Материалдар / Сынып сағаты " Еліміздің рәміздері"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты " Еліміздің рәміздері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
346
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









тәрбие сағаты

«рәміздерім - мақтанышым»





Сынып жетекші: Искакова Асем Саятовна



























2020-2021 оқу жылы


Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым».

Мақсаты:

  1. білімділік – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;

  2. дамытушылық – жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;

  3. тәрбиелік – қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, нақыл сөздер, авторлар суреті, видеороликтер, презентациялар.

Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы (экраннан дыбыспен)

1 - жүргізуші: Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Гимн, Елтаңба, Ту.

Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата – бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

2-жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн қабылданды.

1-жүргізуші: Рәміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер. Олар көне замандардан бері бар. Жиырмасыншы ғасырда әр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қабылдау дәстүрі орнады.

2-жүргізуші:

Туымның түсі көк аспан,

Қыраны көкте самғайды

Бақытты күнге жол ашқан

Үмітті мәңгі жалғайды

Аспаннан биік бар ма өлшем

Биіктік басқа болмайды

Ол жайлы мүлде білмеген

Түбінде өзі сорлайды

Қазақтың туы желбіреп

Жеңістің болсын куәсі

Қуаныш жасы мөлдіреп

Жазыла бергей құлашы

1-жүргізуші:

Елтаңба мәңгі тұмарым

Оятқан намыс-жігерді

Қиындықтарға шыдадым

Сәтсіздік, алыс тұр енді.

Ұлылар ұрпағымыз ғой

Сескенбей қарар дұшпанға

Көзінің ағы, қарасымыз ғой

Шаршамас бойда күш барда.

Әнұран – сөзім жүрегімдегі

Жүректің сөзі жалған болмайды

Жетелер алға тілегім мені

Осыдан асқан арман болмайды – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, құрметтеу – бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.


1-слайд. Тұңғыш Президент (видеоролик)


1-оқушы: 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

2-оқушы:

Президенті болдың туған еліңнің

Ода-жырмен сансыз тілде төгілдің

Жерұйыққа айналдырып жеріңді

Бостандықтың жолы болып өрілдің

Күнге қарай заман көшін бастадың

Нұрға бөлеп Атамекен аспанын

Нұрсұлтаным ұлы тұлға десе ел

Әр жүрекке сәулелі нұр шашқының

3-оқушы:

Кең байтақ ғой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Шықты тарап ой-данадан

Бері қарап жұлдыз беті

Өзі қалап сайлап алған

Елімнің бар Президенті.

Оянады көңілден қайдағы арман,

Бақыт желі ескендей жайлап алған.

Президентім бар менің елі түгел.

Ақ киізге көтеріп сайлап алған.


2-слайд. Еңселі Елтаңба. (экранда суреті)

1 -жүргізуші: Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.

2-жүргізуші: Балалар, бүгін біздің ортамызда елімізге танымал суретші, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков ағамыз қонақта. Ол кісі біздің жаңа типтегі мектебіміздің ашылу салтанатына арнайы келіп отыр.Ендеше ағамызды қошеметпен ортамызға шақырайық.(сұхбаттасу, оқушылар сұрақтар қояды)

Елтаңба автордың қолымен ілінеді.


Суретте: 9 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Д.О.Жактаева


4-оқушы:

Көк туым, көк аспан көгілдір

Жанымды жұбатар желбіреп.

Ілесіп солармен көңіл жүр,

Сүйсінген жан-жүрек елжіреп.

Шаттыққа толғанда шаңрағым

Ошақтан от маздар алаулап

Жатса егер қолпаштап жан-жағым,

Мінгендей желпінем жараулы ат.

5-оқушы:

Арайлы елімнің таңбасын

Құлпыртса тұлпарлар жегіліп

Қалайша мейірім қанбасын

Қалайша жыламан егіліп

Тәңірдей – Алып күн орныққан

Қолымда қуатты байрағым

Еңселі ел болдық біз толыққан

Үстем боп қыран құс айбарым.

Алып күн, шаңырақ, қыран құс

Қанатты тұлпарлар – Елтаңбам

Келген жан сәлем бер, аттан түс

Елді көр кешегі шер толған.


3-слайд: Тұғырлы туымыз (видеоролик – экранда Шәкен Ниязбеков сөзінен үзінді тыңдалады)

1-жүргізуші:

Байтақ елдің бақыты да көпке айғақ

Бас иемін сәл аялдап, тоқтай қап,

Жеңнен тартып жетелеген жеміске

Жүрегімде желбіреген көк байрақ.

Әлсіз болсаң әр нәрсеңді ап қоймақ

Әлді әке әрбір сөзі ақ қаймақ

Намыстардың жиынтығынан жаралған

Арыстардың көзіндей ме көк байрақ.

Өлі сөзі өміріме нақ қайрақ,

Өсиеттер апарар алға қақпайлап

Еркін ескен жел тербеген жеңісім

Егеменді ел тербеген көк байрақ.

2-жүргізуші:

Келбетті, сымбатты сыр айтып тұрғандай,

Бар игі, ізгілік салтанат құрғандай

Арайы төгіліп Күн кетпес көгінен,

Қырағы қыраны қонбаған шыңды алмай!

Көк туым – намысым, ділімнің айғағы,

Оюым-өрнегім – ұлттықтың қаймағы!

Алтындай үш белгі – зерделі тарихым,

Жасасын, қазақтың көгілдір байрағы!


Ән: «Көк тудың желбірегені» (экранда видеоролик)


4-слайд: Біздің Гимн (экранда Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің суреттері)

1-жүргізуші: Біздің елімізде Мемлекеттік Әнұран ретінде «Менің Қазақстаным» әні қабылданған. Бұл әнді ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері болатын.Әнді алғаш орындаған – Жамал Омарова. Әнде халықтың патриоттық сезімі берілген. Бұл ән әр үйде, әрбір мекемеде шырқалатын. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2-жүргізуші: «Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!» - деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Гимнның жаңа мәтіні қазақ халқының асқақ рухын, асыл мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді.Әнұранның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.Әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов.

6-оқушы:

Әнұраным – жайлаулы ел әлемі,

Кең даламның симфониялы сәлемі

Тұлпар мінген қазақтың ұл-қыздары

Тәңір таудай тұлғалы да әдемі

Шарықтасын мәңгіліктің әуені

Қазақиям асқан бағым мәуелі

Әнұраным, тілі шыққан сәбилер

Ыңылдап-ақ сені шырқар әуелі.

Әнұраным, Астанамның аспаны,

Қарияма құрметіммен жас қамы.

Әнұранмен таныттым да өзімді,

Әнұранмен таныдым мен басқаны

1-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

2-жүргізуші:

Еркін бейбіт елде қандай бар арман!

Нуым дағы, туым дағы жаңарған.

Менің туым алтын шапақ Күні бар,

Көк Ананың жатырынан жаралған.

Көк түс қандай адал және сенімді!

«Көк» сөзінде көп мән тұрар ең ізгі.

Жердің Шарын ұстап тұрса Су Ана,

Біздің ту да елестетер теңізді.

Өлең тұнған өр қазақтың тұрағы

Шапағаттан, махаббаттан тұрады.

Айбынымды айқындап тұр тудағы

Ер елімнің еркін ұшқан қыраны.

1-жүргізуші:

Күндер, міне, күлімдейді ең нұрлы

Қазағымды бүкіл әлем – жер білді.

Ортасында шаңырағым киелі

Мақтан етемелтаңбамды – гербімді!

Елтаңбада көп мағына бар терең

Маңдайдағы жұлдыз, неткен көркем ең!

Осы жұлдыз – Отанымның бақыты,

Осы жұлдыз – менің биік мәртебем!

Бізді осылай асқақ етіп жаратты

Кім айырған жылқы менен қазақты.

Ерен елдің елтаңбасын көркейтіп,

Екі тұлпар арқырап тұр қанатты.

Алты алашқа арнап, атап сый нұрын,

Төгіледі әсем ән мен күй бүгін.

Әні, сөзі бір-бірімен қауышқан

Қандай ғажап әнұраным – гимнім!


2-жүргізуші:

Рәміздерге мақтанышпен қараймын,

Үш рәмізді бақытыма балаймын.

Ту, Әнұран, Елтаңбасы бар елді –

Әлемдегі бақытты ел деп санаймын.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!