Материалдар / Сынып сағаты Анам екеуіміз... Ғали Орманов атындағы орта мектебі КММ 3 А сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты Анам екеуіміз... Ғали Орманов атындағы орта мектебі КММ 3 А сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс іс шара бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
717
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғали Орманов атындағы орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін» «Келісемін» «Қаралды» Мектеп директоры ТЖО СЖБ жетекшісі А.С.Касымова Г.Н.Ешмуамбетова Мукашева Д.Н __________ ____________ __________

Анам екеуіміз...

Сынып жетекшісі: С.Сарай

Сыныбы: 3 «А»

Қапал ауылы


Консилиумнің тақырыбы: Анам екеуіміз...

Мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу; Ой – өрістерін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Слайд, бейнежазба , суреттер

Барысы:

I. Ұйымдастыру

- Құрметті, оқушылар! Бүгінгі біздің консилиуміміздің тақырыбын ашып алу үшін ұсынылған ребусты шешейік.

II. Кіріспе сөз

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан
. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.


ІІІ. «Ізгі тілек» тәсілі бойынша оқушылар аналарына тілектерін айтады.

ІҮ. Бейнежазбаны көрсету. Бос уақыттарында не істейміз, анамыз қандай ақыл-кеңес айтады, неге үйретеді бейнежазбаны көреміз.

Ү. Қорытынды : 5 жолды өлең стратегиясы арқылы «Ана» сөзіне өлең құрастырайық.

Ана — әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше. Гүлдің жайқалып өсуі үшін су мен ауа қаншалықты қажет болса, баланың дұрыс жетілуі үшін де ата-ананың қажеттігі басым. Бізге жарық дүние сыйлаған анаға не сыйласа да аздық етеді. Меккеге жеті рет арқалап апарғанның өзінде қарызын өтей алмассың. Себебі ана сияқты бақытыңды ойлап, табаныңа кірген тікенді маңдайына кіргенін қалайтын адам жоқ. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам ол — ана. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалайықшы. Себебі, адам өмірде «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек .



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!