы деп суреттейтін болады. Сыртыңыздан айтылған жақсы сөз Сіздің беделіңізді одан әрі өсірмесе, еш уақытта түсірмейді.
12-оқушы:4. Басқалардың сыртынан ғайбат сөз айтпа. Жақындарыңа немесе кімге болса да қатысты айтар сын пікірлерің болса, мүмкіндігінше ең алдымен өзіне жеке айт. Ол адам өз қателіктерін байқамай қалған немесе өзінің кемшін тұсын білмеуі мүмкін. Бірақ сынайтпас  бұрын жақсы тұстарын ақкөңіл бөліп, оларды да барынша шынайы, зілді әзілсіз атап өтуге тырыс.
13-оқушы:5. Сөзің де, өзің де сыпайы болсын. Біреуді кемсітуден және балағатшылдықтан өзіңді қашық ұстауға тырыс. 
14-оқушы:6. Киімге де жақсы талғам қалыптастыр. Таза, әдепті және жарасымды киін.
15-оқушы:7. Кеңпейіл бол, жасандылықтан қаш. Сөз жүзінде бір өмір, іс жүзінде басқа өмір сүріп өзіңді де, өзгені де алдама. Басқалар еліктеуге тырысатын жақсы үлгі бол.
16-оқушы:8. Қай кезде сөйлеу орынды екенін біл, басқаларды мұқияттың дауға тырысып, олардан (не екенін айтпасаң да) әлдене үйренгеніңді білдір. Бәріне мүмкіндігінше қайырымды бол.
17-оқушы:9. Уәдеңде тұра алмайтыныңды білсең сөз берме. Қай кезде де сөзіңе сәйкес әрекет жаса. Егер біреу қателігіңді бетіңе басса, сылтауратпай, толық жауапкершілігіңді мойындай біл, сөйте тұра өзіңді бейшара санап, түңіліп кетпей, кішіпейілділік пен алға қарай баса бер.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!