Материалдар / «Сынып жетекшінің оқушының сау, жан-жақты тұлғасын қалыптастырудағы маңызы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сынып жетекшінің оқушының сау, жан-жақты тұлғасын қалыптастырудағы маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
627
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

«Сынып жетекшінің оқушының сау, жан-жақты тұлғасын қалыптастырудағы маңызы»

Тәрбие – тәртіптің құлы

Бауыржан Момышұлы.

Жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру - тәрбие болып табылады. Сонымен бірге тәрбие- балалардың қоршаған ортадағы қарым- қатынасы, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиенің мақсаты- дені сау, адамгершілігі мол, ойлау қабілеті дұрыс дамыған адам тәрбиелеу.

«Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы» дегендей, балалардың өмірінде мектептегі тәрбиенің маңызы зор деп ойлаймын.Себебі,мектептегі мұғалімнің міндеті білім беру ғана емес,сыныптағы әр баланың жүрегіне жол таба білу, тәлім- тәрбиемен сусындату.

Жалпы адамгершілік,эстетикалық, патриоттық бағыттармен жұмыстансақ, мәдениетті тұлға қалыптастыруға әбден мүмкін. Баланың бойында көптеген қасиеттерді қалыптастыруда сынып жетекшінің маңызы зор.

Қазіргі таңда сынып жетекшінің жұмысы, жауапкершілікті талап ететін, қиындығы да, қызығы мол жұмыс.Себебі,оқушыларды ортаға үйрету, оның көзқарасымен санасу, әлеуметтік тұрмысын анық білу, оқушының психикалық ахуалын зерттеудің өзі үлкен қызмет. Осындай жауапкершілігі мол жұмысты тиянақты,сапалы атқару үшін, сынып жетекші ата – анамен тығыз байланыста болу қажет. Ол үшін ата-ананы мектепке, сыныпта өткізілетін түрлі іс-шараларға шақырып, жан- жақты әсер ететіндей өткізуіміз керек.Мысалы, мен, 9 сыныпқа жетекшілік етемін, сыныпта өткен іс- шараларға ата-аналарды қатыстыруға тырыстым. Сыныбымызда өткен «Қазақтың салт-дәстүрін білесің бе?» атты тәрбие сағатында аналар қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетіп,әңгімелеп айтып берді.Осындай шаралар арқылы оқушы бойындағы тіліне, дініне, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттері артары сөзсіз.

Әртүрлі тақырыпта сынып сағаттарының өтуі, оқушыларды олимпиада, сайыс,байқауларға қатыстыру арқылы және де «Біз отбасында да, жұмыста да жақсы, қатаң тәртіп болуын тілейміз»- деп Макаренко айтқандай, екі жақтан жақсы тәрбие алса, жаны сау, жан-жақты тұлға қалыптастыруға болады деп ойлаймын.







10 сынып жетекшісі Сарсенгалиева Айымгуль Рысжановна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!