Материалдар / Сынып сағаты. Адамгершілік асыл қасиет. 1 сынып

Сынып сағаты. Адамгершілік асыл қасиет. 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2021
1915
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№1 Предгорное орта мектебі» КММ







Тәрбие сағаты: «Адамгершілік - асыл қасиет»










1 «А» сынып


Picture 1


Сынып жетекшісі: Бахат Уазира








2020 – 2021 оқу жылы

Сынып сағаты: «Адамгершілік- асыл қасиет»

Мақсаты:- оқушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық,

қасиеттерін қалыптастыру.

Мұғалім: Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан,күнделікті адамдармен қарым-қатынасынан бойына сіңіреді. «Адамгершілігің төмен болса әділетті бола алмайсың»-деген екен Вовенарг

Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.

Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп-нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой- бөлісеміз.


Сабақ барысы:

Сыныпты топқа бөлу

І. Сөйлемді жалғастыру

  1. Егер менің достарымның бірі ыңғайсыз жағдайға түссе, онда мен...

  2. Егер менің үстімнен біреу күлсе, онда мен…

  3. Егер мені ойынға қабылдағанын қаласам, онда мен...

  4. Егер менің сөзімді әрдайым бөлсе, онда мен...


ІІ. Видео: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» (көрсетілімді көрсетіп балалардың пікірін тыңдау)

Сергіту сәті. Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек.

Топқа бөлу Топқа бөлінгеннен кейін үш топтан бір оқушыдан шығарып алып сұрақтар қоя отырып әңгімелесу. Әңгімелесу сұрақтары мынандай болып құрылады.

  • Егер сыныптасың сені үзілісте мазақтаса ол оның қандай мінезі.

  • Егер өтірікті көп айтатын балада қандай қадір болады

  • Егер сен бір адамға көмек көрсетсең ол қандай қасиетке жатады

  • Егер сен үлкен адаммен қатар есікке келсең сен не істейсің? Ал енді отыра қойыңдар, ал балалар сендер не айтасыңдар. Бұл туралы не ойлайсыңдар.

«Жұлдыздар» ойыны
Бізге жұлдыздар не үшін керек?
Әрине жұлдыздар бізге түнде жарық сыйлайды және әдемілік үшін керек. Мен сендерге қазір түсті жұлдыздар беремін таңдаған түсіңді алып, ортасына атыңды және өз атыңның бас әріпінен келетін жағымды сөздер жазасыңдар.


Жағдаят: «Балам, анау не?»
...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
- «Балам, анау не? » деп сұрапты.
- «Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол-түйе,түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.)


ІІІ. Құпия хаттарға жауап:

Бірінші хат: Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

Екінші хат:  Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды, мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

ІV.Оқушыларға сұрақ беру: (ыстық орындық)

    1. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

    2. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсыз?

    3. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

    4. Сіз өзіңіз жіберген қателігіңізді мойындай аласыз ба?


V.Постер құрау

  1. Кешірімді болу: кек сақтамау, кез келген жағдайда да ұстамды болу

  2. Сөйлесе білу:  Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзді дұрыс, орынды қолдану керек, сөйлегенде дауыс ырғағына да мән беру керек

  3. Әділ болу:

  4. ізеттілік. айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту

  5. Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді.

  6. Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Оқуға немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

  7. Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

  8. Имандылық: Иманды адам дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.



VI.Рефлексия:

Керектісін сандыққа салады , керексізін себетке салады.

  1. Мен әрдайым өз құрбыларым және үлкендермен мейрімді боламын.

  2. Мен сыныптасым қиыншылыққа тап болса әрдайым жәрдем беремін

  3. Кейбір ересек адамдармен ұстамсыздық танытуға болады деп санаймын

  4. Мен өзіме ұнамайтын адамға дөрекілік көрсетуге болады деп ойлаймын

  5. Мен сыпайылық адамдар арасында өзімді жайлы сезіну үшін жәрдемін тигізеді деп санаймын

  6. Мен өз тарапыма айтылған орынсыз ескертулерге ұрысып тастауға болады деп ойлаймын.

  7. Сыныптастарым біреуді келемеждесе, менде қосылып мазақтаймын

  8. Маған адамдарға жақсылық істеген ұнайды.

  9. Мен адамдардың қателіктерін кешіре білу керек деп ойлаймын


VII.Қорытынды:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ