Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
Еліміздің экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңару үстінде. Осы орайда, білім ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыру, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап, тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен, бүгінгі дәстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам, тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны да рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жете көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі, дәл қазіргі уақыт, ең алдымен, адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді.
Ендеше, бұдан шығар қорытынды мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет болды. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының « Білім туралы Заңында» да айқын көрсетілген: «…Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау». Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысы, жазуы, ауызекі сөйлеуінің, өз ойларын еркін айта алмауы, сөздік қорларының адзығы, төмендігі байқалады. Оның себебі мұғалімдердің күнделікті дәстүрлі сабақтар өткізуінен, ешқандай жаңалықтардың болмауы, жан – жақты іздену жұмыстарының жоқтығынан деп ойлаймын. Осындай кедергілерді анықтай отырып, әр оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне, төменгі деңгейден орта деңгейге, орта деңгейден жоғарғы деңгейге өтуіне жұмыстар жасауымыз керек.
Осыған орай «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарламасы Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсын оқуда жаңа модульдерімен танысып, оны тәжірибеде тиімді қолдана білу жолдарын қарастырдым. Олардыоқып, талдау жасау арқылы мұғалімдердің іс – тәжірибесіне көп өзгерістер енгізуге мүмкіндіктер жасады. Олар: оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, қалай оқу керектігін үйрету, оқуты үшін бағалай және оқуды бағалауе, сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Осы тақырып бойынша алдыға қойған мақсатым – ынтымақтастық және бірлескен жұмыс арқылы сабақ барысында пәнге қызығушылықтарын арттырып белсенді ұжым қалыптастыру. Осы орайда алдыға мынадай міндеттер қойдым– бірлесіп жұмыс жасау арқылы өз ойларын айтуға, барлығының белсенді жұмыс жасауын ұйымдастыру;- осы тақырыпқа байланысты өзекті идеяларды іздестіре отырып шешу жолын қарастыру. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысын оқу–тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді. Бұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынанқарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәлелелерін шешуге, әртүрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін тыңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау әдістері мұғалімдер қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл модуль оқушының жекеленген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталған. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау есте сақтау қабілетін, шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. Сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау барысында түсінгенім оқушылардың бірін – бірі тыңдап, құрметтей білуі, бұрын үндемей отыратын балалардың сабақбарысында қызу араласуы сабақтың ерекше өтуіне, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызды.
Нұсқаулықта берілгендей сын тұрғысынан ойлау, бақылау, тәжірибе, толғанужәне ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады. Сонымен қатар, ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Жалпы кез келген мектептерде оқушылардың ойлау қабілеттерінің жоғары деңгейде болуы маңызды екені белгілі. Әр баланың ойлау қабілеттерінің жоғары деңгейге жетуі мұғалімге, мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз қарым–қатынасқа байланысты болғандықтан, жаңа технологияларды, модульдерді біртіндеп енгізе отырып нәтижелі жұмыс жасау маңызды болып саналады. Осы орайда, сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырдым. Сонымен бірге, оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Оқушылардың белсенділігін қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың рөлі зор. Оқушылар топта бірлескен жұмыс арқылы әрбір әрекетті бірігіп шешеді. Оқып үйренушінің өткен білім мен тәжірибесін өзекті етеді. Сын тұрғысынан ойлау модулінде тізбекті 3 кезең қолданылады: шақыру, жаңа ақпаратты ұғыну, рефлексия (ойлану). 1 кезең – шақыру: оқушылардың бар білімдерін белсендіру, талқыланатын мәселеге байланысты қызығушылықтарын ояту. (Бұл мен үшін нені білдіреді? Маған не үшін қажет?). 2 кезең – жаңа ақпаратты ұғыну: 1 кезеңде пайда болған оқушылардың белсенділіктері мен қызығушылықтарын қолдау, жеке ұғынуын бақылау бойынша оқушының күш салуына қолдау көрсету, олар жаңа ақпарат пен бұрынғы білімдерінің арақатынастығын анықтау барысында жаңаны ескімен байланыстырады. 3 кезең – рефлексия: екі кезеңде алған білімдерін ұғынады. Бұнда мұғалімнің рөлі оқушылардың күшін белгілі бір бағытқа бағдарлау, түрлі пікірлерді қақтығыстыру; өз беттерінше шешім қабылдауға ынталандыру, қорытынды шығаруға жағдай жасау керек.
Сарапшылардың пікірінше, сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар мен топтар:
- қадағалау жолымен алынған деректерге;
- мәнмәтінге;
- барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;
- ой – пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;
- алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғыларға лайықты көңіл бөледі.
Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандырады. Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Блум таксономиясы ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең – кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды.
Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге, оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты. Олай болса, Ж.Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім» деген екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қарулардырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.Бүгінгі ұстаздың бірінші міндеті – оқушыға бүкіл өміріне азық ете алатындай жан - жақты білім беру. / Н.Ә.Назарбаев, жолдау /
Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауын қалыптастыра отырып, шығармашылық тапсырмаларды қызығушылықпен, белсенді орындайтындары анықталды. Сонымен бірге, топтық жұмыстың маңызы оқушылардың бірлескен жұмыстары арқылы ынтымақтастықты, белсенділікті қалыптастыруға жағдай жасайтынына көзім жетті. Оқушылар әр сабақта, бірінші тақырып туралы өз ойларын қағазға түсірді. Суретпен, топтастыру, кесте құру т.с.с. жұмыстармен сол тақырып бойынша не түсінетіндерін айтты. Одан әңгіме мазмұнымен жеке өзі оқып танысып, кейін жұппен ақылдасты, топ ішінде талдады. Мысалы, М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін өздері оқып танысты. Әңгімені оқығаннан кейін интернеттен фильмін көрді. Соңында екеуін венн диаграммасына салып, салыстырды. Әңгіме мазмұны көксеректің ауыл арасына үйренісе алмағанымен аяқталды. Ал фильмде – соңында көксеректе, Құрмашта өледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың шығарма мазмұнын салыстыра отырып талдау дағдылары қалыптасады.
Б алалар тапсырманы қызыға орындады және топта бірлесе кестені толтырды, әр қайсысы өз ойларын айтты, белсенді жұмыс жасады.
Бұның байқалған тұстары сөйлемей отырған оқушылар, өз ойларын айтып отырған оқушылардың ойларын кестеге толтырып жазып, арасында өз ойларын қосып отырды. Оқушылар әңгіменің үзіндісі екенін білді, жоғары сыныптарда толығырақ оқып танысады. Бұндай мүмкіндіктер (интернет) күнделікті сабақта қолданылмағандықтан оқушылар тапсырманы белсенді орындады. Сабақтарда сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияларды қолдану, диалогтік оқыту сияқты модульдердің әдіс-тәсілдерін қолдандым.
Сын тұрғысынан ойлауды алған себебім, оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, бірлескен жұмыс арқылы белсенділігін қалыптастыру. Әрбір әдіс–тәсілдердің тиімділігі өте жоғары, кемшіліктері жоқ деп ойлаймын. Бірақ сабақ барысында оқушыларға біркелкі тапсырмалар берілетіндіктен барлық оқушылар бірдей орындай алмайды. Әрқайсысы өз деңгейінде жауап береді. Сын тұрғысынан ойлау дағыдаларын қалыптастыруда көптеген қызықты да пайдалы тапсырмалар беруіміз қажет. Уақытты ұтымды пайдаланып, нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыруым керек. «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені ол мектептің жүрегі» /Ы.Алтынсарин/ - дегендей, ұстаздардың алдында тұрған бірден - бір мақсат - оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.
Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелейтін ұстаздың жауапкершілігі мол. Ол үшін тынымсыз еңбекпен сапалы нәтижеге жетуге болады. Біз өзіміздің сабақ беруімізге емес, оқушылардың оқу ептілігіне, оны дамытуға басты назар аударуымыз қажет екен. Яғни, оқушылардың өз бетімен оқуын ойластыру, бағыттау болып табылады. Оқушыға терең білім алуына мүмкіндік жасау қажет. Оқушылардың белсенділігін қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың өзгеде әдіс – тәсілдерін қарастыру керек.Сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс – тәсілін, қыр – сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан – жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан–жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Балаларды диалогпен дәйектер, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде.Балаларды ХХI ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылар мен қасиеттермен қаруландыру мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек. [3Александер 2008.51б].Осылайша сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс–тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру қажет.1.Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру, белсенділігін арттыру. 2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау. 3. Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру. Қорыта келе, мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдалана отырып, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе, әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіре отырып, жаңа модульдер мен ақпараттарды қолданып, икемділік танытса және де еңбекте белсенді болып, келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылыққа көренгендік танытса, жетістікке жететіндігін анықтадым. Сонымен қатар, қиындықтардың бірі–сабақта оқушыларды топқа бөлгенде көшбасшының өзімшілдігі. Осы қиындықтардан шығудың жолы – тынымсыз еңбек ету арқылы оқушыларға дұрыс бағыт–бағдар бере отырып, ынтымақтастық амосферасын орнату керек деп ойлаймын.
Оқушылардың белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін үнемі пайдаланған өте тиімді. Өз ойларын еркін айтуға, белсенді жұмыс жасауға дағдыланады.
Применение на уроке технологии критического мышления через чтение и письмо помогает раскрывать творческие возможности учащихся, учит быть активными на уроке свободно излагать свои мысли, быть работоспособными.
It`s useful to use learning to think criticallyin order to develop students abilities in thinking. Students can develop their speaking skills too.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бастауыш мектеп журналы
2. Бастауыш сынып оқулықтары Әдебиеттік оқу, Дүниетану
«Алматыкітап» баспасы 2010ж.
3. Н.Ә.Назарбаев жолдауы, «Қазақстан 2050» стратегиясы
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-
гимназиясы мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
ҰЛДАХАНОВА ГҮЛМИРА