Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сын тұрғысынан ойлау-кітапша
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мазмұны:
1. Кіріспе 2-3
1.1.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? 3-4
1.2.Сын тұрғысынан ойлау бастауыш сынып оқушылармен. 4-7
2. Мәселе бойынша ашық сабақтар математика пәнінен. 7-18
2.1.Қызықты жаттығулар,ребустер. 18-19
2.2. Логикалық есептер 19-20
2.3.«Математика майталманы» 20-24
3.Қорытынды 24-25
1.Кіріпе.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу өрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақтылығы, білімділігі қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет» деген.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән беруіміз керек.Өйткені осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқу – тәрбие үрдісінде осындай әдісті қолдану үшін, мұғалім алдымен өзі оқып, біліп, зерттеп, тиімділерін оқытып осының бәрін өзінің шеберлігіне сай жеткізе білуі керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Себебі, бір технологияның өзі қолдану әдіс – тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.
І. Сыни ойлау
Өзіндік және жеке ойлау болып табылады (тәуелсіз ойлау);
Ақпарат – сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес бастапқы сатысы болып табылады;
Сын тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет етітін мәселеден басталады.
Жобаның негізгі – оқушы. Ол басты тұлға, әрекет етуші. Мұғалім – бағыттаушы. Бастауыш сынып оқушылар үшін маңызы:
сұрақ қоя білуге;
пікірлесуге;
тең құқылы диалог жүргізуге;
белгілі тақырып бойынша ақпарат таба білуге үйренеді.
Себебі бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша менің түсінгенім әрбір оқушы өз топшалауын, өз пайымдауын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді – мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын тұжырымдайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға, олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін дамытуға арналған 3-айлық курстан оқығаным оқытудың әдіс – тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайтынын білдім. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын таптіштеп түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын. Сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдамалар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытынды да өз үлесі бар екенін сезініп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін, мән – мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығын арттырады, сөйтіп өзін келесі мәселені талдауға дайындайды.
1.1. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйренеді.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
1.2. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» модульмен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының арт-қандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
Мазмұнға байланысты міндеттер:
1.Әңгімені оқып танысады.
2.Мазмұнын ашады.
3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:
1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын. Мысалы: Бұл сынды тапсырмалар оқушылардың сөздік қорларын молайтып, бала қиялын дамытады.
Бастауышта сәтті сабағым белгіленген мақсатқа жеттім,оқушыларым мен өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асты.
Оқушыларымның әрекеті:
1. Өз ойын еркін жазуы.
2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.
3. Бірлесе әрекет етуі.
4. Өз әрекетін талдауы.
5. Өз мақсатын анықтау.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор болды. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.
Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсірді. Еркін жазу не эссе жазу: «Біреудің кемшілігіне күлуге болмайтынын туралы өздерінің пікірлерінді жаз.Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. Сыни тұрғыдан ойлау құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.
Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.
«Сын тұрғысынан ойлау» модулі бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістерім және нәтижем.
Мұғалімнің іс-әрекеті оқушының іс-әрекеті
1. Топқа бөліп, ой қозғадық.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.
3. Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылды, зерттелді.
4. Образдылық ерекшелігін тануға бағыттайды, орнына өздерін қойып қарады, салыстырды.
5. Ойларын жазуды ұсындым.
6. Қорытынды жасауға бағыттадым. 1. Топтарда жұмыс жасады.
2. Мәтінмен өздері танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады.
4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны плакат бетіне суреттеп берді.
6. Тұжырымдама жасады.
7.Өздерін бағалай алды.
Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор екенін үйрендім.Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі: - Мен не білемін? Мен жаңаша нені білдім?Менің білімім қалай өзгерді?Мен осы біліммен не істей аламын?.Сабақ аяқталғаннан кейін дарынды оқушым Мұхит Қарақат өз ойын былай айтып шықты: «топпен жұмыс жақсы екен әр оқушы өз ойын айтады,балалар шуылдамай бірін-бірі тыңдайды білмегендерін басқалары толықтырады,сыни тұрғыдан ойлану технологиясы маған ұнайды онда ойынды жинақы балалармен бөлісіп ойланасың, сабақ маған қатты ұнады алдағы уақытта осындай сабақтар болып тұрса және барлық ұстаздар дәл осылай жүргізсе жақсы болар еді»-деді.
Алған нәтижем - оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау,оқушылардың қызығушылығы арттырдым.
2. Мәселе бойынша ашық сабақтар математика пәнінен.
Тақырыбы: Санды 7-ге көбейту кестесі.
Мақсаты:7-ге көбейтуді таныстыру.
Білімділік міндеті: Оқушылардың кестелік көбейту және бөлуге байланысты білімдерін толықтыру.
Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау,есте сақтау,логикалық есептер шығару дағдыларын дамытып,пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу,пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Әдісі:түсіндірмелі әдіс,сұрақ-жауап, машықтық жұмыс,көрнекілік.
Көрнекілігі:тапсырмалар,кесте,суреттер,шығармашылық тапсырма.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
1. Сыныпты 3 топқа бөлу .Оқушыларға сабақтың мақсатын,міндетін түсіндіру. Бір-біріне тілек айту.
II.Үй тапсырмасын тексеру. №3 , 5. 61 бет.
III.«Ой шақыру» Кел,ойнайық!\мәреге кім тез жетеді.\
1-топ 2-топ 3-топ
6*6+10 5*5+10 4*4+10
63:7-4 81:9-3 64:8-2
3*6+2 4*6+6 7*6+8
28:4+13 36:6+14 42:7+14
4*10:8 7*10:1 8*10:4
360:6;6 480:6:2 180:9:2
Мұғалім: Бүгін біз сабақ тақырыбына байланысты 7 санына тоқталамыз. 7 саны қазақта киелі сан болып есептеледі.
7 қат көк
7қасиетсіз
7 жетім
7 жұт
7 күн
7 ата
7
7 жарғы
7шелпек
7қазына
7 түс
«
Ата ауылы
Әке ауылы
Бала ауылы
Немере ауылы
Шөбере ауылы
Шөпшек ауылы
Немене ауылы
Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» дегендей, сабағымызды жеті атаға саяхат түрінде өткіземіз.
«Ата»
ауылына саяхат \1\
6-ға көбейту және бөлу. Математикалық диктант.
« Әке »
ауылына саяхат. \2\
IV. Жаңа сабақ:
Есіңе сақта!
7*7=7*6+7 7*7=42 49:7=7 7+7+7+7+7+7+7=49
8*7=8*6+8 8*7=56 56:7=8 8+8+8+8+8+8+8=56
9*7=9*6+9 9*7=63 63:7=9 9+9+9+9+9+9+9=63
-Көбейту дегеніміз не?
Көбейту-бірнеше бірдей қосылғыштарды қосу.
Бөлу дегеніміз не? Бөлу- көбейтуге кері амал.
«Бала»
ауылына саяхат. \3\
V. Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма. Есептерді шығар және салыстыр.
а\ Әкелінді-63 қой терісі. Шешуі:
Жұмсалды-7тері
Тігілді-7 тон. 63-/7*7\=14\т\
Қалды -?
Жауабы:Цехта 14 тері қалды.
ә \ Т-әрқайсысы 2 тері-
7 тымақ ? Шешуі:\7*2\+12=26\т\
Қалды – 12 тері
Ж
«Немере»
ауабы:болғаны 26 тері.ауылына саяхат. \4\
3-тапсырма.Өрнектер құр және олардың мәндерін тап:
а\8*7=56 9*7=63 7*7=49 7*1=7
56:7=8 63:9=7 49:7=7 7:7=1
«Шөбере»
56:8=7 63:7=9 49:7=7 7:1=7ауылына саяхат. \5\
VI.Сергіту сәті.
«Шөпшек»
ауылына саяхат.\6\№5:Өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер құр:
20:2+5=15 120:10=12 4*3=12 9*2=18 3*6=18
90:3-2=28 200:10=20 5*4=20 7*4=28 5*3=15
Ү
«Немене»
лгі: 90:3-2 = 7*4ауылына саяхат. \7\
VII.Жаңа сабақты бекіту.
-7-ге кқбейту,бөлу амалын өттік. Сонымен шыққан тегін, ата-бабасын білген оқушы өскенде,туған-туысқанына мейірімді, еліне қадірлі,жақсы азамат болып өседі. Ендеше саяхатымыз аяқталды.Мектебімізге ораламыз.
Үйге: №6,7 бет63.
VIII..Бағалау.
Тақырыбы: Санды 9-ға көбейту кестесі
Мақсаты:9-ға көбейту және бөлу таныстыру.
Білімділік міндеті: Оқушылардың кестелік көбейту және бөлуге байланысты білімдерін толықтыру.
Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау,есте сақтау,логикалық есептер шығару дағдыларын дамытып,пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу,пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Әдісі:түсіндірмелі әдіс,сұрақ-жауап, топпен жұмыс,көрнекілік.
Көрнекілігі:тапсырмалар,кесте,суреттер,шығармашылық тапсырма.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
1. Сыныпты 3 топқа бөлу. \геометриялық фигурамен бөлу.\Оқушыларға сабақтың мақсатын,міндетін түсіндіру. Бір-біріне тілек айту.
II.Үй тапсырмасын тексеру. №7 ,70бет.
III.«Ой шақыру» Кел,ойнайық! Математикалық диктант.
IV. Жаңа сабақ: Санды 9-ға көбейтуді және бөлуді таныстыру 9*9=9*8+9 9*9=81 81:9=9
V. Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма. Есептерді шығар және салыстыр.
а\ Банан-18 Шешуі:
Апельсин-36 \18+36\:9=7\ж\
Бөлінді-9 бала
Әр бала неше жемістен алды?
Жауабы: Әр бала 7 жемістен алды.
ә\ 15 сәбізді-5қоян
24 сәбізді-?қоян
Шешуі: 15:5=3\с\ 24:3=8\с\
Жауабы:8 сәбіз
3-тапсырма.а\ ауызша ә\63:9*7=1 90-8*8=9 36:9*8=32 48:8*9=54 32:4*9=72 86+27:9=89 54:6*9=1 72:8*9=1
62-72:9=54
4-тапсырма.Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
82:9=9\алд.1\ 74:9=8\алд.2\ 71:9=7\алд.2\ 48:9=5\алд.3\
80:9=8\алд.8\ 70:9=7\алд.7\ 75:9=8\ алд.3\ 42:9=4\алд.6\
VI.Сергіту сәті.
№7. Есептердің шешуін және жауабын жаз.
а\63:9=7 ә\2*9=18 б\6*9 =54 в\5*9=45 г\9*3=27 ғ\32:8=4
VII.Жаңа сабақты бекіту.
9-ға көбейту,бөлу амалын өттік. Үйге: №5,6. бет72. 9-ға көбейту кестесін жаттау.
VIII..Бағалау. Рефлексия жазу.
Тақырыбы:Бекіту сабағы
Мақсаты: 1.Ұқыптылыққа,алғырлыққа, тапқырылыққа, өз бетінше
тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
2. Оқушыларға қосу және азайту тақырыбында алған білімдерін бекіту,пысықтау,тиянақтау.
3.Ауызша,жылдам,дұрыс есептеу дағдыларын жетілдіре түсу, логикалық ойлауын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Типі: Білім жетілдіру сабағы.
Әдіс-тәсілі: Ертегі-ойын сабақ.Косу және азайту кестесіне арналған
тапсырмалар, топтық,көрнекілік,дамыта оқыту.
Көрнекілігі:«Математика патшалығы» макеті, кесте, схема,
тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,дүниетану, қазақ тілі.
Барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
а. Оқушылардың түгіндеп,зейіндерін сабаққа аудару.
Балалар бүгін біз сабақта мынадай ұранымен жұмыс істейміз.
Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламыз.
Сәулесі деп сананың
Мәнінен ой табамыз.
ә.Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
Б алаларды 3 топқа бөлу
Бір-біріне тілек айту.
2.Өткен материалды еске түсіру.
а.Үй тапсырмасын тексеру.
ә. Ауызша есептеу .
2+5 3+7 5+5 10-2 3-2 5+4 4-4 4+4 6-2 7-2
3. Жаңа білімді игеру.
1..Әңгімелеу: Ғылымдар патшалығында әлемді таң қалдырған сарай бар.Онда ақылды, әрі білгір математика тұрады. Математика сарайына жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен.Ақылды,білімді,зейінділердің өзі сарайдың үш қақпасын өз қабілетімен ашып кіреді екен. Ал қабілетін дәлелдеген оқушыға сыйы да ерекше.Бізде осы сарайға кіруге талап етіп көрейік.
2.Әр қақпаның өз иесі бар екен. Егер алтын қақпаға жетсек, алтын кілтке қол жеткіземіз.Алтын кілтті алғыларың келе ме? Математика патшалығына ену үшін алдымен «Тас қақпаны» ашу үшін жұмыс істеуіміз керек. « Тас қақпаның» иесі қоян екен,балалар.Егер қоянға сәбіз жинауға көмектесек,қоян бізді ары қарай өткізеді.
«СӘБІЗ ЖИНАУ» ойыны. Әр сәбіздің артында тапсырмалар жазылған.
А .Ең үлкен бір таңбалы сан?
Ә.Шаршыдан қалай екі үшбұрыш алуға болады?
Б. Мен бір сан ойладым. Оған 8-ді қосқанда 12 шықты, мен қандай сан ойладым?
В.Азайту амалының компоненттерін ата?
Г
.
Тапсырманы орындаған оқушылар «тас қақпаға» жұлдызшаларын жапсырады да, сиқырлы сөздерді айтады. «Ашыл,ашыл,тас қақпа».
3.Күміс қақпаның иесі кім екен балалар? Аю екен.
а.\ Оқулықпен жұмыс№1 бет 208.\топпен жұмыс\
Әлия 5гүлдің,Асыл 4 гүлдің суретін салды. Барлығы неше?
А .-4 гүл Шешуі:
Ә.-5гүл ? 4+5= 9
Жауабы: барлығы 9 гүл.
- Есепті неше амалмен шығардың? Неліктен?
Ә.«Есептегіш машина» ойынын ойнамақшы. Аю әр топқа әр түрлі тапсырма даярлапты.
1 топ. 9+4+4+2-3-4=
2. топ. 7+4+2+3-2-5=
3. топ. 8+4+2-5-3+6 =
Оқушылар тапсырманы бірінші өз беттерімен орындайды,одан кейін топтан бір бала шығып тақтаға орындайды.
4. Сергіту сәті.
4. Міне, балалар, біз сендермен Алтын қақпаға да жеттік.Ашыл,ашыл
Күміс қақпа!
Алтын қақпаның иесі аң патшасы арыстан екен. Арыстан біз қиынырақ тапсырмалар даярлапты.
А. 1.топ: 5,10,20,30,40,50 сандарының әрқайсысын5-ке \
2. топ: 5,10,20,30,40,50 сандарының әрқайсысын 5-ке қос.
3. топ: 50,40,30,20,10,5сандарының әрқайсысын 10-ға кеміт.
Ә. 1. топ : а+5=8 с-4=10
2. топ: 4+с =7 у -4= 9
Теңдеулердің шешімін тапқан оқушылар Алтын қақпаға жұлдызшаларын іледі де, сиқырлы сөзді айтады.
Ашыл,ашыл, алтын қақпам!
5.Дәптермен жұмыс.
«Алтын қақпаның» ішінде « АЛТЫН САНДЫҚТЫ» ашу үшін логикалық тапсырма орындату
Семантикалық картамен жұмыс.
|
20 |
50 |
70 |
90 |
40+50 |
|
|
|
|
60+10 |
|
|
|
|
10+10 |
|
|
|
|
20+30 |
|
|
|
|
Женімпаз оқушы, топ «Математика» патшалығында еркін жүріп, танысу үшін «Алтын кілтті» сыйға алады.
6.Қорытынды.Фишка арқылы бағалау.
7. Үйге:№5 209 бет.
|
20 |
50 |
70 |
90 |
40+50 |
|
|
|
|
60+10 |
|
|
|
|
10+10 |
|
|
|
|
20+30 |
|
|
|
|
2.1.Қызықты жаттығулар, ребустер.
1\ Бір үйдің 4 аты бар еді. Еркек жаны 2 әке,2ұл еді.Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде,бір ат артық болып шықты.Бұл қалай?\атасы,әкесі және баласы бір аттан мінгенде 1 ат артық қалды.\
2\Әкесі 39 жаста,ал баласы 8-де.Егер 18 жылдан кейін қызы мен баласының жасын бірге алғанда әкесінің жасына тең болса, онда қызы неше жаста болғаны?
\13 жаста болған\
6
. 3. 1,2,3,4,5 және 6 сандарын
1
2
үшбұрыш қабырғаларыбойынша қосындысы 12-ге
4
5
тең болатындай етіп орналас-тыру.
3
О йлап,тап:
а \9 8 3 2 6 = 1 2
2 \(9 8 3) 2 6 = 0
С уретте қандай фигурадан құралған?
Ребустер.
С, таға т Т,100 у
3 ы бұрыш ,, алма м са
2.2. Логикалық тапсырмалар:
*Екі адам шахматты 2 сағат
ойнады. Бір
адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым
жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт
па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және
үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию
керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан
үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт
тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.
Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің
жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол
қалай?
*Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы
9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің
қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,
онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша
жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін
нешінші басқышты басу керек?
2.3.«Математика
майталманы»
І тур: Бәйге. 20 сұрақ/10 ұпай/
ІІтур: Көкпар.
10 20 30 40
Кімде жоғары бал болса сол оқушы кезекпен алады. 2-нші сайыстың
қорытындысынан кейін 4 оқушы ойыннан шығады.
ІІІ тур: Логикалық тапсырма.
8 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 10 ұпай қосылады. Осы ойыннан кейін 4
оқушы кетеді.
IV тур: Ғажайып төрттік.
Әр пәннен 4 сұрақ қойылады, әр оқушы пәнді таңдайды. Әр жауапқа 10
ұпай беріледі.
Ана тілі
Қазақ тілі
Математика
Дүниетану
Осы ойыннан кейін 2 оқушы кетеді.
V тур: Жорға.
Соңғы қалған 2 ойыншымен сұрақ - жауап жарысы. Әр дұрыс жауапқа 10
ұпай.
І тур: Бәйге
1. Көбейту амалының компоненттерін ата.
2. Бөлу амалының компоненттерін ата.
3. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? /өзара кері/
4. Көбейтуді қалай тексеруге болады?
5. Бөлуді қалай тексеруге болады?
6. Фигуралардың бірінің ауданы екіншісінен қандай болуы мүмкін?
/артық не кем/
7. Жақшасыз өрнектерде алдымен қандай амалдар орындалады?
8. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді?
/көбейтіндінің/
9. Кез келген санды қандай санға көбейткенде сол санның өзі
шығады?/1 - ге/
10. Кез келген санды қандай санға көбейткенде нөл шығады? /0 -
ге/
11. Бір санның екінші саннан неше есе артық немесе неше есе кем
екенін білу үшін не істеу керек?
12. Ауданның бірлігі.
13. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
14. Көбейтудің қандай қасиеттері бар?
15. Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда не
шығады?/екінші көбейткіш/
16. Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, онда не
шығады?/бөлінгіш/
17. Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, онда не
шығады?/бөлінгіш/
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Кубтың көлемін қалай табамыз?
20. Қосу амалының қандай қасиеттері бар?
ІІ тур: Көкпар
Сөзді есептер:
1. 3 қорапта 24 шар бар. осындай 5 қорапта неше шар бар?
24: 3=8/шар 1 қорапта/
8*5=40/ шар 5 қорапта/
2. 18 қарындашты 3 қорапқа тең бөліп салды. 60 қарындашты салу үшін
неше қорап керек?
18: 3=6/қ/
60: 6=10/қорап/
3. Себетте 42 алмұрт жатыр еді. 5 бала келіп 3 алмұрттан алды.
Себетте неше алмұрт қалды?
42 - 5*5=27/а/қалды
4. Бірінші үйде 96 тұрғын, бұл үйдегі тұрғындар 2-ші үйдегі
тұрғындардан 2 есе артық. Екі үйде неше тұрғын тұрады?
96: 2=48/тұрғын/
96+(96: 2)=144/тұрғын/
Амалдар:
1) 798 2) 324 3) 349 4) 368 4
245 * 2 493 36 92
553 648 842 8
8
0
Амалдар тәртібі.
1) 800 -(36+64)*3=500
2) 2*350+50 - 10=740
3) 160: 4+(72 - 60)=52
Теңдеу.
1) а*5=9*10
2) а: 5=4*2
3) 56: х=7
ІІІ тур: Логикалық тапсырмалар
1. Жұп аттар 20 км жүгірді, әр ат неше км жүгірді? /20км/
2. Қайсысы жеңіл 1кг мақта ма, әлде 1кг темір ме? /екеуі де
бірдей/
3. Тауық 2 аяқпен тұрғанда 2 кг тартады. Тауық 1 аяғымен көтеріп
тұрса неше кг тартады? /2кг/
4. 2 әке және 2 бала 3 апельсинді өзара қалай бөлісіп жейді? Әр
адам неше апельсин жейді? /1 апельсин/
5. Бір санды өзіне-өзін қосқандағы қосынды оның өзіне-өзін
көбейткендегі көбейтінтіден артық. Ол қандай сан? /1саны/
6. Екі тәрелкеде 13 апельсин бар. Егер тәрелкелердің біреуінен 1
апельсин алса, онда сол тәрелкеде екіншісінен 3 есе артық апельсин
қалады. Әр тәрелкеде неше апельсин болғаны? /Іт. 10апельсин/ /ІІт.
1апельсин/
7. 8жұмыртқа 4минутта піседі. 15 жұмыртқа неше минутта піскен болар
еді? /4минутта/
8. Тебіндегі 27 жылқының үштен бірі және 2 - еуі бөлініп алынды.
Бұдан соң қалған жылқының жартысы қорада ұстауға кетті. Сонда
тебенде неше жылқы қалды?
1) 27: 3=9/ж/
2) 9+2=11/ж/
3) 27 - 11=16/ж/
4) 16: 2=8/ж/
IV тур: Ғажайып төрттік
Қазақ тілі.
1. Сөз таптары нешеу? /4/
2. Тұрлаулы мүше нешеу? 2
3. Сөйлемнің неше түрі бар? 3
4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2
Ана тілі.
1. Шоқан Уалиханов Омбыдағы кадет корпусына неше жасында түсті? /10
жасында/
2. Қазақ халқының атақты билері нешеу? /3/
3. Түн мен күннің теңелетін күні.../22 наурыз/
4. Ғарышкерлер күні қашан?/12 сәуір/
Дүниетану.
1. Айналадағы дүние тұстары нешеу? 4
2. Қазастан Республикасының рәміздері нешеу? 3
3. Картаның неше түрі бар? 3
4. Өсімдік тамырының неше түрі бар? 2
Математика.
1. Ұзындық бірліктерін ата. /мм, см, дм, м, км/
2. Масса бірліктерін ата. /г, кг, ц, т/
3. 36 - ның ¼ бөлігі нешеге тең? 36: 4=9
4. 3 вазаның әр қайсысына 5 гүлден салынды. Барлығы неше гүл
салынды? 3*5=15
V тур: Жорға
1. Ең жақсы баға? 5
2. Ең үлкен үш таңбалы сан? 999
3. 72 ондық 720
4. 146-дан кейінгі сан 147
5. «есе кем» ұғымына қарама - қарсы ұғым есе артық
6. Бөлудің нәтижесі /бөлінді/
7. 1метрде қанша дм? /10дм/
8. Көбейтудің компоненті.
9. Математикалық амалдар.
10. 1км - де неше метр бар? /1000м/
3.Қорытынды:
Балалардың сын тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру, барлық қортындыларды бағалау, дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, тиянақты, нақты және жан - жақты болу. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.
Қазіргі уақытта барлық ғылымдардың зерттеулерінде математикалық әдістердің қолданылуына байланысты математиканы оқытудың маңызы арта түсуде. Сондықтан математика мектепте басты - жетекші пән болып табылады. Математика сабағында тартымды, қызықты есептер шығару, ойды дамытып тартымды әрекетке айналдыру мұғалімнің бүгінгі күнгі басты міндеті болуы керек. "Сыни тұрғысынан ойлау" модулі бойынша өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең басты оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын артырады. Осы мақсатқа жету үшін өзімнің 3 айлық курстың "Қашықтықтан оқыту" кезеңінде мектептегі тәжірибемде "Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту" модулін қолдана отырып, сабақтарымда "Сыни тұрғысынан ойлау" элементтерін пайдалана алдым. "Сыни тұрғысынан ойлау" сынау емес - ол шындалған ойлау. Оқушы өзі ойлану барысында білімге деген ынтасын дамытады, ой - өрісін кеңейтеді, ең бастысы оқушыны шаршатпайды. Мысалы келтіру Бірте - бірте мұғалімнің айтқанынан гөрі, өзі белсенді ойлаушы, ізденімпаз, шығармашыл тағы басқа қабілетке ие болады. Ол өз ойын сыни тұрғысынан ойлап, дәлелдей білуіне және еркін болуына мүмкіндік береді. Оқушының ойлаған ойын дәлелдеуге басқаларға оны мұқият тыңдата білуге, өз ойын ашық, анық жеткізуге, пікір айтуға, жаңаша көзқараспен қарауға ұмтылдыруға жеткізеді. Сыни тұрғысынан ойлау модулімен сыныпты топқа бөліп жұмыс істеуде жетістікке қол жеткізуге болады.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі арқылы орындалған тапсырмалар топтамасы оқушылардың білім деңгейін жоғарлатады және оларды бағалау үшін - бағалау деңгейлері түсінікті болу керек. Оқушылар өз - өзін, жолдастарын және мұғалімнің бағалауы бойынша бағалануға үйренеді.
Негізгі тақырыбымды басшылыққа ала отырып және істелген жұмыстарды қорытындылай келе өзін - өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары, жан - жақты тұлға қалыптастыра отырып, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы құзырлығын дамытамын. Сонымен "Сыни тұрғыдан ойлау" модулі баланың жеке тұлға ретінде пән арқылы дамуына қолайлы, тұлғаның білім, білік дағдысын қалыптастырады деп ойлаймын.
Көкшетау қаласы
№13«Экос»экологиялық мектеп гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі Нуртазина Б.Р.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
\ математика сабағында \
2019ж.