Материалдар / «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын Қазақстан тарихы пәнінде қолдану тәжірибемнен»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын Қазақстан тарихы пәнінде қолдану тәжірибемнен»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын Қазақстан тарихы пәнінде қолдану тәжірибемнен бөліскелі өтырмын.СТО технология элеметтерді сабақта қолдану өте тиімді.Жас мамандарға көмек деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2022
394
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын Қазақстан тарихы пәнінде қолдану тәжірибемнен





Әрбір ұстаз оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, таным белсенділігін арттыруға талаптанады.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқаулылық қағидасы бекітілген, бұл мұғалімдердің өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез-келген үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту,теориялық білімді практикмен шыңдай отырып шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету керек.

Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен байланыстыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оларды зерттеп, салыстыра отырып, сол технологияларының бірі-сын тұрғысынан ойлау технологиясы (СТО).

-СТО бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде сабақ барысында қолданып жүрген стратегиялар тәсіл кестесі, миға шабуыл, ой қозғау, кубизм, инсерт, пікірталас, кластер, ассоциация, Венн диаграммасы, рафт, эссэ т.б.

«Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарының алғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады, екінші «мағынаны тану»кезіңінде мәтінді жан жақты және әр тұрғыдан тандау жұмысы жүреді. Үшінші, «білім,ой толғаныс» арқылы жалпылама жүйеленеді, қорытындыланады.Осы орайда өзімнің өткізген сабақтарымның үлгілері келтірілген.

Мысалы: Қазақстан тарихы,8-сынып, сабақтың тақырыбы: «Ш.Уәлиханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы».

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін байырғы білімін еске түсіріп, жаңа тақырып туралы болжам жасатып және сауал қоюға үйрету қажет.

1.Миға шабуыл.

Ш.Уәлиханов туралы не білесің?

Оқушылар өзінің бұрыннан білетіндерін айтады.

2. Ассоциация.



Ғалым Географ

Shape1 Саяхатшы

Shape2 Shape3



Shape5 Shape6 Shape4

Ш. Уәлиханов

Орыс география қоғамының мүшесі

Этнограф

Shape7 Shape8

Shape10 Shape9 зерттеуші

Семенов-Тянь-Шаньскийдің шәкірті

тарихшы

суретші



Мағынаны тану кезеңінде оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен түсініп, қабылдап, өзіне пайдасын алу керек-әр түрлі сұрақ қоюды, жаңа білімді сын елегінен өткізе білуі керек.

Үйрену кезінде ең маңыздысы,ол мазмұн.





3.Мәтінді бағыттап оқу.

1.Шоқанның жастық шағы.

2.Ш.Уәлихановтың ғылыми зерттеулері.

3Shape11

Несімен атақты

.Ш.Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы орны.

4.Кластер (тірек-сызба)



Shape12 Shape13 Shape14 Shape15

ШоқанУәлиханов

Зерттеу уақыты





Қытайға саяхаты

Shape16

орны

Білімділігімен

Shape17 Қазақстанның тұңғыш зерттеушісі

-XVIIIғ. Орыс география қоғамы мүшесі т.б.

- 1857ж.

Shape18 Shape19

Не істеді









-Қытай

-Ыстықкөл -Қытайға саяхат жасады

-Жетісу - Ғылыми еңбектерін жазды

-Тянь-Шань т.б. –«Манас» поэмасын аударды

-Реформаға ұсыныс жасаушы т.б.



Содан соң ойлану,толғану сатысында оқитын тақырыпты саралап , өздерінің не үйренгенін байқап , ойлаудың тереңдете түседі



5. Синквейн. 5 жол тұжырымдама

1. Ш. Уәлиханов

2. білімді, зерделі

3. зерттеді, сипаттады, аударды

4. Ш. Уәлиханов- тұңғыш географ-ғалым

5. саяхатшы

Немесе 10 сынып.Қазақстан тарихы «Тас дәуірінің хронологиясы» тақырыбында.

6. ІNSERT түртіп алу стратегиясы ,бүгінде адамзат баласынынң жер бетінде пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар...

-Оқушылар оқулықтағы мәтінді(7-8бет) оқып шығып,белгілеп, кестені толтырады.

-Кестені толтыру барысында жаңалықтарды, сәйкес кемейтінін, оқиғаларды, түсінбегендерін талқылап, тұжырымдайды.



Не білемін

+ Жаңа мәлімет

- Келіспеймін

? Тереңірек білу

Маған белгілі ақпарат

Мен үшін жаңа ақпарат

Бір ақпараттармен келісе алмаймын

Маған түсініксіз ақпарат



7. «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім»-ББҰ, стратегиясымен жұмыс жүргізе бастағанда оқушының бұрын білгендеріне білім қосып отыратын байқадым.

Мысалы,7сынып,Қ/тарихы , «Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы» -Шыңғысхан туралы немесе «Батый хан», «Алтын орда», т.б. тақырыптарды өткенде осы стратегияны пайдаланамын

Жоғары сыныптардағы оқушыларға тарихи-роман, дастан, жырлар оқыту өте қиын.Осы «ББҰ»стратегиясын пайдалана отырып оқушылардың кітапқа деген көзқарастарын өзгерттім.Оларға үйден тарихи романдар, дастандар оқып келуге ,осы «білгім келеді» графасын толтыруға бағыт-бағдар беремін.



8. Венн диаграммасы, сабақты қорытынды кезінде пайдаланамын мысалы; 9 сынып Қазақстан тарихында, Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұйымдастыру тақырыбында оның алдында өткен индустрияландыру кезенімен салыстыру және ортақ нәтижелерін аңықтау.



9. Тарихи тест (жауабы: Ия; Жоқ) диаграмма арқылы оқушылардың жауабын тексеремін.



«СТО» бағдарламасын сабақта үнемі қолдану оқушылардың сабаққа ынтасы өзгереді. Жоғарыда айтылған стратегияларды орындау барысында оқушылар:

-мақсат қоюға үйренеді

-өз көзқарасы, өз «мені»қалыптасады

-ұжыммен бірігіп жұмыс істейді

-бір-бірімен тіл табысып, келісімге келуге үйренеді

-бұрынғы білетіндерін салыстырады,еркін жауап беріп, нені үйренгенін саралап, ой алмастырады

-оқушының қызғушылығын оятады, белсенділігін арттырады

-өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға, қорытынды жасауға үйретеді.



«СТО» технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мынадай нәтижеге жетеді:

-жүйелі тапсырма береді, ізденеді

-сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасайды

-Баладан еркін жауап алады

-Оқушыны басқа жақтардан таниды

-өзін жетекші, бағыттаушы ретінде таниды.

Өз пәнімде «СТО» бағдарламасын пайдалану барысында оның ерекшеліктерін үнемі байқап отырдым, сондай-ақ сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларды одан әрі дамытуға болатынына көзім жетті.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!