Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шынайы білімнің нұры
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі:
Күні: _______________
№: 5
Мұғалімі:
Сыныбы: 8
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Шынайы білімнің нұры
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: Білім іздеу, жақсыдан жаманды ажырата білу, ойдың, сөздің және істің бірлігі
Мақсаты: Оқушыларға адам баласы шынайы білімге талаптанып өмір сүру қажет екенін түсіндіру арқылы, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға өмір бойы білім іздеу қажеттігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың жақсыдан жаманды ажырата білу қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.https://kk.wikipedia.org 2. oilar.kz 3. Мұра. – Құлжа: Шуақ, 1993. – 58 бет |
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену».
1. «Ар – ұжданыма саяхат» тақырыбына эссе жазып келу. 2. «Ұядан ұлы жолға» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Айғаным әже ауыл ақсақалдарын тоқым қағарға не себептен шақырды? 2. Дабашинский Шыңғыс ауылына қандай мақсатпен келді? 3. Шыңғыстың «Шоқанжан, енді артыңа емес, алдыңа қара. Өмірің өрі алдында» деген сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? 4. Өз өміріңде білімнің пайдаға асқан кезі болды ма? Айтып бер. |
|
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «Білімдінің сөзі – ем, Мейірімі көп, өзі кең». Мағжан Жұмабаев. Мағжан Жұмабаев Бекенұлы - Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Сұрақтар:
|
|
Он сұраққа бір жауап1 Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әли ибн Әбу Тәліп аса білімдар адам болыпты. Білімінің арқасында ел ол кісіні «ілімнің қақпасы» деп атаған. Бірде замандастары оған 10 адамды кезекпен жіберіп, бәріне бірдей: «Білім артық па, байлық артық па?» деген сұрақты қойдырған екен. Сонда Хазіреті Әли әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген: 1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық –бақылдардан қалған мұра. 2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады. 3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады. 4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі. 5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің. 6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық. 9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады. 10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, деген екен. Сұрақтар:
|
|
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тапсырма: Өлең құрастыру. 1 – топ: ... - ... бар
жұрттар
(Өнер-білім бар
жұрттар 2 – топ: ..., ... - жанған шырақ,
ойласаң.
(Оқу, білім - жанған
шырақ, ойласаң. 3 – топ: Өнер ...! Ез емес басты
....
(Өнер қару! Ез емес басты
баққан. |
|
Ұстазым менің ұстазым Өлеңін жазған Аманжол Шамкенов Әнін жазған Әбілахат Еспаев Тұлғаңды арманыма
ұксатқанмын |
|
6. Үй тапсырмасы. 1. №5 – сабақ. Ш. Уәлихановтың өмір жолы мен жасампаздығы туралы ээсе жазу. 2. Келесі сабақ. №6, «Тапсырма» мәтінін оқып келу. |
|
7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|