Шылымқорлық сенің өкпеңе зиян 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шылымқорлық сенің өкпеңе зиян 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы, Талас

ауданы Қаратау қаласы,

«Үміт» қимыл-тірек аппараты

бұзылған балаларға арналған

арнайы мектеп-интернатының

тәрбиешісі

Тапелов Курманкелди Ерботаевич


Тәрбие бағыты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы: «Шылымқорлық сенің өкпеңе зиян»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Темекінің зиянды әсерлерін ашу, жас жеткіншектердің темекі шегуді бастамауы туралы сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Темекінің тарихы оның, адам ағзасын улайтыны туралы түсініктерін кеңейте түсу.

Тәрбиелік : Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, сақтану жолдарын, ұжым болып жұмыс істеуге, бірін-бірі тәрбиелеуге үйрету, денсаулығын сақтауға жауапкершілігін ояту.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, сұраныс, талқылау.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер, бейнебаян

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу,

2. Зейіндерін саббаққа аудару.

ІІ. Кіріспе сөз
Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

  1. - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

  2. - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3- бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.


Ойқозғау.

Қазақстанда шамамен халықтың 1/3 бөлігі 62 пайыз ерлер, 18 п-з әйелдер темекі тартады. Жыл сайын елімізде 23-24 мың адам темекі тарту салдарынан болған аурулардан қаза болуда. Оқушыларға күніне, аптасына және жылына темекіге қанша ақша жұмсалатынын есептеу.


Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен. Оның 600 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Шынына келсек, темекі жаппай жою қаруына айналып келеді.

Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.

- Стенокардия - темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.

- Құрғак гонгрена - темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бұл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.

- Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі

тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі.



Суретпен жұмыс.

Шылымқорлықтан бас тартып, өмір таңдаңыздар!

Содержимое 3 Содержимое 5

Яғни әр 9 секунд сайын темекінің салдарынан 1 адам өледі

Темекінің салдарынан дүние жүзінде жыл сайын бес миллион адам қаза табады

Темекінің түтіні автокөліктердің шығаратын түтінінен 4 есе көп зиянды

Еліміздің 33 % жастары темекіні тұрақты тартатындар



Сызба. Сызбаны оқушыларға сыздыру


Содержимое 3



Әңгіме.

«Шылым шегудің пайдасы». Үш түрлі ауыруға шалдығуы жайында



«Темекі қоюшыларға ақыл кеңес» Даналар сөзі

- Шылымшы қарт, жас адам – өзіне өзі қас адам
- Жағымсыз әдеттерден арылу бүгін оңай, ертең кеш.
- Арақ ішіп темекі шеккен. Денсаулығының түбіне жеткен

  • Темекі денсаулық дұшпаны

  • Темекі тартқаның –өзінді –өзін құртқаның.



Елімізде темекінің көптеген түрлері сатылымда. Сонымен бірге жастарымыз кальян немесе қорқор тартуға үйреніп жүргені мәлім.

Бейне баян «Қорқордың зияны» көрсету

Сұрақтар қою

Қорқор туралы не айтасыңдар. Неге адам баласы зиянды заттарға әуес келеді? Балалардың ойы мен пікірлері тыңдалады.


Дәптермен жұмыс:

Дәптерге сызбаны сызыдару. Даналар сөзін жаздыру

Адам неғұрлым өте ерте бала кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым пәле ауруына жиі шалдығатыны дәлелденген. Өкпедегі пәле ауруымен ауырғандардың 97 пайыз шылым шегетіндер. Шылым шегу адам өмірін қысқартады.Күніне 1 қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды.
«Жас жеткіншек! Өздеріңе айту менің борышым-көк түтінмен уланба.»

Алғаш темекі тартқанда адам уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі құрамындағы никотин тыныс жолдарының сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған сілекейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді.


ІІІ. Қортындылау

«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтса, Елбасы

Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан. Сондықтан Елбасымыздың айтқан сөздеріне мән беріп салауатты өмір салтын қалыптастыруға ат салысайық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2018
592
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі