Материалдар / Сынып сағаты Алакөл 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты Алакөл 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өз туған өлкесіне білімдерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2020
744
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: 

«Кереметсің,көркемсің,Алакөл,туған өлкемсің»


Сыныбы

10а

Мақсаты: 



Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу ; өз туған жері туралы білімдерін жүйелеу және байыту; ойлау және сөйлеу белсенділігін арттыру. Өз мекеніне, ауданына деген қамқорлыққа баулу.


Күтілетін нәтиже

Оқушылар өз туған өлкесі туралы білімдерін дамытады. Тапсырмаларды орындай отырып, қосымша мағлұмат алады.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар


 Алакөл ауданы туралы видео көрсету.



Әдіс - тәсілдер

 Ойлан, жұптас, пікірлес

Топтық жұмыс

«Синквейн» әдісі


Ресурстар


Негізгі бөлім

Психологиялық ахуал

«Ой қозғау»

Оқушылар Алакөл өңірі туралы видео көреді және өз ойларын ортаға салады.

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқушылар! Көңіл күйлеріңіз қалай?Ендеше тақта алдына шықсақ қалай қарайсыздар? /Оқушылардың барлығы тақта алдына шығады да, шеңбер болып тұра қалады/ Түрлі түсті /қызыл,сары,жасыл/ лентамен топқа бөліну.

- Оқушылар біз қай облыста, қай ауданда тұрып жатырмыз?/Алматы облысы,Алакөл ауданында тұрамыз/

- Биыл Алакөлге неше жыл?/90/

- Ендеше интербелсенді тақтадан «Алакөл» туралы видео көрейік!

Ойымызды жинақтап,тапсырмаларды орындайық. Табиғаты керемет жерлерде сендер сияқты бақытты балалар тұрады екен. Әр адам өзінің тұратын жерін мақтан етеді.


Алакөл көлі Қазақстандағы ішкі су қоймаларының ішінде көлемі жағынан екінші орын алатын әрі  республикамыздағы тұйықталған (ағып шықпайтын) көлдердің ішіндегі  жалғыз терең сулы ғажайып көл.  Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шегінде орналасқан  Алакөл солтүстік шығысында Балқаш-Алакөл  ойпатындағы Жетісу (Жоңғар) Алатауының  шығыс жоталары мен   Тарбағатайдың күнгей  жоталарының арасында жатыр.  Ол жартылай шөлейт аймақта, теңіз деңгейінен  347 метр биіктікте орналасқан, аумағы 2700 шаршы метрді қамтиды. Тереңдігі 50 метрге дейін жетеді, ұзындығы 102 км, ені 54 км шамасында.  Оған 15-тен аса салалар келіп құяды. Су бетінің ең үлкен температурасы 24 градусқа жетеді.

Алакөлдің суы теңіздікіндей тұзды. Құрамы жағынан натрий хлоридті және натрий хлоридті-сулдьфатты суды Қара теңіздің суымен салыстыруға болады.

Ғажайып жағалау –  шипалы қара  малта тастар. Көлдің түбі малта тасты (галечниковый) жағалаудың кейбір тұстары  (илистый), жағалауды күн қызуынан жылу алған  майда қиыршық тастар жапқан. Қасиетті суынан басқа мұнда күкіртсутекті балшық және  даланың минералды тұздармен қаныққан таза, құрғақ  ауасы бар.


Сабақтың ортасы

Тапсырма №1

«1 топ» - «Алакөл» деген сөзге «синквейн» 5 жолды өлең құрау

«2 топ » - Алакөл туралы 5 сұрақ дайындау

«3 топ» - «Туған жер» тақырыбына өлең жолдарын құру

«4 топ» - Алакөл көлі туралы мәлімет айту.








Тапсырма №2

«1 топ, 2 топ» - Алакөлден шыққан ұлы тұлғалармен танысу

«3 топ, 4 топ» - Алакөлдің емдік қасиеті туралы әңгімелеу байлығы Алакөл көлінің шипалығы, Алакөл қорығы / қазіргі таңда Алакөліміз қалай көркеюде? Болып жатқан жақсы өзгерістер туралы айту/


Сабақтың соңы

«Болашақта туған өлкеме қандай үлес қоса аламын?» немесе

«50 жылдан кейінгі Алакөл өңірі» Эссе жазу.

Кері байланыс:


Алакөлдің 90 жылдығы құтты болсын. Рухани жаңғыруға жақсы атсалысайық. Бүгінгі сабаққа қатысқандарына көп-көп рахмет!

Енді әр оқушы өз ойын «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы жеткізсін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!