Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Сындарлы оқытудың есебі
Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге есеп жазуда көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
04 Қырқүйек 2018
498
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
2015-2016 оқу жылындағы №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Сындарлы оқыту» деңгейлік курсы бойынша мұғалімдердің жасаған жұмыстарының қорытынды есебі 2015-2016 оқу жылында №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінде 1-ші деңгейді бітірген 1 мұғалім, 2-ші деңгейді бітірген 2-мұғалім, 3-ші деңгейді бітірген 8 мұғалім бар. Барлығы 11 мұғалім. Қазіргі таңда қызметін атқарып жүрген 11 мұғалімнің 8. Барлық мұғалімнің 2015-2016 оқу жылына жасаған орта мерзімді жоспары бағдарламаға сәйкес дайындалған және сол жоспарға сәйкес әр пән бойынша қысқа мерзімді жоспары жасалынды. Қысқа мерзімді жоспарлар «Блум таксономиясына» сәйкес құрылды. Яғни білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Мұғалімдер өз сабақтарында оқушыларды формативті бағалады. Сонымен бірге критерий арқылы бағалауды бірге алып жүрді. Критерийді тек мұғалім ғана қоймай, оқушылармен біріге отырып қойды. Сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша негізгі факторлары 3-ші деңгей мұғалімдері үшін ойлау жолдары оқу үдерісін білу, сын тұрғысынан ойлау, дарынды оқушыларды анықтау болса, жұмыс дәптері оқыту үшін бағалау, диалогтік оқыту, тәжірибе туралы рефлексия, ал жұмыс құралдары АКТ –ны қолдану, өзін-өзі және өзара бағалау, орта мерзімді жоспарлау және бағалау болып табылады. 2-ші деңгей мұғалімдері үшін бірлескен топтық жұмыс, коучинг және тәлімгерлік ойлау жолдары болса, лессон стади, іс- әрекеттегі зерттеу жұмыс әдісі. Жұмыс құралдары коучинг пен тәлімгерлік жоспары. 1-ші деңгей үшін желілік қоғамдастық, дамытуды жоспарлау ойлау жолдары болса, ал жұмыс әдістері мектеп көшбасшылығы, желіні кеңейту жұмыс әдісі, жұмыс құралы мектепті дамыту жоспары.Осы жоғарыда айтылған негізгі факторларға сәйкес барлық мұғалім жұмыс атқарды. Мектепті дамыту жоспары мектеп директорымен бекітілді.Мектепті дамыту жопарының басымдығы «Сыныптағы оқытуда оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдысын қалыптастыру». Міндеттері: 1. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің дамуына ықпал ету. 2. Сындарлы оқыту идеяларының мазмұнында ынтмақтастық орта құрып педагогикалық қызметтің сапапсын арттыру. 3. Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, алынған нәтижелерді дұрыс қолдана білуге үйрету. 4. Оқушылардың сөйлеу, ойлау дағдысын дамыту мақсатында диалогтік оқытуды қолдану Осы жоспарға сәйкес құрылған жұмыстар жүру үшін «Өрлеу» кәсіби қоғамдастық құрылды. Оның құрамына барлық деңгей бітірген мұғалімдермен қатар осы курсты оқымаған мұғалімдерде бар, атап айтсақ биология пәні мұғалімі Ләззат Есенбаева, география пәні мұғалімі Ә. Мырзалиева, ағылшын пәнінің мұғалімі З.Сатарова, информатика пәні мұғалімі Н. Мықтыбеков. Кәсіби қоғамдастыққа кірген мұғалімдер өздеріне бөлінген міндеттері бойынша жұмыс атқарды. 2- ші деңгей мұғалімдері Ибраев Сұлтанбай облыстағы Назарбаев мектебіндегі педагогикалық шеберлік орталығында «Мұғалім тәжірибесіндегі іс- ірекеттегі зерттеу» тақырыбында өткен семинарға қатысып сертификатталды, «Критериалды бағалау» тақырыбымен облыс бойынша онлайн практикум өткізді, «Дарынды оқушыларды дарынын ашу жолдары» тақырыбындағы аудандық семинарда өзінің іс- тәжірибесімен бөлісіп сертификат алды және аудандық информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың фукционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы семинарда мазмұнды сабақ үлгісін тәлім алушы Н. Мықтыбеков екеуіде сертификат алды. Сонымен бірге «Жаңа форматтағы сабақ үлгілері» тақырыбындағы аудандық семинар- практикумда өзінің іс- тәжірибесімен бөліскені үшін сертификатталды. Ал мектеп мұғалімдеріне «Лессон стади- оқушының іс- әрекетін зерттеу тәсілі», «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру», Алиев Амантай «Баланың сыни ойлауының даму жолдары», «Блум таксономиясы», аудандық тарих пәні мұғалімдерінің семинарында «Оқушылардың функционалдық сауатылығын арттыру жолдары», Байтугелова Күнсұлу «Оқушының сыныптағы жұмысын бағалау критерийлары», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Рефлексия» тақырыптарында коучинг өткізді. Ал ауданда педагогтардың тамыз сессиясында өткізген «ҰБТ бойынша химия пәнінен жоғары нәтиже көрсету» коучингін аудан химия пәні мұғалімдерімен өткізіп алғыс хат алды. Коучингтен кейін кері байланыс орнатқанда көп мұғалім өздерінің түсінбеген сұрақтарына жауап алды деп ойлаймын. Себебі, Блум таксономиясындағы бағалауда оқушының іс- әрекетін бағалау деп түсінген. Сол сияқты бағалау критерийларын қоюдағы оқушы ойы және олардың бастапқы идеядан туынды идеяларды құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын, сол идеяларды өздерінің құруына түрткі болатын мұғалімдерді оятуға бағыттталды. 3- ші деңгей мұғалімдері жыл бойы тізбектелген сабақ жоспарлары бойынша ашық сабақтар өткізді. Сопбекова Эльмира «Білім беру мазмұнын жаңарту : болашаққа бағдарлану» тақырыбындағы аудандық тамыз кеңесінде өзінің іс- тәжірибесін бөліскені үшін сертификатталды. Республикалық «Алаш ұстазы» журналы ұйымдастырылған «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысып дипломмен марапатталды. Осы сындарлы оқыту бойынша Сопбекова Э аудандық «Жаңа өмір» газетіне « Жаңашылдық –заман талабы» , Республикалық «Алаш ұстазы" журналына "Ұстаз жүгі- ауыр жүк" тақырыбындағы мақалалары жарияланды. Ашық сабақтарды тәлімалушы мұғалімдерде өткізді. Ибраев Сұлтанбайдың тәлімалушылары Мақпал Аликулова мен Нұржігіт Мықтыбеков сындарлы оқыту бойынша ашық сабақтар өткізді. Биология пәні мұғалімі мен география пәні мұғалімі Есенбаева Л «Жұмыр құрттар» тақырыбына 7 «Б» сыныбына сабақ өткізссе, ал Мырзалиева да 8 «Ә» сыбына осы әдіспен ашық сабақ өткізіді. 3- деңгей мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтарындағы әдіс- тәсілдерді басқа мұғалімдерде өз сабақтарында қолданды. С. Үсенқұлова 11 және 8 «Ә» сыныптарында осы әдіспен ашық сабақтарын өткізді. Мектептің информатика пәні мұғалімі Ибраев С, Қазақ тілі пәні мұғалімі Бегімбетова Ж, Тарих пәні мұғалімі С. Үсенқұлова және химия пәні мұғалімі К. Байтугелова 8 «Ә» сыныпта сабақты және А, В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу мақсатында Лессон стади жүргіздік. Жоспар бойынша әр пән мұғалімі 2- рет сабақты өткізіп, жоспарлап, әр сабақ сайын оқушы үнін ести отырып, келесі сабаққа бірге жоспар құрып отырдық. Зерттеу барысында А, В деңгей оқушылары өзгеру байқалмады, ал С деңгейдегі оқушы жақсы нәтиже көрсетті. Алдағы А,В оқушыларымен жұмыс келесі оқу жылындағы жалғасын табады. Жыл бойы мұғалімдер желілік қоғамдастық мектептермен біріге отырып, басқа мектептерге семинарларға қатысты. Атап айтсақ, Қошманбетов орта мектебі, Пушкин орта мектебі, Ломоносов орта мектебі, Қонаев гимназия орта мектебі, сол сияқты Назарбаев мектебі мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына мұғалімдеріміз әдіс алмасып қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Осы курста тәмәмдаған мұғалімдердің білім сапасын салыстыра қарасақ, білім сапасының артқаны байқалады. Мектеп әкімшілігі осы курсты оқып келген Ақмарал Әмзеқызы оқып келгеннен кейін ұжымда біршама қозғалыс пен өзгеріс болды, әсіресе «Ықшам сабақ» әдісі мұғалімдерді бір серпілтіп тастады. Бұл әдіс бойынша барлық бірлестік мұғалімдері алдыңғы өткізілген коучингтерден үйренген әдістерді осы сабақтарда қолданды және ол тиімді шықты.
Енді 2015-2016 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарды SWOT талдауға салсақ, онда ол төмендегіде көрініс табады
Бірінші деңгей мұғалімі К.Байтугелова
Енді 2015-2016 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарды SWOT талдауға салсақ, онда ол төмендегіде көрініс табады
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
Мектепте жұмыс жасау мүмкіндігі жоғары. Мектепте деңгейлік бітірген мұғалімдер саны жеткілікті. Жас жағынан жұмыс жасауға қабілетті. АКТ – мен толық оқу кабинеттері қамтылған. Сыныптағы оқушылар саны шектеулі. | Уақыттың тапшылығы.Коучинкке кейбір мұғалімдердің өз еріктерімен қатыспауы және қызығушылық танытпауы. Өзгеруге ұмтылмауы.Кері байланыс орната алмауыОқушы үнін ести алмауы |
Мүмкіндіктері | Қауіптері |
Мектептегі мұғалімдердің дарынды оқушыларды ғылыми зерттеу жобаларына қатыстыру.Үлгермейтін оқушы болдырмауға.Мұғалім сыни ойлауға және өзін-өзі бағалау мүмкіндігі бар | Ұжымда кейбір мұғалімдердің керітартпа көзқарасы (өзгергісі келмейді) |
Бірінші деңгей мұғалімі К.Байтугелова
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)