Материалдар / Сынып сағаты: "Берекелі, алтын күз!" 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты: "Берекелі, алтын күз!" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты: "Берекелі, алтын күз!" Мақсаты: Білім алушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте отырып, мәдени-шығармашылықтарын дамыта отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2022
476
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Берекелі, алтын күз!

Мақсаты: Білім алушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте отырып, мәдени-шығармашылықтарын дамыта отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ету.

Мұғалім: 1«Б» сынып оқушыларының арасында өтетін

«Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымы» байқауына қош келдіңіздер!

Жүргізуші Нұрхан: Құрметті мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар!

«Берекелі, алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші Зере: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

Жүргізуші Нұрхан: Күз-адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген.

Жүргізуші Зере: Табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.

Жүргізуші Нұрхан:

Береке, бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын жаз,

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз!

Жүргізуші Зере:

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Жүргізуші Нұрхан: Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары

Өнерлі оқушыларымыздың орындауында «Күз тамаша» әнін қабыл алыңыздар.

«Күз тамаша» әні орындалады

Жүргізуші Зере: Ортаға бүгінгі «Берекелі, алтын күз» кешінің қатысушыларын шақырамыз.

Қарсы алыңыздар.

Жүргізуші Нұрхан: Бейсибай Кәусар

Жүргізуші Зере: Есеней Абдуали

Жүргізуші Нұрхан: Хожамуратова Айзере

Жүргізуші Зере: Ризабек Ибраһим

Жүргізуші Нұрхан: Батырбай Аружан

Жүргізуші Зере: Мақсатұлы Мейрамбек

Жүргізуші Нұрхан: Құтан Нұриман

Жүргізуші Зере: Абибулла Ердәулет

Жүргізуші Нұрхан: Келесі тамашалайтындарыңыз «Күзгі вальс»

Өнерлі қатысушыларымыздан қабыл алыңыздар

Қатысушылар вальс билейді.

Жүргізуші Зере: Құрметті, кеш қонақтары!

Бүгін біздің сыныптың ақылды да, зерек оқушылары күз мезгілі туралы тақпақтарын дайындап келіпті.

Жүргізуші Нұрхан: Олай болса, назар салып күзге арналған өлең жолдарын тыңдап алайық.

Оқушылар тақпақтарын айтып шығады.

1-оқушы Ділдә

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

2-оқушы Кәусар Е.

Жеміс-жтдек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.

3-оқушы Ақайша

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз.

4-оқушы Алтынай

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

5-оқушы Сезім Р.

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді.

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

6-оқушы Арман

Жұлдыз туып таң алды,

Әнге орап ғаламды.

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды.

7-оқушы Сезім С.

Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

8-оқушы Нұрали

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

9-оқушы Айару

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта к.лімдеп,

Көз тартады атырап.

10-оқушы Алинұр

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізгі,

Қызық көп күзде.

11-оқушы Тасмин

Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

12-оқушы Айдын

Алақай! Алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты.

13-оқушы Қайсар

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

14-оқушы Дулат

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

15-оқушы Мақсат

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек.

Жапырағын жұлғызып.

16-оқушы Салауат

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

17-оқушы Нұрсұлу

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

18-оқушы Айзере П.

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Жүргізуші Зере: Сіздерді байқаудың кезеңдерімен таныстыра кетейік.

Жүргізуші Нұрхан: Бірінші кезең «Таныстыру» (видео, слайд, т.б. 2мин.)

Жүргізуші Зере: Екінші кезең «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету: ән, би, спорт т.б. 3мин.)

Жүргізуші Нұрхан: Үшініші кезең «Күзгі креативті сән үлгісі-2022» (дефиле 2мин.)

Жүргізуші Зере: Төртінші кезең «Шебер қолдар «Күз сыйы»» (күзгі композиция, жасалу жолын түсіндіру 2мин.)

Мұғалім: Қадірлі кеш қонақтары

Байқауымызды бастамас бұрын 28қараша күні Республика сарайында өтетін «Көңілді думан» концертінде мектебіміздің «Айнұр» би тобы өз өнелерін көрсетеді. Соның ішінде біздің сыныптың биші қыздары Сесерхан Сезім мен Нажиматдиин Нұрсұлу киелі сахнаға бірінші рет шығады.

Қыздарымызды билерімен ортада қарсы алыңыздар.

Мұғалім: Керемет, жарайсыңдар қыздар! Өнерлерің өрге жүзсін!

Бүгінгі кеш қонақтары «Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымы» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!

Бірінші кезең «Таныстыру»

Ортаға бірінші нөмерлі Бейсибай Кәусарды қарсы алыңыздар!

Екінші нөмерлі Есеней Абдуалиді қарсы алыңыздар!

Үшінші нөмерлі Хожамуратова Айзерені қарсы алыңыздар!

Төртінші нөмерлі Ризабек Ибраһимді қарсы алыңыздар!

Бесінші нөмерлі Батырбай Аружанды қарсы алыңыздар!

Алтыншы нөмерлі Мақсатұлы Мейрамбекті қарсы алыңыздар!

Жетінші нөмерлі Құтан Нұриманды қарсы алыңыздар!

Сегізінші нөмерлі Абибулла Ердәулетті қарсы алыңыздар!



Әділ-қазы алқалары «Таныстыру» кезеңінің ұпайлары сұралады.

Келесі кезең «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету үшін қатысушыларымызды реттік нөмерлерімен ортаға шақырамыз.

Әділ-қазы алқаларынан «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінің ұпайлары сұралады.

Келесі кезең «Күзгі сән үлгісі-2022» қатысушыларымызды креативті сән үлгілерін көрсетуге реттік нөмерлерімен ортаға шақырамыз.

Әділ-қазы алқаларынан «Күзгі креативті сән үлгісі-2022» кезеңінің ұпайлары сұралады.

Келесі кезең «Күз сыйы». Қатысушыларды өз қолдарынан жасаған күзгі композицияларының жасалу жолдарын түсіндіріп беруге реттік нөмерлерімен ортаға шақырамыз.

Әділ-қазы алқаларынан «Күз сыйы» кезеңінің ұпайлары сұралады.



Мұғалім: Соңғы кезең «Марапаттау»

«Берекелі, Алтын Күз!» мерекесіне қатысып, өз өнерлерін ортада көрсетіп, көрерменге қуаныш сыйлаған қатысушыларымызды ортаға шақырып, әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша мараппаттау рәсімін бастаймыз!

Барлық қатысқан оқушыларға, ата-аналарға алғыс білдіреміз!

Рахмет!

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!