Материалдар / Сынып жетекшінің ролі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып жетекшінің ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшінің атқаратын қызметтері мен ролі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2020
503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып жетекші - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіруші педагог.

Бүгінгі күні сынып жетекші - кәсіпкер-педагог. Ол өсіп келе жатқан бала үшін:

•  жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

• сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы;

• тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
• оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;

• сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
• оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшінің негізгі міндеттері :

Тәрбиеші - педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші тұлға, бастапқы міндеті тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып жетекшісінің назарында ұжымды ұйымдастыру және дамыту болуы қажет. Сынып жетекшісінің тағы бір міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша сынып жетекшілер оқушылар мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынас ұйымдастыруда төрт түрлі міндеттер атқарады:

1.Әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау.

2.Диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.

3.Адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.

4.Жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.


Осы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар:диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері:

• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;

• әр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
• оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
• сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
• ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
• өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау;
• тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
• оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәтижесін болжау;
• ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
• мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;

• ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
• әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;

• оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;

• әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
• оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;

• оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау;

•  оқушылардың отбасыларымен байланыс ұйымдастыру;

ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.;

• өз сыныбы оқушыларының үлгерімін қадағалап, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;

• көсіби бағдар беру, болашақ мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
• қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);

• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;

• "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;

оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
•  ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін мынадай бірізділікпен басқарса жұмыс нәтижелі болады:
•  тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы;
•  талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы;
• тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы.
• сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс.
•  тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі;
•  тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы;
•  оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.

Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар:

  • өткен жылғы жұмысты талдау;

  • сыныпқа сипаттама беру;

  • жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айқындау;

Жоспардың түрлері өте көп, бірақ мұғалім өзіне қолайлысын таңдағаны жөн.

Сынып жетекші шәкіртпен жұмыс жасауда үнемі ізденісте болуы керек.

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңыздырақ.Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.(Цицерон)







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!