Материалдар / Сынып сағаты 5 сынып , Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты 5 сынып , Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба мұғалімдерге көмек болсын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
728
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мазмұны:



Аңдатпа

Кіріспе

  1. Негізгі бөлім

    1. Аймақтық табиғи – климаттық жағдайы

    2. Қатты тұрмыстық қалдықтардың экологиялық мәселесі

    3. Жиын үрдісін басқарудың және тұрмыстық қалдықтарды пайдаланудың нормативтік – құқықтық базасы және жалпы схемасы

  2. Зерттеу бөлімі

    1. Зерттеу әдістемесі мен есептеулер

    2. Тұрғындардың экологиялық мәдениеттілігін арттыру шаралары

    3. Қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және шикізатты қайта өндеудің әрекет ететін жүйесі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

























АНДАТПА


Жұмыстын мақсаты: Павлодар қаласының тұрмыстық қалдықтарын өндеу мәселесін зерттеу.


Жұмыстың міндеттері:

1.Павлодар қаласындағы тұрмыстық қалдықтарды жинау және жою шараларын қарастыру;

2.Қалдықтарды жинау және тасу әдістерімен танысу;

3.Сауалнама жұмысы;

4.Тақырып бойынша әдебиетке талдау жасау.

Гипотеза : егер қатты тұрмыстық қалдықтар өнделіп отырса, онда біздің қоршаған ортамыз таза болады.

Зерттеу кезендері

Ғылыми зерттеу жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2010 – 2015 жылдарына арналган экологиялық қауіпсіздік концепциясында қалдықтарды өңдеу жүйесін тәртіпке салу бағыты көрсетілген.

Қазіргі уақытта Павлодар қаласының экономикалық өркендеуі ұлғаюда. Сондықтан қатты тұрмыстық қалдықтарды өндеу - өзекті мәселелердің бірі .

Қатты тұрмыстық қалдықтарының полигонының қоршаған ортаға әсерінің мониторингісі өткізілмейді. Басты мәселелердің бірі - өздігінен қоқыс тастайтын жерлердің пайда болуы.

Қаланың кейбір шағын аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, көму мәселесімен айналысатын тұрақты құрылымдардың жоқтығы байқалады.

Осы уақытта қалыптасқан жағдайға маңызды шараларды қабылдауға, Павлодар қаласының қатты тұрмыстық қалдықтардың басқаруын қажет етеді.














Кіріспе


Осы тақырыпты алуға себеп болған жағдай: 2 сынып оқып жүргенімде, жаяу сабақтан қайтып келе жатып біздің шағын аудандағы сансыз жатқан әр түрлі қалдықтар болды. Сол кездерде ой пайда болды: осы қоқыстар қайдан пайда болады, неге осы жерлерге тасталынады, бұларды кім және қайда жинайды? Осы сансыз сұрақтар мазалап ойымнан кетпей қойды. Мектеп қабырғасында жүріп мұғалімдерден сұрап біраз жауаптар жинадым. Оған қанағаттанбай осы Павлодар қаласында экология мәселесінде жұмыс істейтін ұйымнын барын естіп, біліп сол жерге бардым. Ол Потапова 7 мекен жайында орналасқан ЭКО мектеп екен. Мектепке барып өз көзімен жылыжайларды, сол жердегі тазалықты, бір қалыпты жұмысты көріп таң қалып қайттым. Сол кезден бастап осы тақырыпқа деген қызығушылығым артты деуге болады. Өз ауданымда балаларды жинап кіші сеңбіліктер жасайтын болдық, таза ұстауға болатынына көзім жетті. Осы күнге дейін әр түрлі мәліметтер жинап, осы бағытта жұмыс істеп жүрген кісілермен кездесіп, бақылап біраз мәліметтер жинап осы жұмысты бастап кеттім.

Жағдайдың өткірлігі үздіксіз өсумен, меншікті салмақ көлемімен, қатты тұрмыстық қалдықтардың бір тұрғынға жақсы тұрмыс жағдайының жоғарлауымен түсіндіріледі. Қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемінің көбеюі жинаумен, тасымалдаумен, утилизациялаумен, жоюмен тұрақты жүйесі болмағандықтан әсерін ұлғайтады. Қалдықтарды бөлек жинау жоқтығынан қайта утилизацияланатын және қайта қолданылатын пайдалы заттар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына әкеліп түсіріледі. Екінші шикізатты өндеуге арналған өнеркәсіптің нашар дамуы, қатты тұрмыстық қалдықтары бар полигондар көбінесе кәдімгі қоқыс тастайтын жер, кейде рұқсат құжаттарсыз, санитарлық және экологиялық заңнаманың тәртібін сақтамайды.
















1. Негізгі бөлім:


1.1 Аймақтын табиғи – климаттық жағдайы.


Қатты тұрмыстық қалдықтардың шоғырлану деңгейіне, оның құрамының спецификасына аумақтың әлеуметті-экономикалық деңгейі елеулі әсер етеді, себебі бір адамға санағанда қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесі халықтың жақсы тұрмыс жағдайының өркендеуімен өседі .

Сонымен бірге, қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болу көлеміне өнеркәсіптің даму ерекшелігі, ауылшаруашылықты жүргізу тәсілі, аумақтың климатты-географиялық жағдайы да әсер етеді. Павлодар қаласының жалпы әлеуметті-экономикалық сипаттамасы жыл сайынғы статистикалық материалдардың негізінде берілген .

Павлодар облысы Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. Облысымыздын аумағының көп бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысындағы Батыссібір жазығының оңтүстік шегінде орын алған, қазіргі кезде 127,5 мың ш.км. аймақты алып отыр. Солтүстігінде облыс Ресей Федерациясымен (Омбы облысы), оңтүстігінде – Қарағанды облысымен, шығысында – Шығыс-Қазақстан облысымен, батысында – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 – 19,4ӘC, кей жылдары ол 48 °C-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 °C-тан 22,2 °C-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41 °C-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянауыл тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 м/с. Көктем мен күзде жылдамд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі. Халықты медициналық мекемелермен қамтамасыз ету қалада медициналық қалдықтардың пайда болуы көлемінін ұлғаюына әкеледі.

Жоғарында ұсынылған мәліметтер соңғы жылдары облыстың экономикасының дамуы, азаматтардың тұрмыстық жағдайдың жақсаруын растайды, өсімі куәландырады, бұл тұрмыстық қалдықтардың өсу динамикасында көрсетілмеуі мүмкін емес (1 кесте).

Павлодар облысының тұрғындар саны

1897

1959

1970

1979

1989

1991

1999

2004

2005

7738

90 096

187 070

272 895

330 748

342 500

300 503

286 538

291 408










2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

295 696

300 226

303 955

317 289

320 362

322 037

322 305

325 465

329 839










2015

2016

2018







332 771

335 185

360 048







Қаланың халық саны 2018 жылдың 1 қаңтарына 334 906 мың адамды құрады.


1.2 Қатты тұрмыстық қалдықтардың экологиялық мәселесі.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың экологиялық қауіптілік мәселесі Павлодар қаласында өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл қауіптілік қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалануының барлық кезеңдерін басады. Осы уақытқа дейін қатты тұрмыстық және оларға тең қалдықтардың регламенттейтін құжаттар жүйесінің жоқтығы, қауіптілігінің деңгейімен класы анықталмағаны белгілі. Қалдықтарды тасу кезінде автокөліктің айдауы аздығының қажеттілігі әрқашан есептеледі.

Павлодар қаласындағы қалыптасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру жүйесі қалдықтарды көмуде және полигондарда ұйымдастырылмаған қоқыс төгетін жерлерге негізделген. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинау жағдайының жоқтығынан қиындап тұр. Өз кезегінде ағын су қатты тұрмыстық қалдықтар полигонның нәтижесінде көп көлемде токсикалық органикалық және органикалық емес ластануға әкелу мүмкін. Бақыланбайтын үрдістер қоқыс төгетін жерде микросфера қалыптасуына әкеп соғады, сонымен қатар қауіптілігі қоқыс төгетін жерінде атмосфераға үнемі метан, аммиак түсіп, қауіп тудырады .



1 сурет: ірі- габаритіі қоқыстар


Аумақтың жеткіліксіздігінен ұйымдастырылған қоқыс, төгетін жерлер қаладан алыс кетеді. Қалдықтарды алысқа апармас үшін осы мақсатта белгіленбеген орындарға лақтырылады.

Емдеу – профилактикалық мекемелердің қалдықтары қатты тұрмыстық қалдықтарға жататындығына қарамастан, олардың жоғары эпидемиологиялық маңызын ескере отыра, Павлодар қаласында осы қалдықтар түрін өндеу туралы жалпы сипаттама беру шешілген.

2012 жылғы 15 қаңтардағы № 2674 СанПиН санитарлық ережелерге сәйкес барлық денсаулық сақтау қалдықтар төрт класқа бөлінеді.

- а класқа қауіпті емес қалдықтар;

- б класқа эпидемиологиялық қауіпті және төтенше қауіпті қалдықтар;

- в класқа өнеркәсіптік қалдықтарға жақын құрам бойынша қалдықтар;

- г класқа радиоктивтілік қалдықтар.

А класқа жататын проф. мекемелердің бөлімшелерінде (инфекциялық, тері– венерологиялық, фтизиатрикалық, микологиялықтан басқа), әкімшілік–шаруашылық бөлімдер буфеттерінде; ұйымның аумағында болуы мүмкін.

Б класқа қалдықтары операциялық, реанимациялық, процедуралық, жараны таңатын бөлшелік және басқа да процедуралық және диагностикалық үй жайларда; жұқпалы, тері – венерологиялық, патологоанатомиялық бөлімшелер мен зертханаларда пайда болады.

В класқа қалдықтары диагностикалық бөлімшелерінде, химиоперациялық бөлімшелерде; патологоанатомиялық бөлімшелерде, фармоцевтикалық цехтерде, дәріханаларда, қоймаларда; химиялық зертханаларда әкімшілік–шаруашылық үй жайларда пайда болады.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!