Сынып жетекшінің қызметі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып жетекшінің қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшінің ролі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшінің қызметі

Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым – қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу – тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері. 

Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:

  1. Білім алушы тұлғасының өзін – өзі дамыту мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін, оның қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

  2. Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау әрі оңды дамыту, қорғаныс, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық – педагогикалық жағдайлар жасау.

  3. Тәрбиеленушілердің әр түрлі шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық мәнді іс – әрекетін өмірдің әлеуметтік – жарамды тәжірибесінің көзі ретінде ұйымдастыру: қазіргі және болашақ есейген өміріндегі өзін – өзі дамыту білімі, икемі мен дағдылары, тұлғаның өзін – өзі анықтауы және өзін іс жүзінде көрсете білуі.

  4. Өзара бірлескен қарым – қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым – қатынастары мен алаңдататын мәселелерін сәйкестендіре ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:

  • Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту;

  • Тұлғаны дамытып, әрбір алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып, оның әлеуетті қабілеттерін ашу үшін психологиялық – педагогикалық оңды жағдай тудыру;

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • Сынып ұжымының түрлі үлгідегі тәрбиелеу қызметінің нысандары арқылы қарым – қатынас жүйесін ұйымдастыру;

  • Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

  • Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру;

  • Білім алушылардың, оқушылар ұжымы мен педагогика қызметкерлерінің арасындағы қарым – қатынасты ізгілендіру;

  • Білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру;

  • Оқушылардың әлеуметтік мәні, шығармашылық іс – әрекетін қалыптастыру.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады:

  • Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру;

  • Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру;

  • Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру;

  • Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну;

  • Оқушыларды әлеуметтік қорғау;

  • Ата – аналармен жұмыс.

Сынып жетекшісі білуі керек:

1. отбасының эмоционалды фоны;

2. баланың қызығушылықтары мен хоббиі, шығармашылық жетістіктері;

3. материалдық тұрмыстық жағдайлар;

4. отбасының мүдделері;

5. отбасындағы бала күнінің режимі;

6. ересектердің балаға әсер ету әдістері мен әдістері;

7. отбасылық демалыс;

8. ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейі.













Сынып жетекшінің функциялары

  1. Оқушыларды тәрбиелеу функциясы. Тәрбиелік мақсаттағы міндеттерді шешуге бағытталған бүкіл педагогтардың күш – жігерін біртұтас ету сынып жетекшісінің мойнында. Бұл тұрғыдан тәрбиені адамды әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық құрамдас бөлігі деп қарастыруға болады, яғни дамуы үшін жағдай жасу тұрғысында мақсатқа лайықты бағыттай әрекет етуді алға қояды. Бұл үрдіс қоғам өмірінің экономикалық, саяси және рухани салаларындағы әлеуметтік қатынастардың күрделі жүйесіне араласып кетуге даяр болуын қажет ететін әлеуметтік қалыптасуға себепші болмақ.

  2. Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен баланы әлеуметтік қорғаудың функциясы. Әлеуметтік қорғау – психологиялық – педагогикалық шаралар кешені, онда баланың әлеуметтік оңды өсуі мен жеке тұлғалық қалыптасуы, қазіргі нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайларға бейімделуі қамсыздандырылады.

  3. Ұйымдастыру функциясы. Сынып жетекшісі танымдық, еңбекке баулу, эстетикалық тұрғыдағы әр түрлі іс – әрекеттерді, сондай – ақ оқушылардың бос уақытын саналы өткізуде басты ерекшелік болып табылатын қарым – қатынас жасай білуге үйретеді. Ол сыныптағы қарым – қатынас құрылымын үйлестіріп, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуге ынталандырып, сондай – ақ жауапкершілік, көмек көрсету, бірлесе шығармашылықпен айналысу қатынасын қалыптастыруға ұмтылады.

  4. Оқушылардың өзін – өзі басқаруын дамыту функциясы. Оқушылардың өзін –өзі басқаруы дегеніміз оқушылар ұжымындағы тыныс – тіршілікті ұйымдастырудың түрі және қоғамдық мәні бар мақсаттарға қол жеткізу үшін олардың өз бетінше дамуы мен шешімдерді іске асыруда өсе түсуін қамтамасыз етеді.

  5. Диагностикалық функция сынып жетекшісінің оқушылар тәрбиесіндегі бастапқы деңгей мен өзгерістерді ұдайы айқындап отыруды міндет етеді. Ол баланың адамдық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге, тиімді нәтижелерге қол жеткізудің жолдарын іздеуге бағытталған.

  6. Сынып жетекшісі қызметінің жоспарлау функциясы. Тәрбие жұмысын жоспарлау ең алдымен қызметті оңтайлы ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің өзіне және сынып ұжымына деген көмегі. Жоспарды белгілеу дегеніміз педагогикалық қызметті тәртіпке келтіру, педагогика үрдісіндегі нәтижелер жоспарлылығы мен жүйелілігі, басқару икемділігі мен сабақтастығы секілді талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2024
224
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі