Материалдар / Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Сыни ойлау - өзіндік жеке ойлау. Себебі бұл ойлауда әрбір жеке тұлға өз ойын басқалардан бөлек құрып, маңызды мәселелерді ой елегінен өткізіп тәжірибені талқылай алады. Ол- өз алдындағы сұрақтарға үнемі жауап іздейді, және шешімін табуды қажет ететін мәселелерді анықтайды. Сыни тұрғыдан ойлау – «ойлау туралы ойлану» дегенді білдіреді.Бұл білім беру үшін өте тиімді және бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
890
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің

«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің

базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

технология пәнінің мұғалімі: Тусипхан Манар

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету


Мақсаты: Сыни ойлау - өзіндік жеке ойлау. Себебі бұл ойлауда әрбір жеке тұлға өз ойын басқалардан бөлек құрып, маңызды мәселелерді ой елегінен өткізіп тәжірибені талқылай алады. Ол- өз алдындағы сұрақтарға үнемі жауап іздейді, және шешімін табуды қажет ететін мәселелерді анықтайды.

Сыни тұрғыдан ойлау – «ойлау туралы ойлану» дегенді білдіреді.Бұл білім беру үшін өте тиімді және бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады.

Сыни тұрғыдан ойлау туралы түсінік.

Сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, бағалауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты: - шығармашылық ойлауды,сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Сыни тұрғыда ойлаудың оқушыларға пайдасы:

  • рухани дүниені байытады;

  • ойын жеткізе алатын болады;

  • ойлау, елестету қабілеттерін қалыптастырады;

  • көзқарастарын тереңдетеді;

  • ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамытады

  • шығармашылық ізденіске талпындырады.

Сыныптағы балалар мен жасөспірімдерді сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Барлық балалар сыни тұрғыдан ойлауға өте қабілетті, мұны көптеген тесттер де анықтаған. Бірақ арада біраз уақыт өткелі бері сыни тұрғыдан ойлап бастарын қатырудың орнына, дайын үлгіні көшіре салу немесе көшірме ойлау қалыптасты. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – дағдыланған жүріс – тұрысты тастау, ойлау туралы ойлану керек деп айтар едім.

Оқушылардың зерттеу, талқылау, талдау, қорытынды,интерпретация жасату арқылы сыни ойлауды дамыту – қазіргі мұғалімдердің алдына қойған мақсат міндетін шешуде негізгі құрал болып табылады. XXl ғасырда және одан кейінгі ғасырларда балаларды өмір сүру үшін керек дағдыларға үйрету – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек. Сын тұрғысынан қарау – ойлау, оқу мен жазуды дамытудын бірден бір жолы. Оқушының сыныптастарымен, достарымен және ұстаздармен еркін сөйлесуіне бір-бірінің ойын мұқият тыңдауға, құрметтеуге, мәселені шешу жолындағы қиындықтарды жеңуге баулитын бағдарлама. Мен «сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулінің әдістері сабақтарымда жиі қолданамын. Мысалы 5 сынып технология сабағында «киіз үйдің құрылысы» тақырыбында балаларды топқа бөліп, оларды сайыстыру арқылы олардың тақырыпқа қатысты сыни пікірлерін ести алдым. Алдымен мен оларды топқа бөліп отырғыздым. Содан кейін оларға өз топтарына ат қоюды тапсырдым. Бірінші топ өздеріне «шаңырақ»деп ал екінші топ «кереге» деп қойды. Олар өздерінің топтарының аттарын айтты. Сонан соң әрбір топқа дайын киіз үйдің бөлшектері салынған қағаз бен қайшыны беріп, оларға сол бөлшектерді қиып алып барлығын біріктіріп, 10 минутта киіз үй жасап шығаруларын тапсырдым. Олар тез арада жұмысқа кірісіп кетті. Балалар бір-бірімен келіспей «жоқ, шаңырақ төбесінде тұрады», «бұл уық», «сенікі дұрыс емес, міне былай болады» деп жарысып жатты. Сонымен анау-мынау дегенше 10 минут та өтіп кетті. Бірінші болып Кереге тобы өз жұмыстарын аяқтады. Дегенмен оларда киіз үйдің кейбір бөлшектері дұрыс қойылмаған екен, оны байқаған Шаңырақ тобының оқушылары «оларды дұрыс емес»деген пікірлерін білдіріп жатты. Содан кейін біз Кереге тобының қатесін жөндеп оларға қалай дұрыс болатындығын түсіндірдік, олар мұқият тыңдап, өз қателіктерін түсіне алды. Ал Шаңырақ тобында ешқандай қате болмағандықтан олар жеңіске жетті. Менің бұл сабағым өте қызықты әрі түсінікті болды деп есептеймін. Себебі балалар бір-бірінің жұмысына сыни қөз қараспен қарап бір-бірінің қателіктерін жасырмай айтты, және де олар сыни тұрғысынан ойлай отырып, сабақтың мақсатын ашып, жетік меңгере білді. Менің бұл сабақтағы негізгі мақсатым: Киіз үйдің құрылысын балаларға таныстыру,олардың әрбір бөлшкетің атын білуін қадағалау және киіз үйдің маңыздылығын түсіндіру. Бұл қызығушылықты ояту кезеңі оқушылардың бұрынғы білетіндеріне қоса жаңа білімді ұштастыруынан тұрады. Оқушылар өз білетіндерін еске түсірді, және білмейтіндерін біліп алды.

Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуге бағытталған еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері,зерттеушілік әңгіме,диалог пен дәйектің ұстаздар мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартады,және ойлау қабілетінің өсуіне, өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті. Александрдың (2001,2008) Диалогтік оқытуына сәйкес,сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделейтін болса қ,ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысында оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарады. Балаларды диалог пен дәйектеуге,талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуға тиімді және зияткерлік жетістіктері жоғары бағаланатыны дәлелденген. Сондықтан мен өз сабағымда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ретінде өткіздім.

Қәзіргі заманда балалардың қолжетімділігі жоғары болғандықтан коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуларына мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек деп шештім. Сондықтан сабақ өткізу барысында диалогті көп қолдану керек екенін түсіндім және 6 сыныпқа өткізген сабағымда «үй гүлдерін күту» тақырыбын алдым. Мен ол сабағымды балаларға сыни тұрғыдан ойлауды үйрете отырып, диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарттым.Мен сабақ барысында балаларға сұрақтар қою арқылы диалогпен жұмыс жасауларына итермеледім. Балалар менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы,өз ойларын диалог ретінде жеткізді. Яғни екі бала бір-бірімен үй өсімдіктерін қалай күтетіндерін бөлісіп диалог арқылы әңгіме қозғады. Өйткені онда оқушылар өз ойларын дәлелдеді және дәйектеп талқылай алды. Және балаларға тағы бірнеше тапсырмалар бердім. Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде ұстаздар яғни біз оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болдық, «Оқыту бағалау сияқты» деген ұғым мен формативті бағалау қағидаты, білім алып қана қоймай сонымен қатар білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқу дегенді білдіреді деп ойлаймын. Бұл идеялар оқу мен оқыту үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде қарастыра алатын сындарлық құрылыына сәйкес. Адамдардың қандай тұрғыдан алғанда да бір-біріне икемделуі құрмет пен сенімге негізделген. Диалогтік оқыту ұжымдық яғни ұстаз бен бала бірігіп тапсырманы орындайды және өзара яғни мұғалім мен балалар бір-бірін тыңдап,идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастыру арқылы білім алуға жағдай жасалады, және толық білім алуға жағдай туғызатын қолдаушы яғни балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектесетін іс-әрекеттер болып табылады. Александердің анықтап берген бес үлгісі бойынша жұмыс жасадым. Қателіктерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаларды жеткізуді тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткіздім. Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында оқушыларға балама мүмкіндіктер беріледі және басқа адамның көз қарасының дамуын ынталандырдым. Бұл ұстаздардың көпшілігінің ойы бойынша, диалог пен ауызекі немесе интерактивті оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын диалектика элементі болып табылады. Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алдыға қарай жылжыту және келісу деген анықтама берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен яғни достарымены мен , сарапшылармен диалог жүргізген кезде көптеген тәжірибе жинақтап, ой әрекетінің жоғары деңгейіне жетуге талпынып отырды және баламалы мүмкіндіктер жайында сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті болуды үйренді. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілетін жағарылатым, ойлау қабілеттерін дамытады. Сұрақтар туындаған кезде ұстаздар ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, мұғалімдер оқушыларға табылған ақпараттардан қажеттілерін таңдап, ізденіп, баға берудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесе алады.

Диалогтік педагогика- балалар мен ұстаздардың жаңалық ашу мен оқуда

өзара қарым-қатынас орнатуы.

Қазіргі таңда оқушыларды дәстүрлі сабақтар жалықтырары сөзсіз, сабақ жүргізу кезінде мұғалімнен мұқият дайындықты, жауапкершілікті, жоспарлы жұмысты талап етеді. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын,балалардың миын шынықтыратын, ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құруы керек. Тапсырманы түрлендіре отырып, балалардың бойындағы қабілетті басты назарда ұстауы қажет. Тапсырмалар ойлануға, талдап жинақтауға, тапсырманы тез орындауға,жаттығулар барысында қолдана білуге құрылады. Түпкі нәтижеде оқушы өздігінен ізденеді, зерттеу жүргізеді, теорияны тәжірибе арқылы талдауға, саралауға талпынады. Қазіргі кезде орта білім беру саласы мұғалімдерінің назары оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту идеясына бағытталған. Сын тұрғысынан ойлау оқушылардың өз бетімен білім алуы және мұғалім мен оқушы жұмысының тиімді болуында маңызды роль атқарады деп есептеймін. Қоғамда «сын тұрғысынан ойлау» терминінің көп анықтамаларын кездестіруге болады. Алайда, ең кең тараған анықтамалардың жалпы мазмұнына сүйенсек, сын тұрғысынан ойлау ғылым не теория болып табылмайды, ол рефлексивті ойлау дағдысы, түрлі пікірлер мен көзқарастарды талдау, оларға дәлелді баға беру қабілеті деп есептеледі. Сын тұрғысынан ойлау идеясы көне грек философтары кезеңінен бастау алады. Дегенмен, ол әр уақытта әр түрлі аталған. Кезінде адамзат баласы логика, логикалық ойлау қабілетін айта отыра, қазіргі уақытта маңызды болып табылатын сын тұрғысынан ойлау идеясын меңзеген деседі

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленіп өткізілген курс білімімді зерделеуге және жаңаны меңгеруіме көмектесті. Осы бағдарлама аясында алған білімімді  іс-тәжірибеде қолдана білу, заманға сай оқушыларды қалай оқыту керектігін үйренуге септігін тигізіп жатыр. Бұл маған  оқушыларға білім беруде іс-әрекетімді реттеп, жұмысымды жаңаша жоспарлауға көмектесті. Бағдарламаның негізгі идеясы 7 модульді игеріп, оны өз сабақтарыма үйлестіре қолдана алудың өзі жұмысыңа сыни көзқараспен қарауды мақсат етеді. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау оқушылардың еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін түсіндім. Оқытушыға да, оқушыға да шығармашылық қабілеттерін шыңдауға септігін тигізетініне көзім жетті. Жалпы өткізілген сабақтарымның аясында қолданған әдіс-тәсілдерім тиімді тапсырмаларды іздеуге  ұмтылуға, жеңіл жауаптарды іздеудің орнына ойды сыни ойлауға бағыттайт емес себепке негіздеу керек екенін түсінуіме көмек болды деп есептеймін және сұрақтар қою, дәлелді сөйлей алу, кез-келген дәлелді есепке алу, эмоцияға берілуге үйретті.

Курс негізінде тағы бір түсінуге жасаған қадам – «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың» өзіндік айырмашылығы.

Жалпы білімді бағалау, жайында педагогикалық тұрғыда түсінігім болса да, бағалаудың жаңаша талаптарын дұрыс меңгермей жүрмін-ау деген ойлар мені ғана емес, басқа да әріптестерімнің де ойындағы шешімі табылмаған сұрақ екен. Бағалау-оқытудың жүйелі және жоспарлы жинақталған куәгері ретінде оның сапасы туралы  қорытынды қабылдау үшін пайдаланатын әрекеттің кез келген түріне қатысты берілген категория оқытудың екі аспектісін қарастырады: оқытуды бағалау яғни сумативті бағалау және оқыту үшін бағалау немесе формативті бағалау. Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау (ОүБ) деп аталады екен. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және теориялық білімімді тәжірибемде байқап көргенімде мектеп оқушыларының өзін – өзі, бірін – бірі бағалауы, кері байланыстың маңызды екенін маған ұғындырды. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта « Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың , тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлауға және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.» (49 бет) деп жазылған.Мен бұл сөздерге толықтай келісемін.
Жаңа әдіс - тәсілді игере отырып жасаған сабақ жоспарымның барысында осы тұжырым басты бағыт болып, білім алуда оқушылардың басты критерийіне айналды деп есептеймін. Дәстүрлі сабақта мұғалімнің түсіндіруін қажет ететін оқушылар, енді тақырыпты өздері оқып игеріп, оның басты мақсатын өздері ашып, талдап, сын тұрғысынан сараптап, түйінді пікірді де өздері қорытындылайтын болатынына сенемін.
Өз ойын еркін жеткізе алмайтын өздеріне сенімсіз оқушыларға пайдасы шексіз. Себебі менің сабақтарымның барысында көп сөйлей қоймайтын, біліп тұрса да қойған сұраққа жауап бермейтін оқушым сабақ барысында өз ойын ашық жеткізіп тіпті басқа балаларға сұрақ қояды. Мен бұл жайттарды жаңа әдістің арқасында балаларымның қолы жеткен үлкен жетістік деп есептеймін. Бұл бағдарламаның балаларға біздің болашақ ұрпағымызға пайдасы зор. Сондықтан біз әр сабағымызда сыни тұрғыдан ойлауды қосуымыз керек деп ойлаймын. Біз сонда ғана өз ұрпақтарымызды дұрыс тәрбиелейміз және соның арқасында дамушы мемлекеттердің қатарына ертерек қосыламыз.
Сонымен қатар, оқушылармен жұмыс жасағанда: еркін ойлауға мүмкіндік береді, ақыл – ойын дамытады; шығармашылық белсенділігін арттырады; ұжымдық іс – әрекеткетке тәрбиелейді,тіл байлығын жетілдіреді, жан – жақты ізденушілігін арттырады.
Қорыта айтқанда, Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушылардың қызығушылығын арттырады, білім сапалары көтеріледі, шығармашылықпен жұмыс жасауға,ойлауға, талдау жасауға, өз көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді. Стратегияларды қолданғанда мұғалімнің де, оқушының да рольдері өзгереді.
- сабаққа белсенділігі жоғары, өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады.
- оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы бірлестігі демократиялық сипат алады.
- оқушы ойын еркін жеткізеді, өзіне деген сенімі артады
жаңаны тез игеріп дұрыс түсінеді, салыстыра отырып қорытындылайды, болжам жасай алатын болады.
Тәжірибе барысында оқушыларым жаңа әдіс тәсілдердің өздеріне сондай ұнағандығын, сабақта достарыммен ұжымда әлеуметтік ой талқылауда бірлесіп шешім қабылдауы, бұрын сабаққа ынтасы болмаса, енді сабаққа белсенді түрде қатысқылары келетіндерін айтты.

Cын тұрғысынан ойлау бұл біздің ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілеттердің бірі. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес, біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауымызға толық құқығымыз бар болғандықтан, біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз керек болады да, бұл біздің құқымызды дәлелдейтін болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Сондықтан сыни тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса,әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды,біз барлығын өзіміз жасаймыз. Ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басыңда түк жоқ болса ойлау қиын болады» деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар,мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болатындықтан, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып,шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Сондықтан мен сыни тұрғыдан ойлау идеясын өз сабақтарымда қолдану арқылы оқушыларымның білуге құмарлықтарын арттырдым деп ойлаймын. Мен ұстаз ретінде өзім сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз оқушыларыма кез келген затқа сыни тұрғыдан қарауды үйретемін. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімді екенін түсіндім. Осы аз уақыт ішінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің маңызы зор, оқушы үшін өте тиімді екеніне көзім жетті. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын ашық айта алмайтын , өздеріне сенімсіз оқушыларға пайдасы өте көп. Сыни тұрғыдан ойлауға жүгінсем алынбайтын қамалды да алуға болатынына көз жеткіздім. Сыни тұрғыдан ойлауды тәжірибеме енгізгенде оқушыларда көптеген өзгерістер болды: Топпен жұмыс жасау кезінде оқушылардың белсенділігі артып келе жатыр. «Үнсіз оқушым» ашылды. Еркін ойлауға, еркін сөйлеуге деген ұмтылыс пайда болды. Ойларын ашық айтып, дәлелді пікір айтуға үйренді. Сыни тұрғыдан ойлау әдістері менің сабағымның тиімділігі мен нәтижелігін, сапасын арттырды. Оқушылар жаңа сабақты өз бетімен оқып түсінді. Мен болашақта сын тұрғыдан ойлауды одан әрі жетілдіріп, күнделікті сабақтарымда қолдансам деген ойым бар. Өйткені сыни ойлау- оқушылардың өз пікірін дәлелді түрде қорғауға жетелейтін, өзіндік пікірін қалыптастыратын, сөздік қорының дамуына ықпал ететініне сенемін. Сондықтан, келешек ұрпақтың жеке тұлғалық сипатын дамытуда, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенім қалыптастыруда алар орны ерекше деген түйінге келдім. Бұл жетістік бағдарламаның нәтижесі аз уақыттағы тәжірибемде жақсы нәтижеге жеттім деп айта алмаймын. Белгілі бір нәтижеге жету үшін біраз уақыт керек сияқты. Сын тұрғысынан оқыту технологиясын тәжірибемде қолданғанымда мынандай қортынды шықты: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға,еркін сөйлеуге, ой бөлісуге, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға, көзқарастарын кеңейтуге, баланың ізденуіне, зерттеуіне үздіксіз жол аштым.








2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!