Материалдар / Сынып сағаты Ауғанның отты жалыны 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты Ауғанның отты жалыны 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
БАСТАУЫШ СЫНЫП Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар тарихына шолу жасау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
1112
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағаты: «Ауғанның отты жалыны»

Сынып сағатының мақсаты:
Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында ауған ақиқатында және де Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар тарихына шолу жасау.Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау.Отанды ,елін сүю,еліне ,халқына қызмет етуге тәрбиелеу
Ұлттық сана ,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,әсіресе ұлттық намыс,ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру ,дағдыландыру
Күтілетін нәтиже:
Ауған соғысы туралы толық мағлұматтар алады. Оқушылардың бойында Отанға деген патриоттық сезімдері қалыптасады. Ауғанстан жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қазақстандықтар туралы мәліметтер алады
Көрнекілігі: презентация, бейнеролик.

Өткізу формасы: ZOOM платформасы
Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң

Отан – аудан ауылың.


Отан – тарих, Отан – тіл,

Жазған елің, ер халқың,

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


II. Ой қозғау

«Ауған соғысы» туралы бейнебаян үзінді

-Бейнебаян не туралы?

-Ауған соғысы туралы естігендерің бар ма?


III. «Соғыс» сөзіне ассоциация жасау (ауызша)

IY. Құнды мәлімет

«Ауғанстан тарихынан дерек» презентация арқылы архивтік деректермен таныстыру
Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
Кеңес әскелерінің жекелеген бөлімшелері Ауғанстан аумағынан шыға бастауы өте күрделі операция еді. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғаныстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер интернациональдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азаматтар елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақстандық отбасына қасірет әкелген Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. Сондықтан елімізде жыл сайын он жылға жуық созылған соғыста қаза болған ардагерлерге тағзым етіп, еске алады.
Республика бойынша Ауған соғысы ардагерлерінің отыздан астам ұйымы бар. Алматы қаласында Ауған соғысы ардагерлерінің 17 қауымдастығы бар. 2005 жылы Ауған соғысы ардагерлерінің өз құрылтайларына Қазақстанның 14 облысынан 19 ауғандық ұйым өкілі қатысты. Осы құрылтайда «Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы» құрылып, барлық ауғандық ұйымдар қауымдастыққа бірігуі керек деп бірауыздан келісті. Қазіргі кезде республика бойынша 30-дан астам ұйым осы қауымдастыққа кіреді. Кеңес әскелерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына биылғы жылы
32 жыл толды.

Y. «Жауынгер хаты»

            Бауырым, бұл хатымды аласың ба?

            Ауғанның тауларының арасында,

            Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,

            Жатырмыз ессіз-түссіз жар астында.

            Қоршаудамыз, барады айдан асып,

            Анталаған жаулармен тайталасып,

            Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,

            Шер-қайғыңды енді кімге айта аларсың?

            Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,

            Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.

            Түн ортасы басталар қанды қырғын,

            Жарылыстан-жарылыс – күл боп ұшқан.

            Күні өтеді осылай жастығымның,

            Жолдасымның естідім ақтық үнін.

            Қансырады, құлады командирім,

            Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.

            Күліп жатты жалғанның барлығына,

            Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!

            Көтергенмен рухын жауынгердің,

            Іште қалды-ау өкпесі тағдырына!

            Басқа салды, біз көндік, амал қанша?

            Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.

            Қай бұрышта қалады бас домалап,

            Алла білер, жортатын сапар қанша?

            Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,

            Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,

            Бауырым, дән риза мен болар едім,

            Осы хатым еліме барып жетсе!

            Түсімізге енеді ақ қорымдар,

            Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.

            Бәрімізде бір арман қоршаудағы;

            «Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»


Y. Дәптермен жұмыс:

Ардагерлерге тілектер, сурет салу


YI. Қорытынды:

«Енді соғыс болмасын»

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерер,
Болашаққа, алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.














Shape1 Shape2

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!