Материалдар / Сынып жетекші жұмысындағы диагностика жасау түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып жетекші жұмысындағы диагностика жасау түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге сынып ұжымын танып,қалыптастыруға көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2021
1372
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып жетекші жұмысындағы диагностика жасау түрлері


Чукина Жанылсын Есеновна

«Ұзынкөл жалпы орта білім беретін  мектебі»

Мемлекеттік коммуналдық мекеме
І санатты, сарапшы - педагог,

жоғары білімді мұғалім
Батыс  Қазақстан  облысы, Жәнібек  ауданы, Ұзынкөл  ауылы



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырады.

Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы сынып жетекшісіне жүктеледі.

Сынып жетекшісі – ол кім?

Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Ол үшін сынып жетекшісі тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алып, оның нәтижелерін есептеп, бағалап, оқушыларға жеке-жеке қарау үшін оқушыларды жан-жақты зерттеп, жан дүниесіне үңілу қажет.

Сынып жетекші де бала тәрбиесіне кіріспес бұрын, қай бағытта тәрбиелеу керектігін анықтап алған жөн.

Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. Кезінде ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай, оқушыны жан-жақты зерттеп білу керек.

Көпке мәлім зерттеудің төмендегідей түрлерін ұсынамын:


І. Алдын-ала танысу. Алдын-ала танысу кейінен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Мысалы, сынып жетекші жаңадан алған сыныптың оқушыларының іс-қағаздарымен, сынып журналымен танысады. Алғашқы аптаның ішінде-ақ оқушылардың жанұясы туралы мәлімен жинақтауына болады. Мен өзім төмендегідей сауалдама беру арқылы оқушылардың өздерімен, жанұяларымен сырттай таныстым:

Аты-жөнің: .......................................................

Туған жылың: ...................................................

Мекен жайын: ...................................................

Жанұяң туралы мәлімет:

р/с

Аты-жөні

Саған кім болады?

Туған жылы

Жұмыс орны












ІІ. Бақылау. Бақылау – оқушылардың мінез-құлқын табиғи жағдайда сипаттайтын түрлі құбылыстар мен фактілерді ұйымдасқан түрде қабылдауды көздейді. Егер сынып жетекшісі ұжымды, жеке оқушыны бақылай отырып, фактілерді жай ғана тізе бермей, ашылған құбылыстың түп тамыры мен себептерін ашуға, мұны талдап түсінуге ұмтылса, бала дамуының өзгерістерін қадағаласа, бақылау зерттеудің тиімді тәсіліне айналады.


ІІІ. Табиғи эксперимент. Эксперимент оқушылардың тәрбиелік дәрежесін, өмір мен қызметтің әртүрлі жағдайындағы өзара қатынасын, өзін қалай ұстайтынын, белсенділігін және мінезін, тағы басқа қасиеттерін анықтауға көмектеседі.

Мысалы, оқушының қоршаған ортада өзін қалай сезінетіндігін, ұстайтындығын анықтауға мүмкіндік беретін төмендегідей зерттеуді қолдандым.

Оқушының қоршаған ортамен қатынасын зерттеу:

Оқушының аты-жөні:.......................................................... Сыныбы:..................................................

р/с

Орта



Жағдаяттар

Отбасы

Достары

Сыныбы

Сабақ

Мұғалім

Көше

басқа


Мен көбіне сәтсіздікке ұшыраймын









Мені өте жақсы түсінеді









Мен жасқанамын









Маған көмектеседі









Мен өзіме-өзім сенбеймін









өзімді судағы балықтай сезінемін









Мені өте қинайды, жәбірлейді









Қолымнан бәрі келеді









Менің жыныма

иеді









Мені байқамайды









Мені бағалайды









Менің пікіріммен санасады









Мені ренжетеді









Мен өз көңілімді білдіруге жасқанбаймын










IV. Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау. Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне өзі қызмет етуге қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, мен оқушы ата-аналарына төмендегідей сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алдым.

Балаңыздың аты-жөні:...................................................................................................

Жанұяңыздың материалдық жағдайы (өте жақсы, жақсы, орташа, төмен).................

Жанұяда бала тәрбиесімен кім айналысады?..................................................................

Балаға бірыңғай талап қойылады ма?..............................................................................

Бала үйдегі еңбекке қатысады ма, қандай шаруаға........................................................

Бос уақытын қалай өткізеді .............................................................................................

Достары кімдер .................................................................................................................

Олар туралы сіздің көзқарасыңыз ...................................................................................

Балаңыздың үйдегі мінезі................................................................................................

Бала мінезіндегі жағымсыз қылықтар қандай? (өтірік айту, тәртіп бұзу, сабақ оқымау, еңбектен бас тарту, бос жүру, т.б.) ..................................................................


V. Оқушыларды зерттеу жүйесіндегі әңгімелер. Егер әңгіме табиғи жағдайда өтіп, нақты жайды талдаумен байланысты болса, өте жақсы. Әңгіме мейлінше тиімді болуы үшін оның мақсатын, қойылатын сұрақтарды алдын ала ойластырған жөн. Тәжірибелі мұғалімдер әңгімені қайдағы бір тергеу сипатында жүргізбейді. Жетекші сұрақтардың көмегімен олар оқушының сыныптағы белгілі бір оқиғаға қалай қарайтынын, өзінің мінез-құлқын, жолдастарының әрекетін қалай бағалайтынын анықтайды. Сынып жетекшісінің мұғалімдермен және ата-аналармен әңгімелесуі оқушы тәрбиелігінің дәрежесі туралы құнды материал береді.


VІ. Оқушыларды зерттеу үрдісінде сауалнаманы қолдану. Сауалнама адамгершілік ұғымдар мен түсініктерді, айналадағы адамдарға деген қатынасты анықтауға, ынта мен бейімділікті зерттеуге көмектеседі. Ол, әсіресе түрлі моральдық қасиеттер туралы түсінігін анықтау үшін кеңінен қолданылады. Негізгі адамгершілік қасиеттерді түсінудегі елеулі алшақтықтарды және оның үстіне теріс, дәл емес жауаптарды анықтағаннан кейін, сынып жетекшісі сауалдамадағы сұрақтардың мән мағынасы бойынша этикалық әңгіме өткізеді.

Мысалы, мен «Дос.Жолдас.Құрбы-құрдас» деген тақырыпта төмендегідей сауалдамалар бердім: 1. Достық деген ұғымды қалай түсінесің? 2. Досың кім? Оның қандай қасиеттері ұнайды? 3. Сынып оқушыларының ішінен кімді дос болуға лайық деп ойлайсың?» Сауалдаманы жинап алып, қорытындылау ретінде осы тақырыпта пікірталас өткіздім. Пікірталаста оқушылардың достық туралы пікірлеріндегі кемшін тұстарын ортаға салып, пікірталас туғызуға тырыстым.


VІІ. Шығармалар жаздыру. Ол жалпы дамуды, сөз мәдениетін, ынтаны, шығармашылық қабілетті, идеялық бағытылықты анықтауға көмектеседі. Шығармалардан оқушының жеке ерекшеліктері (оның мұраты, қажеті, сезім тербеністерінің тереңдігі, аңғарғыштығы және т.б.) көрінеді.


VІІІ. Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану: Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшінің білгені өте маңызды. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Социометрия методикасы

Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу

Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалдама үлестіріледі:

  1. Кіммен бір партада отырғың келеді?

  2. Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?

  3. Кімді туған күніңе шақырғың келеді?

Оқушылардың жауаптарын алғаннан кейін төмендегідей кесте толтырылады:

Таңдау матрицасы

Кім таңдайды?

Кімді таңдайды?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1











2











3











4











Т.б.












Қанша рет таңдалды?











Өзара (бірін-бірі) қанша адам таңдады?










Таңдау матрицасындағы мағлұматтарды өңдеп болған соң, «Социограмма» жасалады


Социограмма

4 шеңберден тұрады:

1-дөңгелекке (орталыққа) ең көп таңдалынған оқушылар түседі (2 есе көп таңдалынғандар)

2- дөңгелекке орташа сан таңдалынғандар

3- дөңгелекке елеусіз балалар (орташа саннан төмен)

4- дөңгелекке оқшау қалған, шеттелген балалар (бір де бір рет таңдалынбаған)

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!