Материалдар / Сындарлы оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сындарлы оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып оқушыларына арналған мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім берудегі сындарлы оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің тиімділігі мен жүйелілігі

«Білім беру» жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу болып отыр. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеп жатқандығы белгілі. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет. Екіншіден, педагогтар құрамының білім берудегі сапасын және жаңаша әдіс-тәсілдерді түрлендіріп арттырудың маңызы зор.

Сындарлы оқытудың мақсаты –оқушының кез-келген пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде пайдалана отырып, логикалық ойлауға , өз еркімен қажетінше алған білімдерін жүйелі қолдануға үйрету болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев әсіресе білім сапасына үлкен көңіл бөлуде. Қазіргі мектептерде оқушылардың бойындағы функциональды сауаттылық пен өмірге деген қажетті құзырлықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Мен өзімнің бастапқы дәстүрлі сабақтарымда жаңа әдістерді пайдаланбаушы едім, ПШО (педагогикалық шеберлік орталығында) өз білімімді тереңдетіп оқып келгелі өзімнің біршама өзгергенімді байқадым, өзіме деген сенімім артып, күш жігерім арта түсті. Кембридж бағдарламасының негізгі міндеті-қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу екенін түсіндім.. Кембридж бағдарламасында іс-тәжірибені жетілдіруде жеті модульдің аясында практикалық түрде қолдану арқылы жұмыс атқарудамын.

Бұл бағдарламаның негізгі модульдері:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық

Курста танысқан осы жеті модульді негізге ала отырып, сабақтарымда пайдалана, білім берудің жаңа үлгісі ретінде ұстандым. Алғашқы мектептегі тәжірибемде сабағымды дәстүрлі сабақтан бірден ауытқып кетпей қарапайымнан күрделіге қарай көтеріле отырып, сындарлы оқытудың түрлі тәсілдерін, оқушылармен кері байланыс жасай отырып өз тәжірибеме енгіздім. Менің өз тәжірбиемде түсінгенім жеті модульдің дәстүрлі сабақтарға қарағанда, өз сабақтарымда, яғни сындарлы оқыту теориясының, оқушылар үшін анағұрлым артықшылығын байқадым. Әлеуметтік сындарлы теориясы жаңа тәжірибемен үнемі алмасу және жаңа тәжірибені алуға белсенді ат салысу арқылы білімнің тез алынатынына көзімді жеткіздім, себебі оқушылар өздеріне сенгенді және құрметтегенді қалайды. Өздеріне деген қамқорлығын сезінгісі келеді, көмектесуге деген ниетін, оларды қалушы емес, үлгеруші ретінде көргісі келетінін білдіргенін қалайды. Оқушылар рұқсат беруді емес, еркіндікті, мақсаттқа қол жеткізу үшін өз ойларын айту еркіндігін қалап отырады. Өзімнің әрбір сабағымда практикалық тұрғыда қолданып отырған жаңаша әдіс-тәсілдерімнің ең бастысы –диалогтық оқыту, себебі диалогтық оқыту әңгімелесудің ,өзара сұрақ-жауап арқылы сөйлесуін, пікір алмасуын және өзара ортақ келісімге келу арқылы, мұғалім оқушылардың оқу процесін қолдайды және дамыта алады. Осы ой-пікірлерімді негізге ала отырып, оқушылардың білім сапасына, көңіл-күйлеріне ерекше көңіл бөлемін. Нәтижесінде оқуда қолданылатын әңгімелесудің түрлері туындайды. Әңгіме-дебат барысында: әрқайсысының өз шешімі болады; қарым-қатынас орнай отырып, көбіне «Иә,бұл солай», «Жоқ, олай емес»,деген бағытта жүзеге асады; ал Зерттеушілік әңгімеде әр оқушы әр түрлі мәлімет ұсынады, топтағы қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап іздеп, соны дәлелдеуге тырысады; ал ең бастысы топтық жұмыстардағы топтық әңгіме барысында байқалатын жайлар айтылған пікірлермен тыңдаушылардан әрқайсысы келісе беруі, өзгелер ұсынған қандайда болмасын идеяларды тыңдауы, бірақ бағалана бермеуі. Сабақтарымда кеңінен пайдаланған тағы бір жаңа тәсілдердің бірі- Сын тұрғысынан ойлау модульі. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлануды» білдіреді. Осы Сыни тұрғысынан ойлау модульін қолданған кезде басқа модульдерді де емін еркін пайдаланып, енгізуге болады деп ойлаймын. Сабақтағы басты тұлға-- оқушы екенін ескерсек;

1.Сабақты белсенді өткізіп, әр оқушыдан еркін жауап алуға жағдай жасау

2.Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау

3.Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру

4.Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау

5.Жеке тұлға ретінде «мен» деген ролін көтеру, өз пікірін қалыптастыру

Осы алғы шарттарды практикалық тұрғыда қолданғанымда, оқушыларымның ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері дамытып тәрбиелеуге, құр мәлімет алумен шектелмей, әсерлі сабақтар барысында өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргізуге, жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып белсене орындауға төселгендерін және Білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып немесе ұжымдасып мұғалімнің көмегінсіз дербес атқаратындарын байқап қуандым. Сын тұрғысынан ойлау әрекеті арқылы баланың ойлау қабілеті, сөйлеу дағдысы, пікірді тыңдау сияқты дағдыларының дамығандығын байқап қуандым. Оқушының белсенділігін арттырып, өз күшіне деген сенімі арта түседі. Тақырыпқа немесе тапсырмаға өз қөзқарасын айту (жазу) арқылы материалды меңгеріп, жадына бекітеді. Мен бұған өзімнің іс-тәжірибемде көз жеткіздім. Сын тұрғысынан ойлаудың 60-тан астам әдістері бар. Бірақ мен өзіме таныс, Оқушыларымның жастарына лайық әдістерді қолданып отырдым.

Сын тұрғысынан ойлау модулі үш кезеңнен тұрады:

Ой қозғау, мағынаны тану, ой толғау.

Осы кезеңдердегі әдістерді сабақтарымда тиімді пайдалануға бағыттып отырдым, нәтижесінде біздің білім беріп отырған тұлғаларымыз да ұтқыр ойлы болатынына көзім жетті. Іс-тәжірибе барысында орын алған әрекеттер диалогтік әдіс, жіңішке сұрақтар, топтық және жұптық жұмыстар болды. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үрдістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдаларын дамыту керек (Wolfe and Alexander, 2008) демекщі, мен сабақтарымда топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы, еркіндік және жағымды атмосферасын қалыптастырып, балалардың қабілеттері мен ерекшеліктерінің ашылуына жағдайдың жасалынып отыруына септігімді тигізіп отыруға мүмкіндік жасап отырдым. Сабақтарымның соңында өтілген тақырыптар бойынша Кері байланыс Рефлексия орнатып отырдым. Жалпы рефлексия дегеніміз- оқушы жеке тұлғаның өзін-өзі реттей отырып өз-өзін талдауы, сынауы, бағалауы, түсінуі, өзіне-өзі есеп беруі, алдына мақсат қоюы, өз өмірін жоспарлауы екені баршамызға аян,осы кері байланыстағы айтылған оқушылардың құнды ой –пікірлерін негізге ала отырып, келесі сабағымның жоспарымда басқаша әдіс-тәсілдерді пайдалануға тырысамын.Оқушылардың топтық жұмыс үстінде жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданғанда , әдіс –тәсілдердің тиімділігі мен жүйелілігінің орны әрқашанда орны ерекше екенін түсіндім.

Әсіресе, бағалау кезеңіне көп көңіл бөлінуі қажет. Жалпы бағалау білімнің сапасын айқындау үшін өте қажет екені белгілі. Сапа --мектеп оқушылары өз жұмыстарын бағалауда мынадай мәселелерге назар аударып, қойылған талаптарды орындауы керек.

1.Мақсат. Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктерінде Не бағаланады?, Қандай білім бағаланады? Қандай тәсіл бағаланады?, Не үшін?

2.Нәтиже. Нені бағалау керек? Оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелілігі жөнінде оқушылар нені түсінгендігімен айқындалады?

3.Тұжырымдама. Бағалауда ұстанған жалпылама қағидалардың қандай болуы керек?

4.Құрал. Оқу жетістігінің үлгерімінің дәлелдерін жинақтау

5.Талаптар Оқушылар берілген тапсырмаларды қандай дәрежеде орындайтындығын анықтайтын және олардың үйренгендігін дәлелдейтін талаптар(критерийлер) құрастыру

6.Кері байланыс орнату

Мектеп оқушылары өз жұмыстарын бағалауда осы мәселелерге назар аударып, қойылған талаптарды орындағанда үлкен жетістіктерге жетеді.

Өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақтарды тәрбиелеу – бүгінгі заман талабына сай логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін қоғамдық ортаға икемділігі бар жас жеткіншектерге сапалы білім беру.

Қорыта айтқанда, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің басты мәселесі – бүгінгі таңдағы мұғалім біліктілігін арттыра отырып, жаңа технологиялардағы әдіс-тәсілдерді меңгеру. Курс барысындағы жеті модуль қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа әдісі болмақ. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ деп, осы айтылған ұсыныс, ой—пікірлерімді ортаға салмақпын.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіру үшін оқушылардың жан-жақты дамуына, белсенділіктерінің дамуы мақсатында сындарлы оқыту теориясы бойынша аудандық бейіндік семинарда Дүник жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы курсындағы «Халықаралық туризм» тақырыбында өткізген сабағымды ұсынып отырмын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!