Материалдар / Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. №5 зертханалық тәжірибе «Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. №5 зертханалық тәжірибе «Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2023
1949
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Оспанова Гүлмира Нургазыевна

Пән/Сынып:

Химия, 10 сынып ЖМБ

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан. 17 - сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

10.3C 17-топ элементтері

Сабақтың тақырыбы:

Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. №5 зертханалық тәжірибе

«Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»


Оқу мақсаты:

10.2.1.7 галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау және анықтау


Бағалау критериі:

  • галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлайды

және анықтайды


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Бекіту тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.

Жеке жұмыс

Оқу тапсырманы ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды.

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

3 минут

00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме? Біз сіздермен қашықтықтан оқытуды ары қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. №5 зертханалық тәжірибе

«Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

«Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»

білесіздер;

Сенің меңгеретінің:

  • галогенид иондарын анықтауды үйренесіз

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру



















Презентация

Слайд 1, 2














14 минут


03:00 – 23:00









































Жаңа сабақ

5- зертханалық жұмыс

«Галогендер қасиеттерін зерттеу және

сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»

натрий хлориді

калий бромиді

калий йодиді

күміс нитратының ерітіндісі

хлорлы су

Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал− жабдықтар: тамшуырлар, сынауықтар


1-тәжірибе.

Үш сынауыққа 2 мл ерітінділерді натрий хлориді

калий бромиді, калий йодиді құйып,

әр сынауыққа бірнеше тамшы хлор суын қосыңдар. Содан кейін бром суын,

йод суын қосып реакцияны қайталаңдар.

Не байқадыңдар?


Қорытынды:

Калий бромиді ерітіндісіне хлор суын құйғанда ерітінді бірден күрең түске боялады. Ол бром бөлінгенін дәлелдейді. 2КBr+CI2=2KCI+ Br2

Калий йодидіне бром суын құйса, йод бос күйінде бөлінеді, қоңырқай күлгін түс пайда болады 2КI+Br2=2KBr+ I2







2-тәжірибе.

Үш сынауыққа 2 мл берілген ерітінділерді натрий хлориді, калий бромиді, калий йодиді құйып, әр сынауыққа бірнеше тамшы күміс(І)нитратының ерітіндісін қосыңдар

Не байқадыңдар?

Реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар

Қорытынды:

NaСl + AgNO3 = NaNO3 + AgCl (қ)

Na+ + Cl - + Ag+ + NO3- = Na+ + NO3- + AgCl

Ag+ + Cl - = AgCl (қ) ақ ірімшік тәрізді тұнба



NaBr + AgNO3 = NaNO3 + AgBr (қ)

Na+ + Br - + Ag+ + NO3- = Na+ + NO3- + AgBr↓

Ag+ + Br - = AgBr (қ) сарғыш түсті тұнба



NaI + AgNO3 = NaNO3 + AgI

Na+ + I - + Ag+ + NO3- = Na+ + NO3- + AgI ↓

Ag+ + I - = AgI ↓ сары тұнба

3-тәжірибе.

Картоп бір түйіріне бірнеше тамшы йодтың спирттегі ерітіндісін тамызыңдар.

Не байқадыңдар?

Қорытынды жасаңдар

Қорытынды:

Картоп бір түйіріне бірнеше тамшы йодтың спирттегі ерітіндісін тамызғанда көк түс пайда болады. Картоп бір түйіріне бірнеше тамшы йодтың спирттегі ерітіндісін тамызғанда көк түс пайда болады.

Тапсырма

СI-  Br - I- иондарын анықтауға қажетті реактивтерді және сапалық реакция нәтижелерін кестесіндегі бос орынға толтырыңыз

Анықталатын ион

Анықтауға қажетті реактив

Сапалық реакциялар нәтижелері

СI-



 Br -



 I-







Жауабы:

Анықталатын ион

Анықтауға қажетті реактив

Сапалық реакциялар нәтижелері

СI-

 Ag+

 ақ тұнба

 Br -

Ag+

сарғыш тұнба

 I-

 Ag+

сары тұнба



0,5 моль калий йодидінің бромның артық мөлшерімен тотықсыздануы нәтижесінде йодтың қандай массасы түзілді?

Берілгені:

n(KІ) = 0,5моль

mабу керек:

m (I2)


шешуі:

2КI + Br2= 2KBr + I2

0,5 моль ─ х моль

2 моль ─ 1 моль

х = 0,25 моль

m( I2 ) = nM = 0,25 моль ∙254 г = 63,5 г

Жауабы: m( I2 )= 63,5 г



Жаңа тақырыпты меңгеру













578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!