Материалдар / "Сындарлы оқыту" баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сындарлы оқыту" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін мектеп ұстаздарына арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мизамбаева К.У.№ 30 орта мектепҚарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі ауылы Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік,кәсіптік, адамгершілік, рухани , азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Әлемдік білім беру жүйесінде білім сапасын көтеретін жаңа технологиялық әдістер мен біліктілікті арттыратын бағдарламалар және жаңа жүйелер күн сайын жаңғыруда. Оқушылардың мұғалім алдындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Кез келген оқушы шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген кәсіби шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Жаратылыстану ғылымдарының ішінен биология сабағының да оқушының танымдық қабілетін дамытуда маңызды міндеттерді жүктейді. Ол үшін мектептің материалдық-техникалық базасы, оқулықтарға бай кітапханасы болуы керек. Кабинет- мұғалімнің зертханасы. Мектептегі биология кабинеті қазіргі үлгідегі интерактивті тақтамен, яғни, барлық жаңа талаптарға сай жабдықталған. Қазіргі ақпараттық қоғам дәуірінде жаңа технология әдістерін тиімді қолдануда оқушыларға терең білім беріп, оны оқушы санасына жеткізіп, жүрегіне ұялатқанда жоғары деңгейлі нәтижеге қол жеткізуге болады. Жаңа форматтағы-"Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер", "Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы топтың жұмыстың ролі"-атты шеберлік сабақ семинарларда мектептегі іс-тәжірибемде жаңа тәсілдерді пайдаланып сабақтар бере бастадым. Осындай семинарларға дейін менің сабақтарым дәстүрлі сабақтар ретінде өтіп келді. Тек ашық сабақ, апталық кезінде ғана түрлендіріп өткізіп жүрдім. Яғни оқушыларды өзім бағалап отырдым. Сабақ үй тапсырмасын сұраудан, жаңа сабақты түсіндіруден, талдаудан тұрды. Менің осы курсты оқып, сабаққа деген көзқарасым өзгерді. Мен бұл семинарлардан көп нәрсені білдім,үйрендім.Енді мен өз сабақтарымда осы семинарларда көрген,түйген пікірлерімді,ұсыныстарды үлгергенімше пайдаланып өткізіп жүрмін. Барлық сабақтарымда диалогтік оқыту, сұрақ-жауап әдісін қолданып жүрмін. Оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп отырады. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімді де маңызды екені белгілі. Биология-география сабағында электронды оқулықтарды пайдалану, интерактивті тақтада кластерлік топтастыру құрастыру, Венн диграммасын толтырту өте тиімді болып табылады. Барлық сабақтарымда оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасайды. Әр сабақта оқушыларға бағалау парағы беріліп беріліп, оқушылар өз-өздерін, топтағы оқушыларды бағалап отырады. Сабақтарымда оқушылар түрлі деңгейдегі карточкалармен, семантикалық кестелермен, венн диаграммаларын, тест жұмыстарымен жұмыс жасап отырады. Оқушыларыма топтық жұмыстар, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану, сыни тұрғыдан ойлану, таныстырылымдар әзірлеу, оны қорғау ұнады. Ұнағандарын өздерінің рефлексияларынан көруге болады. Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады. Жас жеткіншектерді білім нәрімен мол сусындату үшін мұғалім білімді, жан-жақты білім нәрімен қаруланған тұлға болуы шарт. Өткен тақырыптарды еске түсіру арқылы бір-біріне бірнеше сұрақтар қойғызамын. Оқушы жауабына нақтылығын дәлелдету барысында олардың сөйлеу мәдениеттеріне, суреттеулеріне, логикалық ойлау қабілеттері мен ойын жеткізулерін , талқылауларына баса назар аударып отырамын. Жаңа сабақта өтілген тақырыптарды бүгінгі күн өмірімен байланыстыру үшін көрініспен көрсетуге не болмаса дәптерге эссе жазу арқылы да орындатуға болады. Топтық әдістің тиімділігі мынада:1.Оқушылар бір-біріне көмектесуге, үйретуге бейім болады, үйрете жүріп өзі үйренеді.2.Оқушылар жаппай жұмыс істейді (сырт қалып, өзімен-өзі отыратын оқушы болмайды).3.Бір-бірімен достық қарым-қатынастары арта түседі.4. Өз беттерімен ізденістері туындайды, қосымша оқулықтармен, өз оқулықтарымен жұмыс жүргізуге дағдыланады. 5. Өз білімін, жолдастарының білімін саралай білуге мүмкіндік туады.Нәтижесінде сабақ барысында бұл тәжірибені қолдану арқылы оқушының өзі ойлану барысында білімге деген ынтасы артты, ой-өрісі кеңейді, мұғалімнің айтқанынан гөрі өзі белсенді ойлаушы, ізденімпаз, шығармашылық қабілетке ие болды. Оқушының еркін ойлануына, ойын дәлелдеуге, алған білімін пайдаланып көруге, басқаларға оны тыңдата білуге, өз ойын ашық жеткізуге мүмкінік береді. Ең бастысы, оқушы шаршамай пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Сабақ барысында бұл тәжірибемді қолдану арқылы мынаған қол жеткіздім:оқушының жеке тұлға екеніне көзін жеткізіп, сенімін нығайтып, әрі сын тұрғысынан ойлап қабылдауға үйрету, өздері орындаған іс-әрекеттеріне, шығармашылық жұмыстарына талдау жасатып, пікір айтқызып бір-бірін бағалатамын. Оқыту арқылы баланың танымын дамытып, ғылыми мағлұматтарды саналы түрде меңгеруге баулу. Топтық оқыту үрдісінде оқушы дайын білімді алмай, өзі іздену арқылы білімін қарқынды тереңдетуге ой еңбегінің қажет екендігін түрлі тапсырмалар орындау арқылы үйрену керек деген тұжырымға келдім және бұл топтап оқыту әдісі оқушы үшін тиімді тәсіл екеніне көзім жетті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!