Шынайы білімнің нұры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шынайы білімнің нұры

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Госплемстанция ЖОББМ

Мерзімі: 01.10.2020 жыл

Тақырып: Шынайы білімнің нұры № 5

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: шынайы білімділік, ішкі білімділік, қабілеттелік,

Мұғалiм – Альмуханбетова Гульжамал Жардемхановна

Класс - 8

Оқушылар саны – 11


Сабақ мақсаты: оқушыларға шынайы білім, жанды білім, ішкі білім ұғымдары туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушылардың шынай білім туралы түсініктерін кеңейту,

- ғылыми зерттеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту,

- өзін-өзі тануға ұмтылуға, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

(суреттер, үнтаспа)

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.

1.Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

Сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

1. Тыныштық сәтi. (баяу әуенмен)

«Орманға ойша саяхат »

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Үй тапсырмасын тексеру.

5 сабақ 22-бет, Сапарғали Бегалиннің «Ұядан ұлы жолға» үзіндісін оқып келу.

-Айғаным әже ауыл ақсақалдарын тоқымқағарға не себептен шақырды?

-Дабашинский Шыңғыс ауылына қандай мақсатпен келді?

-Шыңғыстың «Шоқанжан, енді артыңа емес, алдыңа қара. Өміріңнің өрі алдыңда» деген сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Шынайы білімді адамның қасиеттері қандай болады?

-Өз өміріңде білімнің пайдаға асқан кезі болды ма? Айтып бер.

Сабақ барысын талқылау:






Хрустальная грусть










Дәйек сөз.

«Білімдінің сөзі - ем, мейірімі көп, өзі кең»

Мағжан Жұмабаев

-Білімдінің сөзі қандай?

-Білімдінің бойында қандай қасиеттер болады?

Оқулық 8-сынып

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25.06.1893  –19.03.1938) – Алаш қозғалысының қайрат

кері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

Әңгiмелеу (сұхбат). Аңыз әңгіме:

«Әли ибн Әбу Тәліп»

Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әли ибн Әбу Тәліп аса білімдар адам болыпты. Білімінің арқасында ел ол кісіні «ілімнің қақпасы» деп атаған. Бірде замандастары оған 10 адамды кезекпен жіберіп, бәріне бірдей: «Білім артық па, байлық артық па?» деген сұрақты қойдырған екен. Сонда Хазіреті Әли әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген:1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық –бақылдардан қалған мұра.2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады.3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі.5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол.7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, деген екен.



Сұрақтар:

- Әбу Тәліпті ел қандай қасиетіне бола «ілімнің қақпасы» деп атады?

- Оны сынаудағы достарының негізгі мақсат-мұраты не?

- «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» деген мақалды қалай түсінесіздер?

- Мол білім жинау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыздар?





Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма: Ұлы тұлғалардың ой-пікірлерін өмірден мысалдармен байланыстырып, білімге ұмтылған адамдардың қасиеттері туралы айтады.


2-тапсырма: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы эссе жазу.


Топпен ән айту.

«Ұстазым»


Сөзі: Аманжол Шамкеновтікі, әні: Әбілахат Еспаевтікі


Үй тапсырмасы.


6 сабақ 25- бет, Құрманбай Толыбаевтың «Тапсырма» әңгімесін оқып келу


Соңғы тыныштық сәтi.


Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2020
416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі