Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда "Сұрақ қою әдісінің тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетістікке керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары

Коуч: Мустафаева Жанар Азаматовна

Мерзімі: 01.10.18ж


Коучинг тақырыбы

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда « Сұрақ қою әдісінің» тиімділігі

Жалпы мақсаты

Жалпы тыңдаушыларға, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыруда «Сұрақтар қоюдың әдіс-тәсілдерін» сабақта қолданудың тиімді жолдарын оқыту және оқу мақсаттарына пайдалана білуді үйрену.

Оқу нәтижесі

Тыңдаушылар сыни тұрғыдан ойланады және оқыту үдерісінде «Сұрақ қою әдісінің» негізгі мазмұны мен талаптарын басшылыққа ала отырып өзіндік үлестерін қоса алады.Бұл әдісті қолдану барысында оқу және оқыту нәтижелерін білуге бағыттап сабақтарында пайдалана біледі.

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, рөлдік ойындар, постермен жұмыс,пікірлесу, кері байланыс.

Негізгі идеялар

Жұмыс кезеңдерінің тізбектеліп ұйымдастырылуы. Сыныпта оқыту тәжірибесінде сұрақтар қою дағдысын дамыту.Мұғалімдерді Блум таксономиясы сұрақтарын әрбір сабақ үшін пайдалану. Оқушылардың ойлау дағдыларын анықтау.

Ресурстар

Оқулықтар, ертегі атрибуттары, қағаз ,стикер, тақта, интерактивті тақта.

Уақыт

Жүргізушінің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

10мин

1.Социометрия: коучинг үдерісіне қатысушылардан «Дейін және Кейін» әдісі бойынша Блум таксономиясы жайлы өздерінің не білетіндерін дейін бөлімін 10 сандық шәкілмен белгілеулеріне нұсқаулық беріледі.

1. Сергіту сәті

Тыңдаушылар сұрақтарға болжамдай отырып жауап береді. Сыни тұрғыдан ойланады. Жағымды психологиялық ахуал орын алады.

20 минут

2.Постер дайындау. Мұғалімдерге түрлі - түсті қағаздан сұрақтар қиып таратамын.

«Иә»немесе «Жоқ» деген жауабы бар сұрақтар «жабық» сұрақтар,ал жауабы әртүрлі болатын сұрақтар «ашық» сұрақтар деп аталатыны туралы айтып өтемін.

2.Мұғалімдер осы сұрақтарға сабақта күнделікті қолданатын сұрақтарын жазады. Бір қағазға бір сұрақтан жазады. Болған соң «Иә»немесе «Жоқ» деген сұраққа жауап беретін сұрақтарды бір флипчартқа, жауабы әр түрлі болатын сұрақтарды екінші флипчартқа жапсырады.

20 минут

3. РР таныстырылымы. Сұрақтардың маңыздылығы туралы мұғалімдерге таныстырылым көрсету.

Сұрақтар

Сұрақтардың әр түрлі типі әртүрлі міндет атқарады.

Сұрақты дұрыс қоя білу өте маңызды.

- Ол жауапты өз бетінше іздей отырып, оқушылардың сұрақ қою дағдысын дамытады.

- Оқушылар өз бетінше білім алады, өйткені олар үшін берілген сұрақтарға жауап беру қызықты.

Оқушылар мектептегі оқытылатын пәндер мен шынайы өмірдің байланысын көре біледі- бұл олардың оқу үдерісіне деген көзқарасын өзгертеді.

Нақтылау сұрақтарын қою арқылы ,қойылған сұрақтарды талдап және ойлана отырып,оқушылардың жаңа ұғымды түсінуі жеңілдейді.

- Не болатынын қалай болжайсын?

- Неліктен ондай болжам жасадың?

- Мұндай қорытындығы неліктен келдіңдер?

- Неліктен бұлай болды?  

- Осыған қарама –қарсы мысал келтіре аласын ба?

- Мұны қалай дәлелдей аласындар? 

- Неліктен бұл дәлелді таңдадыңдар?

Сонымен қатар, оқушыларға зерттеулердің нәтижесін болжау сұрақтарын да қоюға болады:

- Алматы мен Астананың ауа райы неге әртүрліСенің ойыңша мұнда айырмашылықтың болуы неліктен?

- Неліктен Елбасын тиімді көшбасшы деп атаймыз?


РР таныстырылымы. Б.Блум бойынша коучтың қысқаша ақпараты.


«Блум таксономиясы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтардың маңыздылығына қарай орналастырудың пайдалы схемасы.Қарапайымнан күрделіге қарай орналасады. Білім «Пирамида негізінде»болады деп болжайды.


Деңгей

Дағды

Тапсырма

Білу

Ақпаратты қайталау немесе тану

Атаңыз.....

Қайда болды…
Формуласын жазыңыз…
Ажыратыңыз …

Түсіну


Берілген ақпараттың мағынасын ұғыну

Ойды аяқтаңыз …
Сіз не білдіңіз …
Неге …
Басқаша ойлап көріңіз …
Байланысын көрсетіңіз …
Өз сөзіңізбен айтыңыз

Қолдану

Әр түрлі жағдайда қолдану

Қолдану мақсатын түсіндіру
Үй тапсырмасын әр түрлі тәсілмен орындау
Қандай теорияға негіздеп
түсіндіреді....
Ұсынған гипотезаны
тексер
Қорытынды

Талдау

Құрылымы мен бөлімдерін анықтау

Құрылымы қандай…
Жіктеңіз …
Әсері қандай болады …
Салыстырыңыз

Себебін түсіндіріңіз …

Жинақтау

Бөліктерді қайтадан жинақтаңыз

Өз шешіміңізді табыңыз…
Алгоритм ұсыныңыз …
Баламасын табыңыз …
Өзгертуге қандай мүмкіндіктер бар …
Жүйелеңіз …
Зерттеңіз

Бағалау

Мағынаны критериге сәйкес бағалау

Логиканы бағалау …
Жетістікті сипаттаңыз…
Критериді белгілеңіз…
Сәйкес пе

Сіз қалай ойлайсыз…
Қорытынды шығарыңыз


20 минут

4. Мұғалімдерді төрт топқа бөлемін.

1-3 топ «Бауырсақ» ертегісіне Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сәйкестендіре отырып, сұрақтар құрастырады.

2-4 топ «Құйыршық »ертегісіне Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сәйкестендіре отырып, сұрақтар құрастырады.

Мұғалімдер топтық жұмыс жасайды. Сұрақтар құрастырады.

10минут

5.«Галлереяны шарлау» әдісі бойынша бір топ, екінші топқа барып құрастырған сұрақ үлгілерімен танысуларын сұранамын.

«Галлереяны шарлау» әдісі бойынша бір топ, екінші топқа барып құрастырған сұрақ үлгілерімен танысады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бір –бірін формативті бағалайды.

5минут

6.Кері байланыс жасау.


Социометрия: коучинг үдерісіне қатысушылардан «Дейін және кейін» әдісі бойынша Блум таксономиясы бойынша өздерінің не білетіндерін кейін бөлімін 10 сандық шәкілмен белгілеулеріне нұсқаулық беріледі. Кейбір өзгерген пікірлер бойынша неліктен олай болғанын сұраймын.

5минут

7.Коучтың сессияны қорытындылауы.


1. Сізде коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?

2. Бұл мақсаттар Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?

3. Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?

4. Коучинг сабағының өткізілу барысы Сіздің қызығушылығыңызды тудырды ма?

5. Коучинг сабағының өткізілу барысы Сіздің қызығушылығыңызды тудырды ма?

6. Сіздің жаңа тәсілдерді қолданғанда қолданғанда сенімділігіңіз артты ма?

7. Коучинг сабағы Сізді өзіңіздің оқыту және оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендірді ме?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2018
1045
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі