сынып сағаты "Жарық жұлдызды Жүсіпбек"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сынып сағаты "Жарық жұлдызды Жүсіпбек"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып сағаты

«Жарық жұлдызды Жүсіпбек»

Күні

16.10.2023 ж

Класс жетекші:

Тұрсынбаева Қ.М

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жарық жұлдызды Жүсіпбек»

Сабақтың мақсаты:

Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беру. Жазушының әдеби мұрасын негізгі ерекшеліктерін ұғындыру. Оқушылардың қазақ зиялыларының өмірі мен шығармаларымен жете танысып, ізденімпаз, шығармашыл болуға, сөз өнерін қадір - қасиетімен танысуға білімдерін жетілдіру. қушыларды көркем әдебиетті оқуға, адамгершілік - рухани дүние танымын байыта білуге баулу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу

Көрнекіліктер

Жазушы өмірі жайлы слайд, сызба - кесте,

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ой шақыру.

1. Қазақтың – жазушы, ақын, сыншы, драматург, аудармашы, публицистін ата.
1. Жүсіпбектің туып - өскен жері? (Павлодар облысының, Баянауыл ауданы)
2. Жүсіпбектің ата - тегі кімдер?
3. Жүсіпбектің ауыл молдасынан ескіше оқыды?
(Жүніс қожа, Шәймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан деген кісіден сабақ алады.)
4. Баянауылда оқыған жылдары?(1907ж)
5. Екі классты орыс - қазақ мектебінде қай қалада, қай жылы оқиды?(Кереку, 1911ж.)
6. Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқыған жылдары?(1914 - 1919ж) Қ. Сатбаев - пен, М. Әуезовпен танысып бірге оқиды.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Сұрақтарға жауап береді.







Презентация










Сабақ басы (13 мин)












Семинарияда оқыған жылдары «Абай»атты журнал шығарып, «Сарыарқа» газетімен қызметтес болды.
Семинарияны бітірген соң (1919 - 1920ж) Семей губерниялық Атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, «Кедей таңы»атты газетінің редакторы болып жұмыс істейді. 1921ж. «Қазақ тілі»газетінің редакторы, 1922ж. Мұғалімдік қызметке ауысқан.
Пьесалары туралы түсінік
Жүсіпбектің сан саналы шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі - оның драматургиясы. Ол қазақ әдебиетінде төңкеріс қарсаңында ғана туа бастаған осы жанрдың да негізін салушылардың қатарында аталады. Сонымен қатар Жүсіпбек - қазақтың ұлттық театр өнерінің де бастауында тұрған адам.
1916ж. Алғаш 5перделі пьесам (Нұрғали Құлжанов ұнатпаған соң) жарыққа шықпады, оған 1916 - 1917ж. Туған пьесалары.
«Қанапия - Шәрбану»1916 - 1917ж. Пьесалар.
«Қанапия - Шәрбану»пьесалары 1926. Кітап болып басылып шыққан.
«Салиқа қыз»(1922),»Ел қорғаны»(1926ж), «Шернияз»(1926ж), «Мансапқорлар»(1922ж), «Рәбиға»(1926ж), «Қанапия - Шәрбану»(1925ж)
Ж. Аймауытов пьесалары идеялық бағыт - бағдары жағынан да, көркемдік ізденістері тұрғысында жиырмасыншы жылдар әдебиетіндегі жаңа құбылыс болып табылады. Ол жаңаның жеңісін, ескінің күйреуін суреттей отырып, өз дәуірінің жаңа адамдарын ашты, қазақ ауылындағы әлеуметтік тартыстың сырын шынайы бейнелейді.


презентация




Ортасы (20 мин)


1топ. Жүсіпбек – ақын
2 топ. Жүсіпбек – прозашы
тақырыбында топтастыру жасайды (3 - 5мин)
Ой толғау «Жүсіпбектің әдеби мұралары – ұлттық құндылығымыз»

Оқушылар екі топқа бөлініп топтастыру жасайды.



Оқушылар өз ойларын жазады.

А3 қағазы, маркерлер

Соңы






Қорытынды:

Жазушы Жүсіпбек өз еліне көп еңбек сіңірген. Аудармашы есебінде Жүсіпбек орыстың және дүние жүзілік классикалық әдебиеттің туындыларын қазақ тілінде сөйлеткен. Н. В. Гоголдің «Ревизорын», А. С. Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң серісін», Ф. Дюшеннің «Дәмелі», С. Чуйковтың «Тау еліндегі оқиға»сияқты туындыларды аударған.
Жас ұрпақты жаңа рухта, адамгершілікке, жақсы мінез – құлыққа тәрбиелеуде «Тәрбиешіге көмек», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты педагогикалық еңбектерін мен ғылыми зерттеулері мәні зор болған. Жүсіпбектің әдеби мұрасы қазақ әдебиетінің тарихи қорынан ерекше орын алатыны сөзсіз.


презентация







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2024
235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі