ҚР Ғылым және Білім министрлігі. Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
«Комсомол» жалпы орта білім беретін мектебі
Баяндама
«Сындарлы оқыту теориясын тарих сабағына ықпалдастыру»
Орындаған: Қалдыбаев Сеитжан Балтабаевич
Қызылқия 2018-2019 оқу жылы.
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Сындарлы оқыту теориясы негіздері
2.2 Сыни ойлауды жүзеге асыруда топтық жұмыстың тиімділігі
2.3 Тарих сабағында оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Еліміз тәуелсіз даму жолына
түскен сәттен бастап, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру
мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны жеке тұлға ретінде
жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның маңызды факторы –
баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу барысын
жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі
– қабілеті жоғары, дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау
арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын
қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап
отырған әлеуметтік сұраныс. Бұл сұраныс педагогикалық және
психологиялық үрдістер арқылы жүзеге асады. Орыс педагогикасының
белгілі ғалымы П.Ф Каптерев өз еңбегінде былай деп жазады:
«Педагогикалық үрдіс өзіне тән екі белгіні түйістіреді, олар: жеке
тұлғаның дамуына жүйелі түрдегі көмек және оның жан-жақты
жетілуі.»
«Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру үшін оны жан-жақты зерттеу керек.»
Бұл – ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің тұжырымды ойы. Зерттеу
арқылы әр тұлғаның бойындағы ерекше психологиялық қасиеттері
айқындалады. Баланың психологиясы мен педагогикалық психология
саласындағы зерттеулер арқылы оқыту ісінің мазмұны мен әдістерін
өзгерте отырып, жекелеген психикалық процестер мен функцияларды
дамыту жағынан жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру мазмұнына
мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және
практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы
амал-тәсілдерін меңгеру. Ғалымдар дәлелдегендей, адамның өмірден
меңгереген білімі мен дағдысын практикалық істерді төте және ең
ыңғайлы жолдармен
қолдана білу шеберлігі қабілеттілік деп аталады. Ал тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.
3
Сындарлы оқыту теориясы негіздері
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және
достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойына терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс-тәсілдер қолдануда. Қазір таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады.
4
Курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген. Бағдарламаның модульдері:
-
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
-
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
-
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
-
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
-
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.
-
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Осы курста біз аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын қарастырдық.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер- бұл жеті модульде қарастырылатын білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, сонымен қатар «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» метатану1 деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль.
Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушымен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл- диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс-әрекет жасауын қарастырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теориаларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49 - бет)
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету- оқушылардың да, мұғалімдердің де білім
алу және білім беру процесінде кез-келген мәселені талқылауды, басқалардың идеяларын ой елегінен өткізіп, сыни тұрғыдан қарау. Сыни тұрғыдан ойлау- бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру, шешім
1«Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау
5
қабылдамас бұрын саналы оймен қорытындылау дағдыларын дамытуды
қарастыратын модульдің 1,3,5,6 түрлерін қамтыған. Сыни тұрғыдан ойлау
көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау – оқыту процесінде балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсініктің мәнін білу аса маңызды,
себебі ол оқыту барысында ілгері қадамдарын айқындау мен оған қолдау
көрсету үшін қажет ұғым болып табылады. Модульдің бұл түрінде – мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
-
Теледидар бағдарламалары;
-
Сандық теледидар;
-
Интернет;
-
Ұялы телефон;
-
Ұтқыр қондырғылар;
-
Компьютер/ ноутбук.
Қазақстанның жан-жақты дамып, көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Талантты және дарынды балаларды оқыту – мұғалімдерден едәуір күрделі ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға
жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды табуға арналған бес өлшем:
6
-
Жады және білім – тамаша жады және ақпаратты қолдану;
-
Ақпаратты пайдалану – түйінді идеяларды анықтай білу, түрлі көздерден алынған ақпараттарды таңдай және тиісінше өңдей алу қабілеті;
-
Ойлау жылдамдығы – олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ шешімдерге тез келеді;
-
Проблемаларды шешу – олар ақпаратқа қосымшаларды енгізеді, сәйкессіздікті көрсетеді, мазмұнын тез түсінеді;
-
Қиындыққа қызығушылық – қызығушылықты арттыру үшін олар аса қиын ойындарға және тапсырмаларға ұмтылады.
Оқыту барысында әр оқушыны жан-жақты зерттей келе мұғалім осы өлшемдерге дәл келетін оқушыны тауып, және де сол өлшемдерді өзгертуге, қолдануға болатын тиімді, әр қилы тапсырмалар қолдану керек.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру – бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.
Оқытуды басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін:
-
Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
-
Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер
-
қабылдауға;
-
Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
-
Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті.
7
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады.
Сұрақтар және сыни тұрғыдан ойлау
-
------------------- дегенде, Сіз не айтқыңыз келді?
-
Мұндай қорытындыға қалай келдіңіз?
-
Мәтінде не туралы айтылды?
-
Сіздің ақпаратыңыз қандай көзден алынған?
-
Құжаттағы ақпарат қандай көзден алынған?
-
Мұндай қорытынды жасауға қандай болжамдар ықпал етті?
-
Сіздікі дұрыс емес деп болжаңыз. Қандай алғышарттар болуы мүмкін?
-
Неге мұндай қорытынды жасадыңыз? Басқа қорытындының қолайлырақ деректері бар ма?
-
Бұл сұрақ неге соншалықты маңызды?
-
Сіздің айтқаныңыздың барлығы шын екенін мен қайдан білемін?
-
Бұл құбылысты басқаша қалай түсіндіруге болады?
Оқушыларға білікті сыни ойшыл болуға мүмкіндік беру
Бірлескен оқу: үйретуші жағдайлардың құрылымдық тобына (2 немесе одан көп оқушы) Оқушыларды топқа бөлу - сыни тұрғыдан ойлауды күшейтудің ең жақсы тәсілі.
Екіұдайылық: Барлық ақпаратты факт ретінде енгізгенше, екіұдайы ақпаратты көбірек енгізу.
Оқушыларға нақты ақпарат бермеу маңызды.
Оларды ойлануға мәжбүрлейтін даулы ақпарат беру керек.
Мазмұнды бірқатар сұрақтар қоя отырып ашуға болатын детектив оқиғасы ретінде ұсыну.
Сыни ойлауды жүзеге асыруда топтық жұмыстың тиімділігі
Өз тәжірибемде «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша курстан өтіп, одан алған тәжірибемді қолданудамын.
пікірін тыңдауға және олардың пікірін құрметтеуге, өзінің жалғыз қалатынына деген қорқынышты жоюға яғни оқушының өзіне деген сенімінің нығаюына, күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге топтық жұмыстардың берері көп.
Тарих сабағында оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру
Бұл бағдарламадағы осы айтылған 7 модульді кез – келген сабақтарда барлығын дерлік қолданып шығуға болады. Сабақ жоспарыма модульдерді енгізуде мынадай әдіс-тәсілдерді қолдандым: «миға шабуыл», «Болжау»
8
әдісі, «тест тапсырмалары», «Визуалды әдіс», «Вен диаграммасы», «Инсерт» әдісі, «Робин-Роунд» әдісі, «Джигсо» әдісі, «Ойлан –жұптас-пікірлес» әдісі, «Суреттер сөйлейді» әдісі, «Синквейнн» әдісі, «Даналық ағашы», «Цифрлы сұрау», «Адасқан өсімдіктер», «Тарихи диктант», «Құрастыр, одан кейін жауап бер», «Қанша элементті есте сақтадың?», «Сұрақтары бар қорап», «Идея туралы ойлар», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Эдвард де Бононың 6 қалпақ әдісі» тб.
«Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты» атты тақырыптағы сабағымда осы жеті модульді барынша кіріктіруге әрекет жасадым.
Мақсатым: оқушылардың сөйлеу шеберлігі мен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге өз ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Осы мақсатқа жету үшін мен сабағымда Ой қозғау», “Сұрақ- жауап”, «Болжау», “Джигсо”, “Екі жұлдыз бір тілек”, «Топтастыру» секілді әдіс –тәсілдерді қолдандым .
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін сабағыма қалай кіріктірдім?
Жаңа тәсілдер: Қалай оқу керектігін үйрету, диалогтық оқыту, сұрақ қою. Қалай оқу керектігін үйрену деген сөз – өзін-өзі реттеу үдерісіне жатады. Сабағымда алдымен ынтымақтастық атмосферасы құрып, топтар мен жұптарда жұмыс жасауды үйрету үшін суретті мозайкалар, түрлі-түсті карточкалар арқылы бөліну әдістерін қолданып отырдым. Сыни тұрғыдан ойлануға бағытталған түрткі болу сұрақтарын қоя отырып қалай оқу

керектігін үйреттім.
|
Диалог әдісін қолданғанымда сабақтарымда оқушылар өз ойларын еркін айтып, тақырыпты күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен байланыстыруға көптеген мүмкіндіктері болды. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара пікір таласын, мұғалім мен оқушылар арасындағы диалог оқушылардың өзіндік ой- пікірлерін жүйелі дамытуына көмектеседі екен. |
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін
қалай кіріктірдім?
9
Сабақ барысында қарым-қабілетіне қарай тапсырма арқылы жұмыс жүргіздім. Бұл сабағымда оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып стандарт талаптары мен бағдарламаға сай тапсырмалар бердім. Бихевиоризмнің негізін салушы Джон. Б. Уотсонның еңбегін одан әрі дамытқан Скиннердің «оперантты-шарттылық» әдісін пайдаландым. Бұл әдісті сыныпта кейде өз алдына орынсыз сөйлеп отыратын оқушыларға қолданып көрдім. Яғни балалардың лайықты іс-әрекеттерін көтермелеп, ал Санжардың, Бекарыстың іс-әрекеттерін елемеу арқылы олардың өз істеріне ойлануын көздедім. Қатаң ескерту жасамай-ақ осы тәсілді пайдалануым, сонымен бірге өзге сыныптастарының ұнатпауы оған тәрбиелейтін орта қалыптастырғандай болды және осы орта оларға әсер етпей қоймады.
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулін сабағыма қалай кіріктірдім?
Бұл модульді «Миға шабуыл», «Болжау», «Джигсо», «Венн диаграммасы», «Топта талқылау», «Сұрақ-жауап», әдіс-тәсілдері арқылы ендірдім.
Сабағымның «Мағынаны тану» сатысында «Джигсо» әдісін қолданып әр топқа жаңа тақырып бойынша тезис ретінде құралған мәтін бердім. Топ жұмысын қорғап жатқан кезде әр топқа тапсырмаларына сай жоғары дәрежелі сұрақтар, яғни оқушыларды сыни тұрғадан ойландыратын сұрақтар қойып, соның нәтижесін саралап отырдым.
Сұрақтар желісі мынадай болатын:
1)Қасым хан неліктен бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды?
2)Қасым ханның Заңдар жинағы мен қазіргі Конституцияның қандай
ұқсастықтары мен ерекшеліктері бар?
3)Егер хан болсаң Шайбани ханмен жер үшін күрес жүргізген болар ма едің?
4) Қасым ханның Шайбани ханмен жүргізген соғыстары әділеті ме?
Бастапқы сабақтарда оқушылар бұл сұрақтарды «қиын» деп қабылдағанмен, келесі сабақтарымда оқушылар өз ойларын еркін айтып, талқылау барысында ой түйінін бірлесе отырып шығарудың тиімділігін түсінді. Оқушылардың сыни ойлауы арқылы жасаған жұмыстарына «керемет», «жарайсың» деген сияқты мадақтау сөздер айту арқылы оқушыларды ынталандырып отырдым.
«Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін сабағыма қалай кіріктірдім?
Интербелсенді тақтадан сабағымда хандардың портретін көрсеттім.
Алдын-ала жасалған дайын презентациялық слайдтар, тірек-сызбалар, кестелер, суреттер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, әрі уақытымды үнемдедім. Сабақтарымда интербелсенді тақтада оқушыларға да тапсырмалар бердім. Мысалы, «Сандар да сөйлейді» ойыны тапсырмасын шешкенде қолдандым. Сонымен қатар сергіту сәтінде ноутбуктен, ұялы телефоннан әр түрлі әндер қойып оқушылардың көңіл-күйін көтеруге пайдаландым. Жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін толығымен қолдану мұғалімнің құзырлығының бір факторы болса,
10
оқушының шығармашылық қабілетін арттыратынына сенімдімін.

Талантты және дарынды балаларды оқыту модулін қалай кіріктірдім?
Дарынды оқушылар - ел болашағы. Көбінесе «дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Бірақ бұл пікірдің қате екендігін белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері дәлелдеп отыр.Егер біз нағыз дарынды таба алмасақ, жұмысымыздың нәтижесін көру екіталай.
Осы орайда дарынды балалармен жұмыс жасау үшін, баланың бейімдік
жақтарына қарай сабақ жоспарын құру, күрделі сұрақтарды яғни, деңгейлік тапсырмаларды таңдау арқылы шығармашылыққа баулып, сыни ойлауға жетелеуге көңіл бөлдім. Сабағымның ой-толғаныс сатысында оқушыларға «Категориялы топтастыру» тапсырмасын бердім. Оқушылардың жазған жұмысын тексеру барысында кейбір үлгерімі төмен оқушылар өз ойын ашық айта алмаса да жазу барысында сөздік қорының жоғары дәрежеде екенін байқадым. Сабақ барысында топ арасынан талантты және дарында балалар тақырыптық және қосымша материалдарды пайдаланып жұмыс жасауда жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау, логикалық сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру қасиеттерімен көрініп отырды. Олар: Бағдәулет, Аяна, Нұрдәулет. Солардың ішдегі зерттеуге алған оқушымның бірі Бағдәулет сабақ кезінде ерекше қырынан көрінді.
11

Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін қалай кіріктірдім?
Сабағымда оқушылар топқа бөлінген соң топта көшбасшы сайланып, сабақ соңына дейін топ мүшелерін өз артынан ілестіре білді.
Көшбасшы – мұғалім мен оқушы арасындағы алтын көпір. Мұғалім – бағыттаушы болса, көшбасшы топтың қозғаушы күші. Мен сабақ барысында оқушыларымның көшбасшы болуға ұмтылғанын, сабақтарда ерекше белсенділік танытқанын байқадым.

Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау модулін қалай кіріктірдім?
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. (Александер 2001 Нұсқаулық)
Бағдарламада келтіргендей мұғалім бағалаудың екі түрін жүргізеді:
Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау
Жиынтық бағалау – оқуды бағалау.
Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда формативті бағалауға көп мән берместен, жиынтық бағамен ғана шектелген екенмін. Ал оқыту үшін бағалаудың
маңыздылығы өте жоғары екен.
Сабағымның барысында бағдаршам
арқылы және топтар бір-біріне ақша (теңге, доллар) беру арқылы
бағалады.
Формативті бағалауды қолдау, қолпаштау, мадақтау арқылы да
жүргізіп,
12
балаларды ынталандырып, көңіл-күйлерін көтеріп, сабаққа тартудың жолы
ретінде қалыптастырдым. Сабақ соңында әр топтың көшбасшылары бағалау парағын алып келіп, топ мүшелері қорытынды бағаларын алды. Сабақ соңында бағалаушы оқушыға табыс критерийлері негізінде топ мүшелеріне қойған бағаларын айтқызып, не үшін сондай баға қойғанын талдаттым. Нәтежесінде оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығы мен топтағы жұмыс істеу барысында ауызбіршілігі артты. Сондай-ақ сыни тұрғыдан ойлануы, баланың өздігінен ізденуі дамыды. Қорыта айтқанда алдағы уақытта жеті модульге сүйене отырып, сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына баса назар аударамын.

Болашаққа жоспарым:
-Жеті модулдің идеяларын пайдалана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
-Қалай оқу керектігін білетін, өзін-өзі реттей алатын тұлға қалыптастастыру.
Топтық жұмыстарды жүзеге асыруда оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгеруіне бағыт беру үшін сабақтарымда постер жасауды жолға қойдым. Сондай-ақ сыныптағы белсенділігі төмен оқушыларда жасалып жатқан жұмысқа өзіндік үлесін қосуға тырысқаны байқалды. Және де
оқушылар сыни ойлау арқылы тақырыптың негізгі түйінін ашуға, оны келесі топтарға түсіндіруге мүмкіндік алды.

13

14
Қорытынды
Жаңа технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады. Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушыныңбілімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді.
Жалпы тарих сабағына сындарлы
оқыту теориясын ықпалдастыру арқылы мынадай нәтижелерге қол
жеткіздім:
• Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;
• Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланды;
• Оқуға ынта-ықыласы артты;
• Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;
• Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;
• Өз ойын қағазға түсіруді үйренді;
• Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді:
Көрсетілген әдіс-тәсілдер тиімді екендігіне көзім жетті. Әрбір
мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін,
қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым
Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы
еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере
білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады»
деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту,
дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің
мақсаты.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді. Сондықтан олар басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады.
15
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.
2. Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. – М, 1989.
3. Қазақстан тарихы әдістемесі. 2010ж. №5
4. Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал 2014ж. №8
5. Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал 2015ж. №2
6. Ғаламтор. Ustaz/kz сайты
7. Мұғалімге арналған нұсқаулық, үшінші басылым
8. www.bilimdiler.kz
9.Педагогикалық ізденіс . Алматы-Рауан . 1993 .
10. М. Байжанов., «Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары»Шымкент, 2000
16
Мазмұны
І Кіріспе_______________________________________________________3
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Сындарды оқыту теориясы негіздері _____________4-7
2.2 Сыни ойлауды жүзеге асыруда топтық жұмыстың тиімділігі ______8
2.3 Тарих сабағында оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру_______8-13
ІІІ Қорытынды_________________________________________________14
Пайдаланған әдебиеттер________________________________________15
1. Тегі, аты: Калдыбаев Сеитжан
Балтабаевич
2. Жобаның атауы: «Педагогикалық
идеялар фестивалі»
4. Бағыты: «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсысында шебердің қолы...»
5. Қызметі: Тарих пәні мұғалімі
6. Білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны: «Комсомол» ж/о мектебі, Б.Аширбаев тел: 31-1-03
7. Автордың мекенжайы, телефоны:
Б.Аширбаев №4а тел: 87713883182
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сындарлы оқыту теориясын тарих сабағына ықпалдастыру

шағым қалдыра аласыз