Материалдар / Сын тұрғысынан ойлаудың мәні.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сын тұрғысынан ойлаудың мәні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі туралы тұжырым жасау, оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2018
2043
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Апта күні -11- 12
Күні:29.03.17ж.
Өткізетіндер:Умарова Г.М.Рыскулова М.Ш.
Өткізілетін орны:№18ОМ

Тақырыбы
Сын тұрғысынан ойлаудың мәні.Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау

Мақсаты
Сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі туралы тұжырым жасау, оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды

Нәтижесі
Өз сабақтарында мұғалімдер сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тәсілдерін әзірлейді. Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді

Түйінді идея
Сын тұрғысынан ойлау,бақылау,тәжірбие, толғану нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау,синтездеуде қолданылатынәдіс,әрекет жасаудың негізі.

Оқыту барысы

1-сабақ

1. Психологиялық ахуал туғызу:
Сәлемдесу тренингі.
Жеміс жидек арқылы 4 топқа бөлінеді:
1-топ: Құлпынай
2-топ: Қарбыз
3-топ: Өрік
4-топ: Алма
Экраннан сурет көрсетіледі
-суреттен нені көріп тұрсыздар? Неше бейне көріп тұрсыздар? заттың суреті?
-бұл заттар нелер және бұл заттарды көргенде ойымызға қандай ой келу мүмкін?
-бұл 4 түрлі суретті топтауға бола ма?
-Топтасаңдар қандай атаулар қояр едіңдер?
Топтардың атауы мысалы: табиғат,жеміс,көкөніс,техника т.б.
Осы суретті біз топтарға бөліп қарастыруға да болады екен, ал енді осы төрт бейнеден бір ұғым шығарып көрейікші, қалай атауға болады?
Миға шабуыл әдісі: Сурет арқылы
1топ сұрақтар қояды, 2,3 топтар топтар жауап береді, 4-топ бақылайды.
Мысалы: - Бала кімді ойлап тұр ?
-Бала әке-шешем қайда деп ойлап отырған шығар деп ойладық .
-Ертең не істеймін деп ойланып отыр ?
-Ертең нанымды қалай тауып жеймін деп ойлап отырған шығар себебі тұрмыс тіршілігі нашар елдің баласы сияқты .
-Қай ұлттың баласы ?
-Бұл қара нәсіл баласы сияқты .
- Неге қолын аузына салып тұр ?
- Себебі оның қарны ашып тұр .
- Бұл бала аш па, әлде тоқ па ?
Әркімге бір қарап жаутаңдап қараған аш бала сияқты деп ойлаймыз ..
-Біз қалай ойладық?
-Сыни ойладық.
-Олай болса бүгінгі тақырып – Сын тұрғысынан ойлаудың мәні.Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау деп аталады.
ББҮ әдіс арқылы кестені толтырады.
ІІ. Мәтінмен жұмыс
Әр топқа мәтін тарату:
1-топ: Құлпынай тобы : Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.Сын тұрғысынан ойлау туралы жалпы түсінік.
2-топ: Қарбыз тобы : Сыныптағы балалар мен жасөспірімдердің сын тұрғысынан ойлауы.3-топ: Өрік тобы: Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
4-топ: Алма тобы: Әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін аса маңызды
ДЖИГСО әдісі арқылы
Кубизм әдісі
Видеоролик Әлемнің жеті кереметі
Сергіту сәті: Көңілді күн
Слайд:
Бағалау: Қалам столдың ортасында әдісі
Барлық қатысушылар өз қаламдарын столдың ортасына қояды, тренер қай қалам көтеріп, кімнің қаламы екенін сұрайды, сол қаламның иесі сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау туралы баға береді.
Кері байланыс: Білім теңізіне қайықты жіберіңіз
А-4 қағаздың жартысы көлеміндей қағаздар таратылып беріледі, содан қайық жасайды, қайыққа өз есімін жазады, сыни ойлауға, оның әдістеріне байланысты өзі білетін нақыл сөздер т.б. сөздерді жазып, жақсы меңгергендер қайықтарын білім теңізіне жібереді, түсінбегендер ереже шығанағында қалдырады.























1- топ
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ
Сын тұрғысынан ойлау ойлау туралы ойлану деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Бұл модуль шеңберінде біз сонымен қатар әлеуметтік-сындарлы тәсілдерді, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалауды (Оқу үшін бағалау модулі) және түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды (Талантты және дарынды балаларды оқыту және Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модульдері) қарастырамыз.
Сын тұрғысынан ойлау туралы жалпы түсінік
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
тиісті ақпарат жинауды;
дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды.



2 - топ
Сыныптағы балалар мен жасөспірімдердің сын тұрғысынан ойлауы
Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен, тарих немесе географияны оқытуда оқушыларды:
суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруға;
негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;
қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді салыстыру және талқылауға;
анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға болады.
Жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен пікірталасқа қатыса отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің оқу үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану үдерістерін барынша түсінуге көмек көрсеткен дұрыс.
Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сыныпта жұмыс істеу кезінде қолданатын дағдылары берілген:
Көру арқылы немесе ауызша дәлелдерден алынған ақпаратпен танысыңыздар. Бұл тапсырма негізгі дереккөздерден оқу арқылы алынған ақпаратқа да, шолулар мен сауалнамадан жинақталған деректерге де, оқулық, энциклопедия немесе web-сайт сияқты қосалқы дереккөздерден жиналған ақпаратқа да қолданылуы мүмкін.
Дәлелдерді зерттеу құрылымын немесе дәлелге негіз етіп алынған, кешірек жасалған іс-әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе гипотезаларды түсініңіз.
Бұл негізгі құрамдас бөлшектердің, көру арқылы және ауызша алынған дәлелдердің қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдаңыз.
Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз.
Дәлелдер мен бірқатар тұжырым құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре отырып, жинақтаңыз. Сіздің ойыңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі ақпарат көздері арасында байланыс орнатыңыз.
Сіздің зерттеуіңізбен байланысты дәлелдердің заңдылығы мен беріктігін және дәлелдер Сіздің болжамдарыңыз бен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын немесе қайшылық тудыратынын бағалаңыз.
Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын түсіндіру нәтижесінде алынған біліміңізді қолданыңыз.
Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдеңіз.






























3 - топ
Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог – мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті. Александердің (2001, 2008) Диалогтік оқыту теориясына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ойпікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік бере отырып, формалды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді, сондықтан мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарауы керек.Балаларды диалог пен дәйектеуге, пікірталасқа тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүруге қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008).Біз баламалы мүмкіндіктер заңдылығына және адамдардың тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі білім жиынтықтары мен ойлау нормаларын үйрету арасындағы шиеленіскен қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруымыз керек.Қолдануға болатын әдістер ретінде Зерттеушілік әңгіме немесе дәйектеу және диалогтік оқыту мен қолдау көрсетілген. Александер тәжірибеде зерттелген білімді игерудің бес үлгісін анықтады: механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау); декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтарды пайдалану; бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру; оқушыларға жауап туралы ойлауға түрткі болу үшін ишара жасау арқылы білім мен түсінігін толықтыру); нұсқаулық/баяндау (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру); талқылау ( ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
диалог (қателік пен тәуекелдерді азайтып, таңдауды қысқартуға, түсініктер мен қағидаттарды жеткізуді тездетуге ықпал ететін құрылымдалған, кумулятивтік әңгіме мен пікірталас арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) (Alexander, 2001, 2008).


4 - топ
Әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін аса маңызды
Пікірталас пен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл – мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі немесе интербелсенді оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданатын диалектика элементі (Wolfe and Alexander, 2008).
Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.
Сұрақ туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, мұғалімдер оқушыларға табылған ақпараттардан кажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы сын тұрғысынан ойлауға көмектесе алады. Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы.
Мерсер сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің үш түрін анықтады, олар:
әңгіме-дебат, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды;
кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді;
зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сын тұрғысынан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000).
Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтің үлгісін құруы керек, оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс істеуі керек. Ол үшін оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет.
Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады. Оқыту бағалау ретінде деген ұғым мен қалыптастырушы бағалау қағидаты білім алып қана қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқу дегенді білдіреді.
Бұл идеялар оқушыларды оқыту мен оқу үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде қарастыратын сындарлылық құрылымына сай. Адамдардың қай тұрғыдан алғанда да бір-біріне икемделуі құрмет пен сенімге негізделген. Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бірбіріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады.





















Білемін
Білдім
Үйренгім келеді













Білемін
Білдім
Үйренгім келеді












Білемін
Білдім
Үйренгім келеді












Білемін
Білдім
Үйренгім келеді













Білемін
Білдім
Үйренгім келеді












Білемін
Білдім
Үйренгім келеді













Білемін
Білдім
Үйренгім келеді













Білемін
Білдім
Үйренгім келеді












Білемін
Білдім
Үйренгім келеді











Білемін
Білдім
Үйренгім келеді













Білемін
Білдім
Үйренгім келеді












Білемін
Білдім
Үйренгім келеді












Білемін
Білдім
Үйренгім келеді













Білемін
Білдім
Үйренгім келеді












Білемін
Білдім
Үйренгім келеді












Білемін
Білдім
Үйренгім келеді













Білемін
Білдім
Үйренгім келеді












Білемін
Білдім
Үйренгім келеді





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!