Материалдар / Сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2024
94
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»


Күні

14.10.2024;

Класс жетекші:

Сериева Асия Кайдаровна

10 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

7-САБАҚ

10 -сыныптар: «Күдікті заттар анықталғанда жасалатын бес қадам»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға цифрлық әлем туралы ақпарат беру;

Цифрлық әлемді қауіпсіз қолдануға үйрету.

Қауіпсіздік мақсаты

Сабақтың мақсаты:балаларды анықталған күдікті заттардан сақ болуға үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

«Отанды сүю – отбасынан басталады

Сабақтың барысы



Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады



Жаңа сабаққа кіріспе


І. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. 
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті  Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді.
Интернеттің қызметтері:
1. Интернет поштасы.                 2. Телеконференциялар.                3. Web (WWW ) қызметі.



Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды
Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.
2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.
1993 - 1996 жылдар аралығында жыл сайын Интернетке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды.
1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді


Сабақтың ортасы

26 мин.

Қазақ телеком ұсынған тариф – Megaline. 2006 жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с

"Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны







Мұғалім:Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнаса, оның психологиясына жаман әсер береді. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.





1-оқушы:

«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастады. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
 
2-оқушы: Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
 
3-оқушы:
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.....

4-оқушы: Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек . Ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра...

5-оқушы:Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.

интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.          



Ой толғау. ТЖ. Мен интернетсіз күнді қалай өткіземін?

.


Әр топ интернетсіз өз күн тәртібін құрады.



Қауіпсіздік 10 мин

1.Кіріспе (2 мин)

7 САБАҚ. «КҮДІКТІ ЗАТТАР АНЫҚТАЛҒАНДА ЖАСАЛАТЫН5 БЕС ҚАДАМ»

- Суреттерді қарап шығыңдар. Сабақ тақырыбын анықтаңдар. - Суреттерден не көріп отырсыңдар?

Не айтар едіңдер?

3.Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау -Көшеде, автобуста, супермаркеттерде қандай да бір сөмке, пакет, қораптарды тауып алған кездерің болды ма? -Оларды тауып алғанда сендер не істедіңдер? -Мұндай заттар адам өміріне қауіпті болуы мүмкін бе? Қандай жағдайларда қауіпті болуы мүмкін?

4.Негізгі бөлім. -Төмендегі мәліметпен танысыңдар. Күдіктіз аттар анықталғанда жасалатын 5 қадам. Қоғамдық көлікте.

Егер сіз қоғамдық көлік ішінде ұмыт қалдырылған немесе иесіз затты тауып алсаңыз:

1) Айналаңыздағы адамдардан сұрап көріңіз. Бұл заттың кімдікі екенін анықтауға тырысып көріңіз.

2) Егер заттың иесі анықталмаса, бұл зат туралы жүргізушіге айтыңыз. Тұрғын үйдің кіре берісінде.

Егер үйіңіздің кіреберісінен белгісіз зат тауып алсаңыз:

1) Көршілерден сұраңыз, бұл зат соларға тиесілі болуы мүмкін.

2) Егер заттың иесі анықталмаса, дереу құзырлы орындарға хабар беріңіз. Мекемелерде. Егер сіз мекемеден белгісіз зат тауып алсаңыз:

1) Дереу анықталған зат жөнінде мекеме әкімшілігіне немесе мекеме күзетшісіне хабарлаңыз.

5. Бекіту

Қорытынды.

Рефлексия. (2минут)

Күдікті зат – бұл…………

Күдікті зат анықталған кезде қандай нөмірлерге телефон шалу қажет?

Телефон жоқ болса, не істеу керек?

Күдікті затты ұста

уға, ішін ашып қарауға бола ма? Неге?

Күдікті затты тауып алғанда не істеу керек екенін ата-аналарыңа әңгімелеңдер.







Мәтінмен танысады, оқиды































Жұптық жұмыс. Күдікті затты анықтаған жағдайда не істеу керектігі жөнінде қасындағы оқушыға әңгімеле.




Сұрақтарға жауап береді






















































https://www.youtube.com/watch?v=CIucCpDxhZA&list=PLA5eCSY2FeoQLLocSIEuEG9KjOrJzvPM

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Қорытынды:

Қорыта келе, Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернетті дұрыс пайдаланып,   Қазақстанға өз үлесін қосады деп сенемін!



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Рисунок 23



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!