Маңғыстау облысы, Ақтау
қаласы
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы
атындағы
Маңғыстау гуманитарлық
колледжінің
педагогика пәнінің
оқытушысы
Умбетова Жансая
Муратовна
|
Өзін-өзі тану» пәнімен
интеграцияланған педагогика пәнінің
сабақ
жоспары
|
Мамандығы: 0111000 «Негізгі
орта білім беру»
Біліктілігі: 011111 3 «Ағылшынша білімі
бар математика пәнінің мұғалімі»
|
Күні:
12.03.2020
|
Пәні:
Педагогика
|
Курс:
2
|
Тобы:
МБ-18-1
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Сынып жетекшісі - тәрбие
жұмысын ұйымдастырушы негізгі тұлға
|
Құндылық
|
Сүйіспеншілік.
|
Қасиеттер
|
Мейірімділік,
шынайылық, сыйластық.
|
Сабақтың
мақсаты
|
Студенттерді мектептегі тәрбие
жұмысын ұйымдастырушылар жайлы толық мәліметпен қаруландырып,
мектептегі тәрбие жүйесінің маңыздылығын, сыныптан тыс тәрбие
жұмысының мазмұнын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының
мәнін ашу.
|
Сабақтың
міндеттері
|
Білімділік: Студенттерге сынып жетекшісі
және оның атқаратын қызметі, сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру,
жоспарлау туралы ақпарт беру.
Дамытушылық: Студенттердің шығармашылық
қабілетін дамыту, ойын нақты мысалдармен дәлелдеп, өз
пікірін айта білуге және өз пікірін қорғай білуге
баулу.
Тәрбиелік: Студенттердің бойында
мейірімділік қасиетті сақтап, сыйластықпен жұмыс жасауға, берілген
тапсырмаларды шынайылықпен, сүйіспеншілікпен орындауға
тәрбиелеу.
|
Күтілетін
нәтиже
|
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы
сынып жетекшісінің рөлін біледі.
Сынып жетекшісі және оның
негізгі қызметтерімен танысады.
Сыныпты ұйымдастырып,
тәжірибелік жұмыс жасай алады және бала тәрбиесіне жауапкершілікпен
қарауды түсінеді.
|
Дереккөздер
|
Оқулық:
Педагогика
Қосымша дереккөздер:
Ғаламтор желілері
|
Модульдер
|
-
Оқыту мен оқудағы жаңа
әдіс-тәсілдер.
-
Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету.
-
Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау.
-
Оқыту мен оқуда АКТ
пайдалану.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, ой
қозғау, топтық
жұмыс, «Ойлан, жұптас, топтас», «Сұрақ-жауап»,
«Атаулар туралы үш сұрақ», «Еркін талқылау», «Бір ауыз
сөз».
|
Пәнаралық
байланыс
|
Өзін-өзі тану, этнопедагогика,
тәрбие жұмысының әдістемесі.
|
Сабақ
барысы:
|
Сабақ
барысы
|
Уақыты
|
Оқытушының
іс-әрекеті
|
Студенттің
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Сыртқы
интеграция
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
2
мин.
|
Топ студенттерімен
сәлемдесіп, студенттер-дің назарын сабаққа
аудару, «5Т» ережесін (тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық)
еске түсіру, сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында
орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерін
таныстыру.
|
Сәлемдеседі. Назарларын
сабаққа аударып,
5Т ережесін
қайталайды, сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында
орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен
танысады.
|
Слайд,
асықтар.
|
Шаттық
шеңбері
|
5
мин.
|
Қане, бәріміз бір -
біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Мен сіздердей ақылды,
тәртіпті, тәрбиелі, сабақтан қалмайтын, үнемі формамен жүретін бір
сөзбен айтқанда айтқанды екі етпейтін студенттері бар топқа сабақ
бергеніме өте қуаныштымын! Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық,
жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың
үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты
дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз,
жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан
бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз
бір-бірімізге жақсылық тілеп, шаттана қуанып, гүл сыйлай отырып,
топқа бірігеміз.
|
Әуен, слайд, үш түрлі гүл
шоқтары.
|
«Еркін
талқылау»
|
7
мин.
|
Өткен тақырып бойынша
студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау мақсатында
студенттерге теориялық және пратикалық тапсырма
береді.
І.Теориялық
тапсырма:
1. Сынып жеткшісі және оның
негізгі міндеттері.
2. Сынып жетекшісінің негізгі
қызметтері.
3. Ата-аналар жиналысы және
ата-аналар комитеті.
ІІ. Практикалық
тапсырма:
Әр топқа тапсырма беріледі:
мінсіз оқушы, мінсіз ата-ана, мінсіз мұғалімнің бойында қандай
қасиеттер болу керек?
1-топ: Мінсіз
оқушы.
2-топ: Мінсіз
мұғалім.
3-топ: Мінсіз
ата-ана.
|
Студенттер берілген тапсырманы
теориялық және практикалық түрде
көрсетеді.
Студенттердің дұрыс
жауаптары асықтармен бағаланады.
|
Слайдтар,
үлестірмелі
материалдар, асық. т.б.
|
Дәйексөз
|
5
мин.
|
«Біздің балалар - біздің
қарттығымыз. Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз, бұл - біздің көз
жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің
кінәмыз.»
Антон
Макаренко
-Автор бұл дәйексөз
арқылы не айтқысы келген?
|
Суденттер дәйексөздің
мағынасын ашып, өз пікірлерін айтады.
Студенттердің дұрыс
жауаптары асықтармен бағаланады.
|
Слайд
|
Ішкі
интеграция (сабақтың мазмұнына
жалпыадамзаттық құндылықтарды
интеграциялау)
|
«Ойлан, жұптас,
топтас»
|
15
мин
|
Оқытушы өткен тақырыпты жаңа
тақырыппен байланыстыра отырып, студенттерге сұрақ беру арқылы жаңа
тақырыпты талдап, топ болып ынтымақтаса, жұмыс жасауына жол ашу
мақсатында 3 топқа тәрбиелік бағытта сабақ фрагментін көрсетуді
тапсырады.
|
Студенттер сұрақтарға жауап
беріп, өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпқа ой
жүгіртеді, оқыған, көрген, білгендерін топтасып талдау жасайды.
Талдау нәтижелерін ортаға салып, ойларын тұжырымдау үшін тәрбиелік
бағытта сабақ фрагменттерін барлық топқа
көрсетеді.
Студенттер асықтармен
бағаланады.
|
Слайд, үлестірмелі
материалдар.
|
«Атаулар туралы
үш сұрақ» әдісі
|
5 мин.
|
Студенттердің жаңа тақырып
бойынша білім, іскерлік дағдыларын пысықтау
мақсатында ойларын
білу.
Оқытушы тақырып бойынша үш
терминді тақтаға жазып, студенттерден осы атауларға қатысты мынадай
сұрақтарға ауызша жауап алады.
1.Қайда?
Бұл терминдерді сіз
бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп
едіңіз?
2.Қалай?
Өз тәжірибеңізден мысалдар
келтіре аласыз ба?
3.Қандай?
Осы сабақта бұл атаулар қандай
қолданыста болды?
Сынып
жетекші,
Ата-ана,
отбасы
|
Студенттер сұрақтарға шапшаң
жауап береді, дұрыс жауаптары асықтармен
бағаланады.
|
Слайд
|
Кері
байланыс
«Бір ауыз сөз»
әдісі
|
3
мин.
|
Студенттердің сабақ жөніндегі
ойларын білу мақсатында кері байланыс алынады.Студенттер
стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.
Өз ойларын түсіндіріп береді.
|
Студенттер
стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазып
қалдырады (ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым,
ұмтылдым, есте сақтадым, т.б.).
|
Түрлі-түсті
стикерлер
|
Бағалау
|
2
мин.
|
Критерийлер бойынша
студенттердің жинаған асықтары арқылы топты және жеке студенттерді
бағалайды.
|
Студенттер
бағаланады.
|
Топ тізімі мен
асықтар
|
Үй
жұмысы
|
1
мин.
|
а) Тақырыпқа қатысты
дайындықтарын жетілдіру.
б)
«Бақытты отбасы» тақырыбында
фото.
|
«Оқушының
шығармашылық қабілетін жетілдіру»
|