Сымсыз желілер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сымсыз желілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика сабағында қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1 – Компьютерлік жүйелер және желілер

Күні: Мектеп:

Сынып: 6 сынып

Мұғалімнің аты-жөні:


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сымсыз желілер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.3.1. сымсыз байланыстың артықшылығын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- сымсыз желі ұғымына анықтама бере отырып, артықшылықтарын түсіндіре алады.


Оқушылардың басым көпшілігі:

- сымсыз желі ұғымына анықтама бере алады

- Интернетті қамтамасыз ететін құрылғыларды біледі

Кейбір оқушылар:

- Ғаламдық желіге қосылу жолын біледі және практикада қолдана алады

Бағалау критерийі

- желі және сымсыз желі туралы біледі

- сымсыз желі түрлерін ажырата алады.

- сымсыз желіні түрлеріне қарай топтастыра алады.

- сымсыз желінің пайдасы мен зиянын біледі

Тілдік мақсаттар


Желі – сеть – нет, сымсыз желі – беспроводная сеть – wireless network, модем-модем-modem

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер (Тілдік стратегиялар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым):

  1. Желі дегеніміз - ..............

  2. Сымсыз желі ................. жіктеледі.

  3. Сымсыз желелерді топтастыру біз үшін .......... қажет.

Құндылықтарға баулу




Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Қарым-қатынас жасау;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

  • Жауапкершілік;

  • Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі және орыс тілі

Алдыңғы білім


- операциялық жүйе, оның негізгі қызметтері, нысандары және интерфейсінің түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Ең алдымен, білім алушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне бір ауыз мақтау сөз айтады. Бұл білім алушылардың сабақты жақсы көңіл-күймен бастауына ықпал етеді. Шаттық шеңбер қалпын бұзбастан «Сұрақты тосып ал» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау жүргізіледі. (әдіс ережесі: мұғалім білім алушыға допты лақтыру арқылы сұрақ қояды. Допты тосып алған білім алушы сол сұраққа жауап беріп, допты мұғалімге қайтарады. Мұғалім сұрақ қоюды жалғастырады. Егер білім алушы сұрақтың жауабын білмесе допты басқа білім алушыға беруіне болады). Осы әдістен кейін балалар партадағы қағаз қиындылары арқылы 2 топқа бірігеді: 1- топ (1 саны), 2- топ (2саны)

«Сұрақты тосып ал» әдісінде қойылатын сұрақтар:

  • Операциялық жүйе дегеніміз не?

  • Интерфейс ұғымы қандай мағынаны білдіреді?

  • Таңбаша деген не?

  • ОЖ нысандарын ата.

  • Интерфейс сөзін 3 тілде айтыңыз.

Бағалау Критерийі

Дескриптор

ҚБ

Операциялық жүйе қызметін біледі.


ОЖ анықтамасын біледі.


Таңбашаға анықтама бере алады.


Интерфейс ұғымының мағынасын аша алады.


ОЖ нысандарын атай алады.


Интерфейс сөзін 3 тілде айта алады.

























Қима қағаздар , доп























Білу

(Т) Білім алушылардың ойын жаңа тақырыпқа бұру мақсатында «Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісін қолданамын. (әріптерді жеке-жеке қиып, партаға қоямын)

СЫМСЫЗ ЖЕЛІ

СЫМДЫ ЖЕЛІ

Әр топ өзіне берілген жауаптың сұрағы қандай болуы мүмкін деген талқылау жасап, нәтиже шығарады. Топтың бір мүшесі тұрып тапсырма бойынша өз шешімдерін оқиды. Мұғалім айтылғандарды қорытып, жаңа тақырыпты хабарлайды.

Оқулық

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы


Түсіну


18 минут


T=топтық жұмыс

Д=дара жұмыс

К=көрсету



Қолдану




Талдау

(К) Жаңа тақырып бойынша сымсыз желі тақырыбына бейнеролик көрсетіледі.

Кері байланыс «Смайликтер»ді таңдау арқылы бейнероликтен түсінгендерін көрсету















(Д) Бейнероликте берілген түсінікті қолдану мақсатында дәптерге кітаптағы 34 беттегі 4 - тапсырманы орындайды.


Бағалау Критерийі

Дескриптор

ҚБ

Сымсыз технологияға түсініктеме бере алады.


Сымсыз технология түрлерін біле алады.


Wi-Fi ға анықтама бере алады.


Wimax – қа анықтама бере алады.


Bluetooth – құрылғысына анықтама бере біледі.









(Т) «Венн диаграммасы» әдісі

«Венн диаграммасы» әдісі арқылы оқушылар 1-топ - Wi-Fi мен Wimax-тың айырмашылығын, 2-топ Wi-Fi мен Wimax-тың ұқсастығын постер жасау арқылы қорғайды.

Кері байланыс: Лайк арқылы баға беріледі.

Бағалау Критерийі

Дескриптор

ҚБ

Сымсыз технологияға түсініктеме бере алады.


- сымсыз желілердің айырмашылықтарын таба алады


-сымсыз желілердің ұқсастықтарын таба алады






(Д) «Түртіп алу» әдісі бойынша екі топ бір-бірінен алған ақпаратты дәптерлеріне жазып алады.

https://www.youtube.com/watch?v=U6zVG9Bd98k



















Дәптермен жұмыс























Плакат, түрлі-түсті маркерлер, оқулық, презентация















дәптер

Рефлексия

3 мин

Еркін микрофон» әдісі

Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты сабақ барысында не түсінгенін және сабақ жайлы өзінің қысқаша ойын айтады.

Бұл сөздер оқытудың мақсаттарымен сәйкес келуін қадағалау керек.



Үйге тапсырма

2 мин

§5 Сымсыз желілер тақырыбын оқу

оқулық

Сабақтың соңы

Синтез

5 минут

Білім алушылардың бүгінгі сабақта алған білімдерін қорытындылау мақсатында «Миыңның суретін сал» тәсілі қолданылады. Оқушыларға мидың суреті салынған парақтар таратылады. Мидың ішкі бөлігін сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады. Ал сыртқы бөлігіне осы сабақ бойынша мұғалімге ұсыныс және келесі сабақта білгісі келетін ақпаратты жазады.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.12.2018
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі